From Wikipedia, the free encyclopedia
Ауа массалары – тропосфераның көлбеу бағытта біртұтас болып қозғалатын ірі, біртекті бөліктері. Белдемдік орнына байланысты: арктикалық (Оңт. жарты шарда – антарктикалық), қоңыржай белдеулік, тропиктік және экваторлық болып негізгі 4 түрге бөлінеді. Әрқайсысының өзіне тән температурасы, ылғалдылығы, көріну қашықтығы, т.б. ерекшеліктері болады. Бұлардың өзі теңіздік және құрлықтық болып екіге бөлінеді. Термодинамик. сипатына қарай салқын, жылы және жергілікті болып аталады. Салқын тұрақты ауа массалары құрлық үстінде, қыста үлкен антициклон жүйесінде, жер бетінің радиациялық салқындауы нәтижесінде пайда болады. Оған Сібір антициклонында қалыптасатын Саха (Якутия) үстіндегі құрлықтық ауа массасы жатады. Ол Қазақстан климатына (әсіресе қыста) елеулі ықпал жасайды. Қыс кезінде Сібір антициклонының әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы қалыптасады. Сондықтан оны «Сібір қысы» деп атайды. Жазда Орт. Азия аумағы үстінде орнығатын тропиктік ауа массасы температурасы жоғары, өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Оны «Азиялық жаз» деп атайды.
Ауа массалары - белгілі бір жалпы қасиеттері бар және материктер мен мұхиттардың үлкен бөліктері бойынша влшенетін тропосфераның біртекті бөлігі; біртекті төселме беттің үстінде біртекті радиациялық жағдайда қалыптасады. Атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ағыстардың бірінде тұтасымен орын ауыстырады және бір-бірінен атмосфералық Шептермен бөлініп тұрады.
ауа массаларын жалпылама кинематикалық және жылылық сипаттамалары немесе олардың ошағының географиялық орны бойынша болу. Бірінші жағдайда: жылы, суық және жергілікті, ал екінші жағдайда ауа массалары арктикалық, қоңыржай ендік (полюс ауасы), тропиктік және экваторлық ауа деп бөлінеді. Бұлардың әрқайсысында ауаның теңіздік және континенттік тип тармақтары болады.
Қоңыржай ендіктің тропосферасы мен стратосферасындағы ауа массаларының, негізінен, батыстан шығысқа қарай тасымалдануы. Ауа температурасы мен атмосфера қысымының субтропиктерден полюстік ендіктерге қарай төмендеуінің салдарынан туындайды.
Ауа райының әр түрлі режімдерімен байланысты әр типтегі ауа Иссаларының қайталануын сипаттайтын климат, яғни серпінді климатологияның қарапайым нұсқасы.
1) тропиктер- пассаттар немесе полюстік ендіктер - әсіресе Антарктида маңындағы мұхит, ауаның шығыстан батысқа қарай тасымалдануы;
2) 20 км-ден жоғары бүкіл "жазғы" жарты шарымен өтетін ауаның шығыстан барайғы жазғы тасымалдануы.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.