From Wikipedia, the free encyclopedia
Негрлер (французша: nègre, испанша: negro, латынша: niger – қара деген сөзінен) – экватор нәсілді халықтардың жалпы атауы. 1) Тропиктік және Оңтүстік Африканың жергілікті халықтары. Бұларға Африкадағы көптеген тілдерде сөйлейтін алуан түрлі халықтар мен тайпалар: банту, гур, атлантикалықтар, нилоттар, т.б. жатады. Жалпы саны 230 миллион адамнан астам (2004); 2) Америкадағы Негрлер – 16 – 19 ғасырларда Африкадан еріксіз әкелінген, ақ нәсілдермен едәуір, жергілікті үндістермен ішінара араласқан, ағылшын, португал, испан, француз, голланд тілді түрлі тайпалардың ұрпақтары. Жалпы саны 110 миллион адамға жуық (оның 2/3-сі мулаттар), мұның ішінде 25 млн-ға жуығы АҚШ-та, 28 миллионға тарта адам Бразилияда тұрады. Негрлердің көбі Кариб таулы алқабына шоғырланған. Гаитиде, Ямайкада, Гайанада, Суринамда жеке халық болып қалыптасқан. Басқа елдердегі Негрлер сол елдің негізгі халықтарының құрамына кіреді. [1]
Әдебиеттер: Чебоксаров Н.Н., Чебоксарова И.А., Расы, народы, культуры, М., 1985; Харитонов В.М. и др., Антропология, М., 2003.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.