Миксобактериялар
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Миксобактериялар (Myxobacterales) (грек. myxa – кілегей және бактерия) – таяқша тәрізді аэробты бактериялар. Қозғалыс қызметін денеден бөлініп шығатын кілегей атқарады, ол бактерияны алға қарай итереді, талшығы болмайды. Микробактериялардың көпшілік түрлерінде ядро болады және даму циклында миксомицеттердің жемісті денесі сияқты ерекше кілегейлі дене түзіледі. Көлденең бөліну арқылы көбейеді. Бұлардың негізгі туыстары: Мухососсus, Archangіum, Cystobacter, Melіttangіum, Stіgmatella, Polyangіum, Chondromyces. Бұл туыстар бір-бірінен түсі, клетка көлемі және жемісті денесі арқылы ажыратылады. Миксобактериялардың көпшілігі топырақта, көңде және өсімдік қалдықтарында сапрофитті тіршілік етеді. Суда сирек кездеседі. Басқа бактериялар сияқты, бұлардың да топырақтағы күрделі органикалық заттарды ыдыратуда маңызы зор.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.