Көң – өте құнарлы органикалық тыңайтқыш. Ол мал астына төселген сабан (не сабансыз) және жас қи мен несептің қоспасы. Көңнің құрамы мен тыңайтқыштық қасиеті жануарлардың түріне, жемнің және мал астына төселген сабанның не шөптің сапасына, алу және сақтау тәсілдеріне байланысты болады. Орташа есеппен жануарлар жейтін жемнің құрамындағы 40% органикалық заттары, 50 – 70% азоты, 80%-ы фосфор, 90% калий көңге айналады. Тәулігіне әрбір жануардан алынатын көң мөлшері (килограммға шаққанда, төсенішсіз): өгіз – 40, сиыр – 55, бойдақ мал – 27, бордақыланған төл – 14 – 35 (жасына байланысты), қабандар (аталық шошқа) – 11,1, мегежін – 8,8. Көң төсеніш араласқан көң және таза көң болып бөлінеді. Төсеніш араласқан көңнің шамамен алғандағы құрамында: 0,5% N, 0,25% P2O5, 0,6% K2O, 0,35% CaO, 0,15% MgO болады. Бұл көңнің құрамы оны сақтау тәсіліне тәуелді. Таза көң суды араластыру дәрежесіне қарай: жартылай сұйық (құрғақ заттар 8%-дан артық), сұйық (3-тен 8%-ға дейін) және көңқақ (3%-дан кем) болып бөлінеді. Таза көңнің құрамы экскремент (нәжіс) құрамына тәуелді, ал ол жануарлар жасына және жем беру түріне байланысты болады. Орташа есеппен сиырлар нәжісі құрамында: 0,43% N, 0,28% P2O5, 0,5% K2O бар; осыған сәйкесті қойларда – 0,95%, 0,22% және 0,75%; тауықтың кеппеген саңғырығында – 2,2%, 2,44% және 0,64%. Көңнің тыңайтқыштық тиімділігі, оны дайындау, сақтау және топыраққа енгізу, шашу тәсіліне байланысты. Көң қоймасында текшеленіп нығыздалған көңнің құрамында органик. заттар мен азот жақсы сақталады. Шіруіне қарай көң жас көң, шала қызған, шіріген және қарашірік деп ажыратылады. Шала шіріген көңде органик. заттар 20%-ға кемиді. Оларды күздік егінге пайдаланған тиімді. Әбден шіріген көңде органик. заттың 50%-ы жоғалады. Қарашірік–борпылдақ, топырақ тәрізді зат. Мұны, көбінесе, көкөністерді (қияр, сәбіз, қызанақ, капуста, т.б.) тыңайту үшін қолданады. Қойдың кепкен қиы мен сиырдың тезегі отын ретінде де пайдаланылады. Көң сақтатйтын орын – көң қоймасы деп аталады.[1]

Thumb
Жылқының көңі

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.