From Wikipedia, the free encyclopedia
Ли Бай (немесе Елдібай, Ілебай; қытайша: 李白; пінин: Lǐ Bái / Lǐ Bó) (701—762) — Қытайдың ұлы ақыны. Ол өз өмірінде тоғыз мың шумақ өлең жазған, «жыр періштесі» деген атаққа ие болған.
Ли Байдың туған жері туралы талас коп, бірақ Қытайдың деректері бойынша Сұяб[1] қаласында туған, Сұябты қытайлар Шу өзені бойында болғаны үшін Шуйе деп атаған.
5 жасынан әкесіне ілесіп Қытайға келген Ли Бай ақындық өмірін Қытайда өткізді, тірісінде ат мініп, ел аралап, шарап ішуді ұнатар еді.
Ақыры Янцзы өзенінде қайықта мас болып, судағы айдың сәулесін құшамын деп суға ғарық болып өледі.
Сағыныш | |
床前明月光 | Ай нұры түскен төсегім |
疑是地上霜 | Боз қырау болып көрінді . |
举头望明月 | Аспанда айға қарадым, |
低头思故乡 | Еңкейдім, ойлап елімді. |
Мұң | |
美人卷珠帘,深坐颦蛾眉 | Қатыңқы қабақ сол сұлу, пердесін баяу қайырды, |
但见泪痕湿,不知心恨谁 | Көңілде мұң көзде жас, білмеймін неге қайғырды? |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.