From Wikipedia, the free encyclopedia
Көк кит, көкшіл кит немесе блювал (лат. Balaenoptera musculus) — жолақала киттер тұқымдасының теңіз жануары. Жер шарындағы ірі жануар, ұзындығы 33 м, салмағы 150 т, ал жүрегінің салмағы 1 тонна. Денесі, қара-сұр, көкшіл реңді, ақшыл сұр дақтары және мәрмәр өрнекті. Кит мұртының тақташасы қошқыл-қара, биіктігі 1 м дейін, саны 350- 400 жұп. Таңдайы қара. Арқа жүзбеқанаты кішкентай, денесінін артқы бөлігінде орналасқан. Арктикадан Антарктикаға дейін таралған. Азығы, планктонды шаянтәрізділер. Жыныстық жетілуі 4-6 жасында аяқталады, буаздығы 12 аптаға созылады. Солтүстік Атлантика бөлігінде 1960 жылдан бастап оларды аулауға тиым салынған, ал Антарктикада 1965 жылдан және Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде 1966 жылдан бастап. ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына енгізілген.[2]
Көк кит | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ересек көк кит
| ||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Balaenoptera musculus (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||||
Ареал (көк)
| ||||||||||||||||
Түршелері | ||||||||||||||||
|
Жердегі ең үлкен жануар піл болса, сол пілдердің салмағы ары кеткенде 4 тонна тартады. Ал, көк киттің тілінің өзі 4 тонна болады екен.
Тағы бір айта кетерлігі, адам киттің тамырларының ішінде емін-еркін сырғанай алады екен. Бұл да киттің үлкендігін көрсетіп тұр.
Көк киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл автокөліктің көлемімен бірдей, салмағы 1 тоннаға дейін жетеді екен. Сол алып жүрек күніне 8000 мың литр қанды аналдырып тұрады.
Киттің жаңа туған баласының денесі 8 метрге дейін жетуі мүмкін. Оны анасы күніне 350 литр сүтін беріп өсіреді екен.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.