Корсика (фр. Corse; итал. Corsica) — Жерорта теңізінің солтүстік бөлігіндегі арал, Францияның бір департаменті. Ауданы 8,7 мың км². Тұрғындары 269,8 мың (1998), негізінен, корсикалықтар. Ұзындығы 183 км, ені 85 км. Батыс және оңтүстік жағасы тік, жартасты, шығыс және солтүстік жағасы жайпақ. Граниттен, сазды тақтатастан түзілген. Аралдың көп жерін тау (Мон-Сенто, 2706 м), шығыс бөлігін жағалаулық ойпат (ені 10 км-дей) алып жатыр. Климаты жерортатеңіздік, қаңтардың орташа температурасы 12 – 13 С, шілдеде 24 – 26 С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 600 – 1200 мм. 500 – 700 м-ге дейінгі биіктігінде бұталар (маквис), тас емені, қарағайлы орман, одан жоғарыда каштан, емен, 1900 м биіктігіне дейін шамшат, қарақарағай, қандыағаш, 2000 м шамасында субальпілік, альпілік шалғын өседі. Аңғарлар мен жағалауда субтропиктік дақылдар, жүзім, апельсин, бақша өсіріледі. Басты қаласы және порты – Аяччо. Аяччо қаласында әйгілі француз қолбасшысы Наполеон Бонапарт туған.
Аймақ | |||||
Корсика | |||||
фр. Corse корс. Corsica итал. Corsica | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Енеді |
2 департамент, 5 округ, 52 кантон және 360 коммуна | ||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Кеңестер президенті |
Поль Джакобби | ||||
Префект |
Стефан Буйон | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
42°09′00″ с. е. 09°05′00″ ш. б.42.15000° с. е. 9.08333° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Жер аумағы |
8 680[1] км² (21-ші орын) | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ |
8,17 млрд еуро[2] (2012) (25 523 еуро орын) | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
314 486[3] адам (2011)(22-ші орын) | ||||
Тығыздығы |
36,23 адам/км² (22-ші орын) | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
ISO 3166-2 коды |
FR-H | ||||
Корсика Ортаққорда |
Галерея
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.