Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кордоба (ис. Córdoba [ˈkorðoβa]) — Оңтүстік Испания мемлекетіндегі Андалусия ауданындағы қала. Кордова қаласы Сьерра-Морена тау жотасының баурайында, Гвадалквивир өзенінің оң жағалауында, шұрайлы және өте ыстық аймақта орналасқан; Кордова провинциясының астанасы. Қала Ежелгі Рим үстемдігі кезінде құрылған.
Қала | |||||
Кордоба | |||||
Córdoba | |||||
Гвадалквивир арқылы өтетін римдік көпір | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Автономиялық бірлестік | |||||
Провинция | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
37°53′ с. е. 4°46′ б. б.37.883° с. е. 4.767° б. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
б.з.д. 152 жыл | ||||
Бұрынғы атаулары |
Кордуба | ||||
Жер аумағы |
1252 км² | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
328 547 адам (2010) | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Пошта индексі |
140xx | ||||
Кордоба шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Кордоба |
Бүгінгі таңда Кордова 321 мың тұрғыны бар орта көлемдегі қазіргі заманғы қала. Кордова – Иберия түбегінің түгелге жуық аумағын алып жатқан Кордова халифатының астанасы болған және бұл қалада сол заманның ескерткіштері көп.
VIII ғасырда Кордова Испаниядағы араб үстемдігінің орталығына айналды.
Өзінің гүлдену кезеңіне 1 млн-дай халқы, сарайлар, мешіттер, керуен-сарайлар бар кезде Х ғасырда жетті, және араб ғылымының, поэзиясының, өнерінің орталығы болды. Кордова, халифат құлағаннан кейін, 1236 жылы Фердинанд III қаланы бағындырғанға дейін мұсылмандардың қол астында болды.
Еуропалық Одақтың бастамасы — Еуропаның мәдени астанасы — Кордобаны да шалып өтті. Қала 2016 жылы аталған мәртебені иемдену құқығына үміттеніп отыр.
2011 жылдың 25-ші тамызында көп күндік Вуэльта велосипед жарысының 6-шы кезеңі аяқталды.
Кордова – әйгілі философтар мен ақындардың туған жері: Сенека стоицизм философиясын жақтаушы және оның немере інісі Лукан, араб философы Аверроэс, еврей теологы Маймонид. Кордовада астроном Аз-Заркали (1029—1099) жұмыс істеген. Сонымен қатар, Кордова көрнекті фламенко әртістерімен танымал.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.