From Wikipedia, the free encyclopedia
Жасуша теориясы (клеточная теория); (гр. teoria cellulae cellula — жасуша және теория) — жасушалар туралы биологиялық жалпы қорытынды, ғылыми тұжырым. Жасуша теориясының негізін қалаған неміс ғалымы Т. Шванн (1838-1839ж.). Жануарлар жасушасын зерттеген Т. Шванмен қатар, Жасуша теориясын жасауға өсімдіктер жасушаларын зерттеген М. Шлейден де атсалысты. Өздеріне дейінгі ғалымдар еңбектері бойынша жинақталған деректер мен өздерінің ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Т. Шванн мен М. Шлейден жануарлар мен өсімдіктер ағзадағы органикалық табиғатының біртекті екендігін көрсете білді. Жасуша теориясы XIX ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады.
Тірі ағзалардың жасушалық құрылымының ашылуы – күрделі оптикалық аспаптардың (микроскоптардың) ойлап табылуымен тығыз байланысты болды. Өсімдік ұлпасының жасушалық құрылымын бірінші болып 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р. Гук (1635 – 1703) ашқан. Өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының жасушалық құрылымын Р. Гуктің замандастары италиялық ғалым М. Мальпиги (1628 – 1694), ағылшын ботанигі Н. Грю (1641 – 1712), т.б. өз зерттеулерінде дәлелдеген (1671). Клетка теориясысының қалыптасуына чех ғалымы Я. Пуркине (1789 – 1869) үлкен үлес қосты. Ол жасушаның негізгі қызметтік бөлігі жасуша қабықшасы емес, оның ішіндегі протоплазма екендігін дәлелдеді.
Өсімдік жасушасы протоплазмасындағы ядроны ағылшын ботанигі Р. Браун (1773 – 1858) ашты (1830). Дегенмен ядроға көп көңіл бөлген және оны жасуша құратын цитобласт деп анықтама берген неміс ботанигі М.Шлейден (1804 – 81). Шлейден теориясын одан әрі талдап, Клетка теориясысын құруда неміс зоологы Т. Шванның (1810 – 82) еңбегі зор болды. Ол жануарлар мен өсімдік жасушасы құрылымын салыстыруда ядроның маңызы үлкен екенін анықтады. Клетка теориясының бұдан кейінгі дамуы протоплазма мен жасуша бөлінуі ашылуына байланысты болды. 19 ғ-дың орта кезінде неміс патологы Р. Вирхов (1821 – 1902) патологиялық құбылыстарды Клетка теориясы тұрғысынан қарастырып, жасушадағы ядроның маңызы аса зор екеніне көз жеткізіп, жасушалардың бөліну арқылы көбейетіндігін дәлелдеп берді. Тұқым қуалау белгілерінің сақталуы мен ұрпақтан ұрпаққа берілуін жасуша ядросы басқаратынын Э. Геккель анықтады (1866). 1970 – 80 ж. барлық жасушалы ағзаларға тән жасуша бөлінуінің тәсілі митоз ашылды. Қазіргі кезде Клетка теориясы көп жасушалы азғалар бірлескен жеке жасушалардан тұрады және олардың өзара байланыстылығынан ағзаның тұтастығы туады деп тұжырымдайды. Организм құрылысы күрделіленген сайын, оның тұтастық қасиеті анық байқалып, ол жануарларда жүйке, гуморалдық жүйелер, ал өсімдіктерде жасушалардың цитоплазмалық байланысы арқылы жүреді. Қазіргі заманғы электрондық микроскоп арқылы алынған ғыл. мәліметтер Клетка теориясысын одан әрі байытып, барлық тірі ағзалардың құрылымдық және қызметтік бірлігі – жасуша екендігін одан әрі дәлелдей түсті.
Вермель Е.М.,[2], М., 1970;
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.