From Wikipedia, the free encyclopedia
Роберт Гук(ағылш. Robert Hooke;1635 - 1703) - әйгiлi ағылшын жаратылыстанушы, ағылшын Уайт аралында Фрешуотер деген жерде жергiлiктi шiркеудiң аға попы жанұясында дүниеге келдi. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi. Университеттегi мұғалiмдердiң бiрi Р.Бойльге эксперименталды зерттеулерiне ассистент (көмекшi) ретiнде Г. Роберттi ұсынады. Бойль мен Гук ынтымақтастығы нәтижелi болды. Гук бала кезінен ден саулығымен нашар болған. Дәрігерлер Гук көп өмір сүре алмайды деп ойлаған,бірақ қателескен ол 67 жыл өмір сүрген. Оны білген адамдар оның мінезін ашушан,ұрысқақ деп айтқан. Роберт Исаак Ньютонмен қақтығысып қалатын. Содан гөрі Ньютон Гук қайтыс болған сон сонын суретін жойып жіберген деп есептейтін.
Robert Hooke | |
---|---|
Portrait of Hooke, 2004. | |
Туған күні, жері |
18 шілде 1635 Freshwater, Isle of Wight, England |
Қайтыс болған күні, жері |
Наурыздың 3 1703 (aged 67) London, England |
Зерттеу салалары | Physics and chemistry |
Интитуттары | Oxford University |
Alma mater | Christ Church, Oxford |
Academic advisors | Robert Boyle |
Еңбегі үшін әйгілі |
Hooke's Law Microscopy applied the word 'cell' |
Influences | Richard Busby |
1662 ж. Бойльдың көмегiмен Гук Лондонның Корольдiк қоғамына көрсетушi қызметiне орналасады. Бiрақта Гуктың басты мақсаты ғылыми зерттеулер едi. Гук алғашқы жеке өзi жазған каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн 1661 жылы жариялады. Кейiн ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi. Әрбiр осы салаларға ол өзiнiң үлкен үлесiн тигiздi.
Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кетедi, бұл ойлары үшiн ол жарықтың толқындық теориясын қалаған ғалымның бiрi болып саналады.[1]
1666 жылдан бастап көп жылдар бойы Лондонның Корольдік қоғамына, әртүрлi жаратылыстану мәселелерiне арналған лекцияларын оқиды. Бұл лекцияларда Гук өзiнiң зерттеулерiнiң нәтижелерiн және басқа ғалымдардың еңбектерiне анализдерiн баяндайды. Лекцияларының бiрi серпiмдiлiк мәселерiне арналды. Серпiмдiлiктiң түсiнiктемесiнiң кең түрде түсiнiк беруi (Гук терминi боиынша «қайтарушы күш») оны жалпы заңды орнатуға алып келдi, бұл заң Гук атымен аталады. Гуктың теориялық қорытындысы эксперименттермен дәлелденiлiп келетiндiктен оның серпiмдiлiк заңы ешқашан күдiк тудырмады.
Әйтсе де Гуктың жан-жақты ғылыми қызығушылығының терiс нәтижелерi де болды. Ол өзiнiң зерттеулерiн жиi аяғына дейiн жеткiзбейтiн, мысалға, Ньютонның бүкiл әлемдiк тартылыс заңына негiз салған болатын, Гук 1674 ж. Ньютонның көз қарасына сәйкес көз қарастары жарияланған.
Бiрақта ғылымға деген шынайы берiлгендігi арқасында, өзiнiң қиын мiнезiне қарамастан Гукты Англияда ғана емес, Еуропада да құрметтейтiн.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.