Карл, Ұлы Карл лат. Carolus Magnus, нем. Karolus Magnus, нем. Karl der Große, фр. Charlemagne, (2.4.742 – 28.1.814) – Франк империясының королі (768 – 814, 800 жылдан император), Каролингтер әулеті билігінің негізін қалаушы. 768 жылы Франк корольдігі бір бөлігінің королі атанды (екінші бөлік оның ағасы Карломанның иелігінде болды).

  • 771 жылы біріккен Франк корольдігінің билеушісі болды.
  • Ол көршілеріне қарсы үздіксіз соғыс жүргізіп (773 – 774; 776 – 777 жылы лангобардтарға қарсы, 788 жылы бавар герцогы Тассилонға қарсы;
  • 777 – 804 жылдары сакстарға қарсы;
  • 796 – 810 жылы Испанияда арабтарға қарсы, 791 – 799 жылы аварларға қарсы, 789 – 806 жылы батыс славян тайпаларына қарсы, тағы басқа), көптеген жерлерді жаулап алды;
  • Кең байтақ Франк империясын құрды;
  • 800 жылы Рим папасы Лев III оны император деп жариялады. Империясы көптеген халықтар мен тайпалардан тұрды.
Quick Facts Ұлы Карл, Тақта отыру жылдары ...
Ұлы Карл
Rex Francorum (Франк королі)
Rex Longobardorum (
Лангобард королі)
Imperator Romanorum (
Император Римлян)

Thumb
Ұлы Карл, by Альбрехт Дюрер
Тақта отыру жылдары 768–814
Нуайон, 9 қазан 768 ж.
Павия, 10 шілде 774 ж.
Рим, 25 желтоқсан 800 ж.
Ізашары Пипин Короткий
Ізбасары Людовик I Благочестивый
Әкесі Пипин Короткий
Анасы Бертрада Лаонская
Туған күні 2 сәуір 742 ж. (?)
Льеж
Қайтыс болған күні 28 қаңтар 814 ж. (aged around 71)
Ахен
Жерлеу рәсімі Ахенский собор
Close

Ол шекараларды бекітіп, орталықтың билігін нығайтуға тырысты. Жергілікті жерлердегі қолдарында әскери-әкімшілік билігі бар графтардың үстінен мемлекет өкілдер (mіsgі domіnіcі) арқылы жиі-жиі тексерулер жүргізді. Иелігіндегі барлық халықтарға орындауға міндетті көптеген заңдар шығарды. Католик шіркеуіне сүйеніп, шіркеу қызметкерлерін жоғары мемл. лауазымдарға көтерді, епископ сайлауын өзі жүргізіп, жаңадан басып алынған жерлердің тұрғындарын бағындыруды қолға алды. Бірақ ол біртұтас мемлекет құра алмады. Ол өлгеннен кейін көп ұзамай немерелері империяны үшке бөліп алды (843). Осы бөлінген үш иелікте Батыс Еуропадағы жетекші 3 мемлекет (Франция, Германия, Италия) қалыптаса бастады. Карл тұсында Еуропада мәдениет біршама уақытқа қайтадан гүлденіп, ол “Каролингтік өрлеу” деп аталды.[1]

Thumb
Һарун әр-Рашид receiving a delegation of Ұлы Карл in Бағдат, by Julius Köckert

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.