Каллаур Василий Андреевич (1838 жылы туған – 1918 немесе 1919 ж. ө.) – шығыстанушы, Әулиеата қаласының белгілі зерттеушісі. Археология әуесқойларының түркістандық үйірмесіне белсене қатысушы.
Каллаур Қазан төңкерісі қарсаңында қазақ халқының тарихы жөнінде нақты материалдарды жинастыруға көп еңбек сіңірді. Ширек ғасыр бойы ежелгі Қазақстанның археологиясын зерттеп, жергілікті өлкетанушылармен бірге археолия. ірі жаңалықтар ашты. Каллаур 1876 жылдан Әулиеата уезінің, 90 жылдардың аяғынан бастап Перовск уезінің бастығы болды. 1908 – 1909 ж. ш. Киевке ауысты. Жетісудағы ежелгі түркі сына жазуларын алғаш ашты. Бұл Талас өзіні алқабындағы Айыртам – Ой қыстауынан табылған тастағы жазу еді. Осы аса маңызды археолия жаңалық жөніндегі хабар Ресей археолия қоғамы шығыс бөлімшесінің жазбаларында басылды. Жазу (С.Е. Маловтың пікірі бойынша ең кемінде 8 ғасырға жатады) Жетісудағы ежелгі түркі тайпаларының мәдениет дәрежесі жоғары болғанын көрсетеді. Каллаур Қазақстанның оңтүстігіндегі көптеген археология ескерткіштерді тізімге алып, тарихи топография мен топонимика тұрғысынан зерттеді. Ол Әулиеата уезіндегі сауда жолдарының жоспарын жасап, оларды Тараздан Шығыс Түркістанға қарай асатын ежелгі жолдармен жалғас деп есептеді және жолдар бойындағы араб жол анықтамаларында көрсетілген ежелгі жер аттарын зерттеушілердің карталарындағы қазіргі аттарымен, тұрған жерімен салыстыруға тырысты. Осы жолдың батыс шегіндегі – Тараздан Исфиджабқа (Сайрамға) дейінгі қала орындарына сипаттама жазып, оларды жазба деректемелердегі ежелгі қалалармен ішінара салыстырып, Әулиеата бекінісінің жоспарын жасады. Бұл жоспар бертін келе ежелгі Таразды зерттеушілерге көп көмек тигізді. Талас өзені бойындағы үлкен магистральды канал мен одан тарайтын арықтар жүйесін, ондағы күзет бекіністерін зерттеді. Сырдария бойындағы қалалардың тарихы жөнінен құнды материалдар жинады. Көптеген бекіністер мен қорғандардың қираған орындарында (Сунақата, Асанас, Құймакент, т.б.) зерттеулер жүргізді. 1901 – 1902 жылы Перовск уезінің Сауран, Приречной, т.б. болыстарындағы қираған ежелгі қалалардың орнын барлап, картаға түсірді. Жаңадария өңіріндегі ежелгі қалалар мен елді мекендерді сипаттап жазды. Каллаур Қазақстанның оңтүстігіндегі архитектор ескерткіштер (Әулиеатадағы Қарахан мазары, Талас өзені бойындағы Ақ Кесене, Көк Кесене бекіністері, Сығанақ жанындағы Айша бибі мавзолейі, Көккесене мавзолейі, ежелгі Қазақстанның басқа да архитектура ескерткіштері) жайында құнды деректер қалдырды. Каллаур орта ғасырдағы шығыс қолжазбаларын, акт материалдарын, халық аңыздарын (мыс., Ақыртас құрылысы жөнінде) және т.б. фольклорлық материалдар жинаушы ретінде де танымал. Қазақстандың еңбектерін В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, Қазақстанның орта ғасырдағы тарихын зерттеуші басқа да ғалымдар жоғары бағалады.[1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.