Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Айша бибі (ХІ - ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек , әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.
Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді.
Сол аңыздың айтуынша, Айша бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Бабаджа-Хатунды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді.
Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі.
Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады.
Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: « Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты.
Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді.
Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде.[1]
Айша бибі — шамамен 11-12 ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі — Айғожа. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады. Келін болып босаға аттамаса да, уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады. Халық Айша бибіні әулие санатына қосып, табынады. Айша бибі хикаясын зерттеген тараздық журналист Б.Әбілдаев “Айша бибі” деген пьесасын жазды.
Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед (Тараз қаласындағы кесене Шах-Махмұд Харун Бұғра Қарахан құрметіне тұрғызылған) қыз балаға үйленгісі келді, алайда Айшаның әкесі бұған келісім берген жоқ. Екі жастың қосылуына Айша Бибінің әкесі қарсы болып: «Сені Қарасудың бойында қара жылан шағып өлтірсін», – деп теріс батасын береді. Айша Бибі қара судың бойында, уәделескен жерде Қараханды күтіп, суға түсіп, жуынып жатқанда қара жылан шағады, Айша Бибі жан тәсілімін бермей Қараханды күтіп жатады. Жанында болған серігі, тәрбиеші әйел Бабаджа-хатун шапшаң қалаға жетіп, Қарахан батырға хабар береді. Батыр шауып келіп хал үстінде жатқан қалыңдығын көріп, молдаға тездетіп, Айша екеуінің некесін қиюға әмір етеді. Неке рәсімі аяқталған сәтте, ару қыз батырдың қолында жан тапсырады. Осындай қатігездікті түсінбеген көпшілік Айша бибінің әкесінен сұрайды: «Сіз неге өз қызыңызға теріс батаңызды бердіңіз?». Сонда байғұс әке: «Осы сұрақты халқымның қоятынын біліп едім. Себебі, Қарахан батыр – өмірі ат үстінде, елдің шетінде, жаудың бетінде, желдің өтінде, қырғын қантөгісте өтеді. Қарахан соғыста қаза тапса, зиярат етуге бара алмаймын, баламның жастай жесір қалуын қаламап едім, Алла тілеуімді берді»,– деп өкініштен өзегі өртенген сорлы әкенің жауабы осы болыпты. Өкінішке орай, әмірші Айшамен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Некелі жарынан айрылған Қарахан батыр дәл сол жерге ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі Бабаджа-Хатун өмірінің соңына дейін кесененің сақтаушысы болды. Күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі Айша Бибіден 20 қадам жерде кесенесі орналасқан.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.