Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Интертото Кубогы - 1995-2008 жылдар арасындағы Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Кубогы турнирлеріне жолдама алмаған командалар арасында, УЕФАның ұйымдастыруымен өткізілетін, жазғы, клубтық турнир. Кубок жеңімпаздары (2006/2007 маусымға дейін 3, кейін 11) УЕФА Кубогына жолдама алады.
Кубок ұйымдастырушысы болып Жәрмеңке Кубогының қалаушысы швейцариялық Эрнст Том мен аустриялық жаттықтырушы Карл Раппан болып табылады. Кубоктың алғашқы маусымы букмекерлік кеңсе қолдауымен 1961 жылы басталды.
Турнир алғашында Халықаралық Футбол Кубогы деп аталды. Оны УЕФА мойындамай, ресми мәртебесі болмады. Кубок топтық кезең, плей-офф және финал бойынша өткізлді. 1967 жылдан бастап турнирде плей-офф және финал өткізілмейтін болды, сондықтан дара жеңімпазы болмайтын болды.
1994 жылдан бастап УЕФА турнирді өз қолына алды, сонымен қатар турнир қалпын өзгертті. Ендігі кезекте турнир жеңімпаздары (алғашқы маусымда екеу, кейін үшеу) УЕФА Кубогына жолдама алатын болды. Еуропаның көптеген клубтары УЕФА Кубогына қатысуға тағы мүмкіндік алып қана қоймай, халықаралық кездесулерде тәжірибе жинады.
2006 жылы УЕФА турнирдің қалпын қайта өзгертті. Енді турнир жеңімпазы 3 емес 11 команда атанатын болды.
2007 жылдың қараша айында УЕФА-ның атқарушы комитеті 2009 жылғы маусымнан бастап Интертото Кубогын жауып тастауға бел буды.
2006/2007 жылғы маусымнан бастап турнирдің форматы өзгерді. Турнирде 5 кезеңнің орнына 3 кезең өткізілетін болды, ал жеңімпаздар саны 3-тен 11-ге ұлғайды. Турнирдің 11 жеңімпазы УЕФА Кубогының екінші квалификациялық кезеңінен бастайтын болды. Енді әр елден тек 1 команда қатыса алады.
Турнир жеребесі УЕФА коэффициенттер кестесіне қарай өткізілетін болды.
1-ші кезеңде УЕФА коэффициенттер кестесінде 23-ші орыннан 53-ші орында (Лихтенштейн, Сан-Марино және Андорра елдерінен басқа, олар турнирге мүлдем қатыспайды) тұрған елдердің клубтары бастайтын болды, барлығы 28 елден 28 команда. 2-ші кезеңде УКТ 9-шы орыннан 22-ші орында тұрған елдердің клубтары бастайтын болды, барлығы 14 елден 14 команда. 3-ші кезеңде УКТ 1-ші орыннан 8-ші орында тұрған елдердің клубтары бастайтын болды, барлығы 8 елден 8 команда.
Ескертпе:
Жыл | Жеңімпаздар | |||
---|---|---|---|---|
2007 | Ланс | Блэкберн Роверс | Гамбург | Сампдория |
Атлетико Мадрид | Лейрия | Оцелул | Рапид Вена | |
Ольборг | Хаммарбю | Тобыл |
Ескертпе:
Жыл | Жеңімпаздар | |||
---|---|---|---|---|
2006 | Ньюкасл | Твенте | Оденсе | Этникос |
Осер | Кайсериспор | Грассхопперс | Олимпик Марсель | |
Герта | Рид | Марибор |
Ескуртпе:
Жыл | Жеңімпаздар | Финалистер | Есеп |
---|---|---|---|
2005 | Гамбург | Валенсия | 1-0 (ү), 0-0 (с) |
Ланс | Клуж | 1-1 (с), 3-1 (ү) | |
Олимпик Марсель | Депортиво | 0-2 (с), 5-1 (ү) | |
2004 | Лилль | Лейрия | 0-0 (ү), 2-0 (с) қос. |
Шальке 04 | Слован Либерец | 2-1 (ү), 1-0 (с) | |
Вильяреал | Атлетико | 2-0 (ү), 0-2 (с), п. 3-1 | |
2003 | Шальке 04 | Пашинг | 2-0 (с), 0-0 (ү) |
Вильяреал | Херенвен | 2-1 (с), 0-0 (ү) | |
Перуджа | Вольфсбург | 1-0 (ү), 2-0 (с) | |
2002 | Малага | Вильяреал | 1-0 (с), 1-1 (ү) |
Фулхэм | Болонья | 2-2 (с), 3-1 (ү) | |
Штутгарт | Лилль | 0-1 (с), 2-0 (ү) | |
2001 | Астон Вилла | Базель | 1-1 (с), 4-1 (ү) |
Пари Сен-Жермен | Брешия | 0-0 (ү), 1-1 (с) | |
Труа | Ньюкасл | 0-0 (ү), 4-4 (с) | |
2000 | Удинезе | Сигма | 2-2 (с), 4-2 (ү) |
Сельта | Зенит | 2-1 (ү), 2-2 (с) | |
Штутгарт | Осер | 2-0 (с), 1-1 (ү) | |
1999 | Монпелье | Гамбург | 1-1 (ү), 1-1 (с), п. 3-0 |
Ювентус | Ренн | 2-0 (ү), 2-2 (с) | |
Вест Хэм Юнайтед | Мец | 0-1 (ү), 3-1 (с) | |
1998 | Валенсия | Зальцбург | 2-0 (с), 2-1 (ү) |
Вердер | Воеводина | 1-0 (ү), 1-1 (с) | |
Болонья | Рух | 1-0 (ү), 2-0 (с) | |
1997 | Бастия | Хальмстад | 1-0 (с), 1-1 (ү) қос. |
Лион | Монпелье | 1-0 (с), 3-2 (ү) | |
Осер | Дуйсбург | 0-0 (с), 2-0 (ү) | |
1996 | Карлсруэ | Стандард | 0-1 (с), 3-1 (ү) |
Генгам | Ротор | 1-2 (с), 1-0 (ү) | |
Силькеборг | Сегеста | 2-1 (с), 0-1 (ү) | |
1995 | Страсбур | Тироль | 1-1 (с), 6-1 (ү) |
Бордо | Карлсруэ | 2-0 (с), 2-2 (ү) |
Ескертпе:
Бұл жылдары ешкім жеңімпаз атанған жоқ, тек топтық кезеңдер өткізілді.
60-шы | 1967 | 1968 | 1969 | |||||||
70-шы | 1970 | 1971 | 1972 | 1973 | 1974 | 1975 | 1976 | 1977 | 1978 | 1979 |
80-ші | 1980 | 1981 | 1982 | 1983 | 1984 | 1985 | 1986 | 1987 | 1988 | 1989 |
90-шы | 1990 | 1991 | 1992 | 1993 | 1994 |
Маусым | Жеңімапаз | Финалист | Есеп |
---|---|---|---|
1966/67 | Айнтрахт | Интер Братислава | 1-1, 3-2 қос. |
1965/66 | Локомотив Лейпциг | Норрчёпинг | 4-0, 0-1 |
1964/65 | Полония Бытом | Лейпциг | 5-1, 0-3 |
1963/64 | Словнафт Братислава | Полония Бытом | 1-0 |
1962/63 | Словнафт Братислава | Падуя | 0-0, 1-0 |
1961/62 | Аякс | Фейеноорд | 4-2 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.