тек, ата-тек, әулет есім From Wikipedia, the free encyclopedia
Заха Мохаммад Хадид (араб.: زها حديد ; ағылш. Zaha Mohammad Hadid ; 31 қазан 1950, Бағдат, Ирак — 31 наурыз 2016, Майами, АҚШ) — шығу тегі ирактық британ сәулетшісі және дизайнері. Деконструктивизм қозғалысының тұлғасы.
Заха Хадид | |
Заха Мохаммад Хадид (араб.: زها حديد) | |
Жалпы мағлұматтар | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Жұмысы мен жетістіктері | |
Білімі |
Бейруттың Америкалық университеті, Сәулет мектебінің сәулет қауымдастығы (Лондон) |
Жұмыс істеген қалалар |
Лондон, Берлин, Инсбрук, Копенгаген, Цинциннати, Нью-Йорк, Мәскеу, Сарагоса, Рим, Баку |
Сәулет стилі | |
Басты құрылыстары |
MAXXI, Су спорты түрлері орталығы (Лондон), Гейдар Әлиев орталығы |
2004 жылы Притцкер сыйлығына ие болған алғашқы әйел-сәулетші. Сонымен қатар, 2010 және 2011 жылдары Стирлинг сыйлығының иегері - Ұлыбританиядағы ең беделді сәулет сыйлығы. Британ империясы орденінің Ханым-Командоры (2012).
Заха Хадид жоғарғы таптағы сүниттік отбасында 1950 жылдың 31 қазан күні Ирактың астанасы Бағдатта дүниеге келді. Оның әкесі, Мухаммад аль-Хадж Хусайн Хадид, Мосул қаласында бай өнеркәсіп иесі болған. Ол 1930 және 1940 жылдары аралығында елеулі саяси қауымдастық болып табылатын аль-Ахали сол жақ либерал тобының негізін қалаушысы. Сонымен қатар, ол Ирактағы ұлттық-демокртаиялық партияның негізін салушыларының бірі. Анасы, Ваджиха аль-Сабунчи Мосул қаласында дүниеге келген суретші. 1960-шы жылдары, әкесі Заханы және оның екі ағасын Еуропаға жібереді, олар Англия мен Швецарияда орналасқан миктеп-интернатына жиі баратын.
Кейін, 1972 жылы Заха Хадид, Сәулет мектебінің сәулет қауымдастығына түсер алдында, Ливанға көшіп, Бейруттың Америкалық университетінде математиканы оқыған. Сонда ол Рем Колхаспен, Элиа Зенгелиспен және Бернар Чумимен танысады. 1977 жылы университетті бітіргеннен соң, ол өзінің бұрынғы мұғалімдермен бірге (Зенгелис және Колхас) Роттердамдағы (Нидерландылар) Қалалық сәулет басқармасында (Office for Metropolitan Architecture (OMA)) жұмыс істеген. Колхаспен жақын қарым-қатынасы арқасында, ол инженер Питер Райсты кездестіреді. Питер оған қыин кездерде қолдау көрсетіп, шабыттандыратын.
2016 жылдың 31 қараша күні Майами қаласында бронхиттен емделу кезінде жүрек ұстамасынан қайтыс болды[1][2][3].
1980 жылы Хадид Лондонда өзінің жеке сәулет агентігінің негізін қалады.[4] Оның халықаралық беделі 1988 жылы Нью-Йорк қаласындағы заманауи өнер мұражайында Филип Джонсон және Марк Вигли жетекшілік еткен "Сәулеттегі деконструктивизм" жаңашылдық көрмесінде әсерлі сәулет суреттерін қойғаннан кейін едәуір жоғары көтерілді.
1980-ші жалдарының ортасында, Хадид Гарвард университетіндегі жоғарғы дизайн мектебінің Кензо Танге меңгерген кафедрасында білім берген. 1990-шы жылдары, Иллинойс университетіндегі Чикаго сәулет мектебінің профессоры болған. Әртүрлі уақтта, ол Гамбургтегі Бейнелеу өнері университетінде (Hochschule für bildende Künste Hamburg (HFBK Hamburg)), Огайо Ұлттық университетіндегі Ноултон сәулет мектебінде, Колумбия университетіндегі Шеберлер студиясына және Йель сәулет университетіндегі Сәулет дизайннің арнайы профессоры ретінде шақырылған еді.
Хадид Америкалық өнер және әдебиет академиясының және Америкалық сәулетшілер институтының құрметті мүшесі. Ол сәулет қорындағы қамқоршылар кеңесінің мүшесі болған.[5]
2006 жылы Нью-Йорктегі Гуггенхайм мұражайында Заха Хадид жұмыстарының ретроспективасы өтті. Бұл құрметке тек қана екі сәулетші ие болды - Заха Хадид және Фрэнк Гери. Сонымен қатар, сол жылы ол Бейруттегі Америкалық университетінің құрметті атағына ие болды. 2008 жылы Хадид Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды әйелдер арасында 69-шы орынға ие болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.