From Wikipedia, the free encyclopedia
Жапония Ұлттық футбол құрама командасы — Жапонияны халықаралық матчтар мен футболдан өтетін турнирлерде ұсынатын ұлттық құрама. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Жапония Футбол Қауымдастығының қол астында бақылауда. Құрама команданың бас бапкері — Хадзиме Мориясу.
Жапония Ұлттық футбол құрамасы | |||
Лақап аты |
サムライ・ブルー | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | |||
Федерация |
Жапония Футбол Қауымдастығы | ||
Бас бапкері | |||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны |
Ясухито Эндо (123) | ||
Үздік бомбардир |
Кунисиге Камамото (73) | ||
ФИФА рейтингі |
37 | ||
ФИФА коды |
JPN | ||
Формасы | |||
| |||
Жапония 15:0 Филиппиндер | |||
Жапония 2:15 Филиппиндер | |||
Қатысу |
4 (бірінші 1998) | ||
Жетістіктері | |||
Азия Кубогы | |||
Қатысу |
7 (бірінші 1988) | ||
Жетістіктері | |||
Әдетте, құраманы Сакка Ниппон Дайхё (жапон. サッカー日本代表), Ниппон Дайхё ((жапон. 日本代表), немесе жай Дайхё ((жапон. 代表) деп атайды. Құраманың ресми лақап аты болмаса да, оны жиі бас бапкердің атымен атайды. Соңғы уақытта, құраманы "Көк Самурайлар" деп атайды. Бірақ БАҚ.-да оларды бұрынғыша, бапкер атымен атайды. Мысалы: Zaccheroni Japan (жапон. ザッケローニジャパン), немесе Zac Japan (жапон. ザックジャパン).
1998 жылға дейін Азиядан Корея Республикасы тұрақты түрде және басқа да бір-екілі құрамалар ғана әлем чемпионатына қатысып келді. 1998 жылы Азияға төрт жолдама бөлініп, Жапония да финалдық турнирге жолдама ала алды. Бірақ Хорватия, Аргентина, Ямайка құрамаларынмен бір топқа түсіп, үшеуінде де ұтылды, құрама бір гол ғана соқты (соңғы турда Ямайка қақпасына).
2002 жылғы әлем чемпионаты Корея мен Жапонияда өтіп, жапон футболшылары іріктеусіз, алаң иелері ретінде қатысты. Турнирде "самурайлар" тұңғыш ұпайын иеленді, тұңғыш жеңістерін тойлады. Бірінші турда Бельгиямен 2:2 есебімен тең түсті, екінші турда Ресейді 1:0 есебімен ұтты. Соңғы турда Туниске айқын басымдық танытты: 2:0. Тұңғыш рет екінші кезеңге шыққан жапондар 1/8 финалда Түркияға жол берді.
2006 жылы бір ғана ұпаймен топта соңғы орында қалды, 2010 жылы турнирді жеңіспен бастады, Камерунды 1:0 есебімен ұтты. Келесі турда Нидерландыға дәл осындай есеппен жол берді. Үшінші орында Данияны күтпеген жерде 3:1 есебімен ұтып кетіп, 1/8 финалға шықты да, онда Парагвайдан пенальтилер арқылы ғана сүрінді.
Қазіргі уақытта Жапон Ұлттық құрамасын формамен Adidas компаниясы жабдықтайды. Негізгі форма мойнында қазыл квадрат, иығында ақ сызықтары бар футболка мен ақ шортыдан, және көк гетрдан тұрады. Сақтық форма ақ футболка, көк шорттан, және ақ гетрлардан тұрады.
Жапон құрамасы - әлемдегі ең көп қаражаттандырылатын құрамалардың бірі. Құраманың басты демеушілері: Kirin, Adidas, Sony, Saison Card International, FamilyMart, Fujifilm, Japan Airlines және Nissan.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.