Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (4 шілде 1926, Петропавл - 16 қараша 2013, Алматы)[1] — әйгілі опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі (1959), ҚазКСР халық әртісі (1956), профессор (1982), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986).

Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев
Туған күні

4 шілде 1926 (1926-07-04)

Туған жері

 Қазақстан, Петропавл қаласы

Қайтыс болған күні

16 қараша 2013 (2013-11-16) (87 жас)

Қайтыс болған жері

 Қазақстан, Алматы қаласы

Азаматтығы

 КСРО,  Қазақстан

Қызметі

әйгілі опералық және камералық әнші (баритон)

Әкесі

Бекмұхамед Хусайнұлы Серкебаев (1896-1976)

Анасы

Зылиха Сабырқызы Серкебаева (19061997)

Жұбайы

Лидия Сергеевна Иванова

Балалары

Алмас - композитор, Байғали - музыкант, "А-Студио" группасының жетекшісі, Ирина - журналист

Марапаттары мен сыйлықтары
Close

Өмірбаяны

Керей тайпасның Тарышы руының Ақсары бөлімінен шыққан.[2][3] Әкесі - Бекмұхамед Хусайнұлы Серкебаев (1896-1976), педагог, жазушы, ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, білім беру саласында еңбек етті. Анасы - Зылиха Сабырқызы (19061997), бастауыш кластар мұғалімі болды. Ермек Серкебаев үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте оқиды. 19411943 ж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқып, отбасының материалдық жағдайына байланысты үш жылдан кейін, оны тастап, Қазақстан радиосына дикторлыққа келеді, оған қоса киностудияның кейбір фильмдерінде осы тұрғыда қызмет атқарды.

Еңбек жолы мен жетістігі

Репертуары

Орыс және шетелдік, сонымен қатар советтік классикалық опералардың негізгі партиялары:

  • Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»);
  • Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу");
  • Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай");
  • Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама");
  • Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой");
  • Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник");
  • Валентин ("Фауст");
  • қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармалары.

Кинодағы рөлдері

  • 1957 - режиссер Ш.Айманов: "Біздің сүйікті дәрігер" - Тәкен
  • 1959 - КСРО, Орталық телевидение: музыкалық фильм "В этот праздничный вечер"
  • 1961 - режиссер Ш.Айманов: "Ән шақырады" - Досай Нұрланов
  • 1968 - режиссер Ш.Айманов: "Тақиялы періште" - Шыңғыс
  • 1976 - "Медеудегі кездесу"

Марапаттары

Дереккөздер

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.