From Wikipedia, the free encyclopedia
Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы көне замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың құрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап өтіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.
Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И. Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогы үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.