From Wikipedia, the free encyclopedia
Газан Хан, Махмуд (5 қараша 1271 – 11 мамыр 1304) (моңғ. Газан хаан, қыт. 合贊, кейде батыс әдебиетінде Casanus яғни Касанус дейді[1])– Хулагу мемлекетінің илханы.
Сол кездегі бүгінгі Иран аймағын 1295 жылдан 1304 жылға дейін билеген. Шыңғыс хан әулетінен. Ислам дінін мемлекеттік дінге айналдырды. Тебриз қаласының маңына обсерватория мен емханалар салдырып, ғалымдарға қолдау көрсетті. 1299 – 1303 ж. Үндістан мен Сирияға жорықтар жасады.
Ғазан билігі кезіндегі негізгі әскери қақтығыстар мысырлық Мәмлүктермен Сирия үшін талас, және моңғолдардың Шағатай қағанатымен соғыстар болды. Сонымен бірге Ғазан хан өзінің алдындағылардың Франк-Моңғол одағын құру әрекетін жалғастыра отырып Еуропамен дипломатиялық қатынас орнатуға талпынды. Өте жоғары мәдениетті Ғазан көптеген тілдерде сөйлеген, көп хоббиі болды, Хулагу мемлекетінде көптеген реформалар жасады, әсіресе ақшаны бірыңғайлау мен фискалды саясат саласында.[2]
Қазан хан Махмұд - Ирандағы Хулагу әулетінен шыққан моңғол ханы, 1295 жылдан билік жүргізді. Хорасан, Мазендеран және Рим мирасқоры болып тұрып, Байду ханға қарсы көтеріліске шықты да, тағын тартып алды. Буддизм тәрбиесінде өсті. Бірақ Иран ақсүйектері мен мұсылман дін иелерінің, сондай-ақ көшпелі моңғол ақсүйектері мұсылман топтарының көмегі қажет болып, ислам дінін қабылдады да, оны қайтадан Иранның мемл. дініне айналдырды. Уәзірі Рашид әд-Диннің көмегімен әкімш. және экономик.реформаларды жүзеге асырды. Қ.х.тұсында каналдар қазылып, обсерватория және Тербиз маңынан аурухана салынды. 1299-1303 ж. Сирия мамлюктеріне қарсы жорыққа шығып, жеңілді. [4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.