Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бөрлі ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы - Ақсай. Бөрлі ауданы 1935 жылдың 30 маусымында құрылған, қазіргі шекарасы бойынша 1965 жылы қалыптасты. Аудан аумағы 5 556 шаршы километр алаңды алып жатыр.
Қазақстан ауданы | |||
Бөрлі ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
13 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
1 | ||
Ауыл саны |
27 | ||
Қала саны |
1 | ||
Әкімі |
Еркебұлан Нұретдинұлы Ихсанов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, №99 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
51°10′02″ с. е. 52°59′43″ ш. б.51.16722° с. е. 52.99528° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1935 | ||
Жер аумағы |
5,6 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
58 290[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (71,98%), орыстар (18,54%), украиндар (4,91%), татарлар (1,65%), басқалары (2,92%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
71133 | ||
Пошта индексі |
090300- 090317[3] | ||
Автомобиль коды |
07 | ||
Аудан шығысында Шыңғырлау, оңтүстігінде Сырым, батысында Теректі, Бәйтерек аудандарымен және солтүстігінде Жайық өзенінің бойымен Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектеседі. Аудан жері өзен, сай-жыралармен тілімденген, қыратты, көтеріңкі жазық. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –15°С, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 – 250 мм. Аймақтың жері шөлейт белдемде жатыр. Аудан аумағынан Жайық, Елек, Шыңғырлау өзендері ағып өтеді. Жері негізінен қоңыр және сортаң топырақты. Өсімдік негізінен өзен жайылмаларында өседі. Ағаштардан емен, шегіршін, терек, ырғай, т.б. бар. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қабан; құстардан дуадақ, безгелдек кездеседі.
Аудан тұрғындарының саны 2019 жылы 56 086 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар 70,90%, орыстар 19,09%, украиндар 5,33%, татарлар 1,74%, беларустер 0,70%, немістер 0,34%, мордвалар 0,29%, башқұрттар 0,21%, өзбектер 0,18%, басқалары 1,22%.
28 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Ақбұлақ ауылдық округі | Ақбұлақ ауылы | 1 | ▼776 |
Ақсай қалалық әкімдігі | Ақсай қаласы | 3 | ▲43080 |
Ақсу ауылдық округі | Ақсу ауылы | 2 | ▼599 |
Бөрлі ауылдық округі | Бөрлі ауылы | 2 | ▲3726 |
Бумакөл ауылдық округі | Бумакөл ауылы | 3 | ▼974 |
Достық ауылдық округі | Достық ауылы | 1 | ▼405 |
Жарсуат ауылдық округі | Жарсуат ауылы | 3 | ▼1392 |
Кеңтүбек ауылдық округі | Кеңтүбек ауылы | 2 | ▼1038 |
Қанай ауылдық округі | Қанай ауылы | 2 | ▼599 |
Қарағанды ауылдық округі | Қарағанды ауылы | 1 | ▼612 |
Қарақұдық ауылдық округі | Қарақұдық ауылы | 1 | ▼317 |
Приурал ауылдық округі | Приуральное ауылы | 1 | ▼1280 |
Пугачёв ауылдық округі | Пугачёво ауылы | 3 | ▼2489 |
Успен ауылдық округі | Успенка ауылы | 3 | ▼851 |
Бөрілі ауданы арқылы Саратов – Елек (Илецк) темір жолы, Ақсай – Жымпиты – Шыңғырлау автомобиль жолы өтеді. Аудан орталығынан облыс орталығына дейінгі арақашықтық 120 км. Темір жол ұзындығы 85 км, ол облыс жолдары ұзындығының 17,1 % құрайды. Автомобиль жолдарының ұзындығы 465 км, оның ішінде 240 км қатты жабындымен, 220 км қиыршық тас жабындымен және 5 км топырақ жабындымен жабылған.
Кен байлықтарынан мұнай, газ (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны), табиғи құрылыс материалдары кездеседі. Аудан аумағында пайдалы қазбалардың 10 кен орны белгілі, олардың біреуі - мұнай-газ, қалғаны - құрылыс материал. Кен орны қорының мөлшері, өнімділігі және қызмет мерзімі бойынша бірегей болып табылады.
Негізінен астық өсіру мен мал шаруашылығымен шұғылданады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 553,2 мың га, оның ішінде егістігі 86,3 мың га, жайылым 56,2 мың га, шабындық 9,7 мың га.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.