Көгілдір ақықфосфаттар класының минералы. Химия формуласы CuAl6[PO4]4Һ(OH)8Һ5H2O. Кристалдары тығыз масса, қабыршық, талшық түрінде кездеседі. Жеке кристалдары қысқа призма пішінді болады. Аспан түстес көгілдір немесе жасыл, жылтырлығы күңгірт, балауыз тәрізді. Қаттылық 5 — 6, морт сынады, сынған жері бұдыр келеді. Меншікті салмақ 2,6 — 2,8 г/см3. Бирюза алюминий оксиді мен фосфаттарға бай дала шпаты бар жыныстар үгінділеріне мысты су әсер еткенде түзіледі. Бирюза — асыл тас ретінде қолданылады. Басты кен орындары — Иранда (Нишапур), Тәжікстанда (Карамазор), Өзбекстанда (Қызылқұм) және Қазақстанда бар. [1]

Thumb
Көгілдір ақық

Оптикалық оңқай; 2u = 40°, Ng=1,65, Nm = 1,62, Np =1,61.

Сингониясы триклиндік; пинакоида пішіндес. Кристалдары майда, кәбінесе тұтас жұмыр формада кездеседі.

  • Жаратылысы. Бирюза үгілуден лимонитпен қатар пайда болады.

Бирюзаның әдемі түрлері (асыл тастары) көркемдікке қолданылады. Нашар түрлері бояуға жұмсалады. Бирюзит кендері Иранда (Мадан кендері) бар.[2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.