From Wikipedia, the free encyclopedia
Балауыз[1] — араның балауыз безінен бөлінетін зат. Ара одан өздеріне кәрез салады. Балауыз ежелден шырақ жасау және бальзамдау үшін қолданылған. Қалыпты температурада Балауыз ақ, ақшыл сары, қара қоңыр, не қара түсті зат. Құрамы күрделі, онда 70 — 74% спирттер мен май қышқылдарының күрделі эфирлері, 15% май қышқылы, 12 — 15% көмірсутек бар. Балауыз — су тепкіш зат, спиртте және глицеринде ерімейді. 35°С-тан жоғары температурада жұмсара бастайды да, 60 — 65°С-та балқып сұйылады. Алыну әдісіне, өңделуіне қарай Балауыз бірнеше түрге бөлінеді. Омарта Балауызы қайнатып немесе омартада арнаулы преспен сығып алынады. Ол өнеркәсіпте, медицинада қолданылады. Престелген Балауыз арнаулы машинамен кәрезді престеу арқылы алынады. Сығынды Балауызды кәрез қалдықтарынан алады. Бұл аяқкиім майын, бояу жасауға, т.б. пайдаланылады. Омарта Балауызы мен престелген Балауыз түсіне, қоспасына қарай 3 сұрыпқа бөлінеді: қоспасыз ақ не ақшыл сары түсті (1-сұрып), сары не ашық қоңыр (2-сұрып) және қара қоңыр, қара түсті (3-сұрып). Бір маусымда әр ара ұясынан 2—3 кг-ға дейін Балауыз алынады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.