Беларусь, Қазақстан және Ресей кедендік одағы (ағылш. Customs Union of Belarus, Kazakhstan, and Russia) — аталған үш ел арасындағы ортақ кедендік аумақ, яғни арнайы қорғау, антидемпинг және компесациялық шараларды ескермегенде, өзара сауда шеңберінде кедендік баж салығы және экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайтын сауда-экономикалық интеграция формасы.[1]. 2010 жылдың 1-қаңтарында құрылған Кедендік одақтың мүше елдері үшінші елдермен сауда қарым-қатынасында бірыңғай кедендік тариф және басқа да реттеу шараларын қолданады.[2].

Еуразиялық экономикалық қауымдастығының ресми құжаттарында «Еуразиялық экономикалық қауымдастығы аясындағы кедендік одақ» деп аталады. Баспасөзде, көбінесе, Беларусь, Қазақстан және Ресей кедендік одағы немесе жай ғана Кедендік Одақ, яғни КО деп аталады.

Қазақ ұлтшылдары және де батыстың саясаттанушылары Кедендік Одақты ресейлік гегемонияда табылған Кеңес Одағын қалпына келтіру талпынысы деп бағалайды.[3]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.