From Wikipedia, the free encyclopedia
Астрахан, Қажытархан (орыс. А́страхань) – Ресей Федерациясындағы қала, Астрахан облысының орталығы[4]. Төменгі Поволжьеның экономикалық және мәдениеттік орталығы деп саналады[5]. Ресейдің тарихи маңызы бар қалалардың біріне жатады[5]. Астрахан қалалық округын қалыптастырады.
Қала | |||||
Астрахан | |||||
орыс. Астрахань | |||||
Астрахан Кремлі | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Федерация субъектiсі | |||||
Мэрі |
Мария Пермякова | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
46°20′ с. е. 48°02′ ш. б.46.333° с. е. 48.033° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Алғашқы дерек | |||||
қала статусы | |||||
Жер аумағы | |||||
Орталығының биiктігі |
-25 м | ||||
Климаты | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▼ 524 371 адам (2021) | ||||
Тығыздығы |
2512,68 адам/км² | ||||
Ұлттық құрамы |
орыстар (77,93 %) | ||||
Конфессиялар |
Христиандар, Мұсылман/мұсылмандар, яһудилер, будисттер және басқалары | ||||
Этнохороним |
Астрахандық, Астахандықтар | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+7 (8512) | ||||
Пошта индекстері |
414000—414057 | ||||
Басқалары | |||||
Марапаттары | |||||
astrgorod.ru (орыс.) | |||||
Астрахан шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Астрахан |
Еділ дельтасының жоғарғы жағында орналысқан. Астраханнан Мәскеуге дейін жолдың қашықтығы 1550 км. Қала 4 ауданға бөлінген: Кировский, Советский, Ленинский, Трусовский. Тұрғыны 524,4 мың адам (2021). Ауданы: 208,70 км²[1][2].
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Astrakhan |
Қаланың аттың пайда болғаны туралы көп аңыздар бар.
Баяғыда Астраханның аттың пайда болған туралы екі пікір болған. Бірінші пікір бойынша, аты славян «страхань» сөзінен шықты, ал екіншісі бойынша скиф сөздерінің «ас» - әскердің басшысы және «тархан», бірақ екі пікірін де В. Н. Татищев жоққа шығарды[6][7].
Орыс шежірелерінде қаланы Азсторокань, Азтаракань, Азтарокань, Азторакань, Азторокань, Азторохань, Асторокань, Асторохань, Астрохань, Хазторокань деп атаған[8].
Мишарларда да қаланың атауы туралы аңыз бар. Аңыз бойынша оларда Сарай хан деген билеуші болған, оның Астыр хан мен Қасым хан деген балалары болған. Ол аңыз Алтын Орланың Сарай-Бату, Астрахан мен Қасымов деген қалалары туралы түсіндіргісі келді[9].
Астрахандықтардың өзіңдерінде аты Астра болған Хан туралы әлде оның Астра қызы туралы аңыз бар[10]. Ол аңыз кешкі орыс тілден шыққаны анық. Ол аңыздың ақиқатқа жақындығы ғылымда қаралыстырылмаған[11].
Кейбір таласты теориялар бойынша, қаланың аумағында Алтын Орданың тархан сауатымен ас тайпасы тұрып, көшкен[12]. Бірақ-та Астрахан аумағындағы ас тайпасы туралы қазіргі уақытта мәлімет жоқ[11]. Тарихта Астар - Кавказдың солтүстігінде және Дон өзеннің бойында тұрған Аландар. Еділ аумағындағы Астар тайпасы туралы тек Виллем Рубруктың жазбаларында ескертіледі[13].
Қала XIII ғасырдың екінші жартысында пайда болғаны деп сеніледі. М. Г. Сафаргалиев айтуы бойынша, қала Алтын Орда Ислам дінін қабылданғанда пайда болған. Виллем Рубрук 1254 жылда Еділдің бойында ауылы бар екенін ескертті. Ауыл Бату хан мен Сартақ ханға қыстауы болып және хан бұйрығымен шіркеу құрғызалған.
Жазбаша түрде Қажытархан бірінші рет қалаға Өзбек ханмен бірге барған Ибн Баттутаның жазбаларында ескертілген. Орта ғасырлардың карталары Қажытарханды Еділдің батыс жағалауында, қазіргі уақыттағы Астраханның орналасуына қарағанда жоғары.
Сауда жолдарында болғандықтан, Қажытархан Алтын Орданың сауда орталығы болып кетті. Шығыс тауарларымен келген керуендер, мына жерге Сарайлардан келіп, екі жаққа жіберілген, оңтүстікке(Кавказға) және батысқа(Азовқа). Иосафато Барбаро специялар мен жібек Итальяндық колония Қажытархан арқылы өткен.
1395 жылдың қысында Әмір Темірдің әскерлері келген. Шежірелер бойынша, Еділ бойында қалың мұз бөліктерден қабырға құрғызған, бірақ Қажытарханның басшылары Әмір Темірге шайқассыз қаланы беріп, қаланы тонаған. Иософата Барбаро сөзі бойынша, Қажытархан - қиратылған қалаға дейін дерлік.
Қала қайттан құрғызылып, 1459 жылында Астрахан хандығының астанасы болған. XV ғасырда Венециядан келген Амброджо Контарини қаланың төмендеудің ізі қалғаны туралы айтқан: "Үйлер аз, болса барлығы саз балшығынан құрғызылған, бірақ та қаланы биік емес тас қабырғасы бар."
XVI ғасырда Астраханның жақсы орналасуынан, хандық Осман империясының, Қырым хандығының және Ноғай орданың назарын аударған. 1533 жылда "орыс партиясы" пайда болды, ол Мәскеу үкіметімен тығындалып, оның әсерінен Астрахан хандығы Мәскеу үкіметімен сауда-саясаттық шартқа отырған[14]. 1552 жылында Руске қарсы шыққан Ямгурчи хан Астраханның билеушісі болған[15]. Иван Қорқынышты оны ханның орнынан шығару үшін 30 мың стрелецтерді жіберген. 1554 жылда Астрахан қаласын Русь княздіктер жаулап алған да, ханның орнына Ямгучи құлатқан Дервиш-Әліні қойған. Ол Мәскеумен жақсы қарама-қатынасқа уәде берсе де, Қырыммен одаққа кіргеннен кейін, орыс промосковтық көңілін бұзған да, содан кейін бір орыс отрядқа шабуыл жасаған[15]. Иван Қорқынышты қайттан стрелецтерді жіберіп, бірақ енді хандықты Ресей толықтай жаулап алып, Ресейге қосқан[15].
1558 жылында қалада ағаштан қамал құрғызылып басталған. 1636 неміс саяхатшы Адам Олеарий қаланың ашылуы күні көре алды. ал 1559 жылдың жазында Бұхарадан қайтып келген ағылшын дипломаты Энтони Джениксон Астрахан туралы "аралда, биік жағалауында және ішіндегі сарайы бар" деп айтқан. 1582 жылда ағаштан құрғызылған қабырғалардың орнына қабырғаларды тастан жасап, онымен бірге 8 үлкен мұнара тұрғызған, олар - Астрахан кремлінің бас бөлігі болған.
Орыс Астраханы Мәскеу патшалығына тек қана оңтүстік-шығыста орналасқан күшті форпост болмай, Азияға "қақпа" болған. Астраханға басқа қалалардан көп адамдар келіп, Еділ мен Каспийдің минералдық тұз бен бекіре үшін келген.
1569 жылда Астрахан түркі-татарлық әскерінің қоршауына төтеп берген.
1670 жылда тұрғындар қалаға Стенька Разинаны кіргізіп, өзінді-өзі басқаруды бастаған[16]. Бір жылдан кейін патшалық әскер басшысы қамалды қоршап алып, оған қарсы тұрғындар көтерілісті көтеріп, екі жарым айдан кейін ғана оны жіберген. 1692 жылда Оба індеті 16 мың адамдардан 10 мың адамды қырған.
XVIII ғасырдағы Астраханның интенсивті колонизациясы басталды. Петр I-нің бұйрығымен 1717 жылдың 22 қарашадан бастап Астрахан губерниясы пайда болған, оның аумағы қазіргі уақыттағы Еділ федералды округтің аумағымен бірдей дерлік. Астрахан губерния қаласы деген статусын алған. Келесі жылдарда Астрахан губерниясының аумағы Ресей империясының губерниялардың шекаралырының өзгертуінің әсерінен өзгерліді. Астрахан губерниясы қазіргі уақыттағы Астрахан облысына ұқсас аумағын Сталинград облысыынан шыққанда(1943 жылдың 27 желтоқсанында) алған.
1897 жылдағы санағы бойынша қалада 112 880 адам тұрған. Тұрғындар аралығында Орыс тілін ана тілі деп 86 563 адам деп белгілеген[17].
1917 жылдағы болған Қазан революциясы әсерінен 1918 жылдың қаңтарында көшелер бойында шайқастар жүргізіліп, нәтижесінде Большевиктер антибольшевиктік күштерін талқандаған. 1919 жылдың жаз бен күз бойы азаматтық соғыстың кескілескен ұрыстары болған.
1920 жылдан бастап 1928 қала Қалмақ автономдық облыстың астанасы болған.
1942 жылдың жазында гитлердің әскерлері Астраханға 100-150 км қашықтықта келген. Люфтваффе Еділдегі кемеледі аспаннан бомбалаған, кейбір бомблар қалаға түскен. Соғыс бойында қала жанар-жағармай материалдардың Централды Ресейге ауыстырып тиетін орын болған.
1950-1960 жылдарда қаланың реконструкциясы басталған. Қала үшін жаңа Генералды план қабылданылған, ол бойынша жаңа парктер ашылады, алаңдар пайда болған, Еділдің жағалауы қайттан салынып, Астрахан Кремлінің реставрациясы басталған.
2008 Астрахан қаланың 450 жылдық мерейтойын қарсы алған.
2007 жылда трамвай жолдары жабылған, ал 2017 жылда троллейбустік жолдарды жапқан.
Астрахан Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығысында, Каспий маңы ойпатынның Шөлейт белдемесінде орналасқан. 11 аралда орналасып, қала Еділдің жағалауында 45 километрден астамға тартылған. Рельефі - жазық, биіктігі 5-15 м төбелері бар. Қаланың орталығы теңіз деңгейінен -23 м биіктікте.
Қоңыржай климат, континенталды, үлкен жылдық және жаздың тәуліктік ауа температурасы амлитудалары бар, Жауын-шашынның мөлшері аз және буланғыштық жоғары. Қалаға көбінесе шығыстық, оңтүстік-шығыстық және солтүстік-шығыстық желдер келеді, ал сәуірден бастап, тамызға дейін аңызақтар байқалады. Сондай климаттың түрі оның Шөлейт белдемеде орналасқаны түсіндіреді.
Бір жылда орта есеппен 213 шуақты күн болады[18]. Күннің ұзақтығы 8 сағаттан 36 минуттан (22 желтоқсан) басталып, 15 сағат 48 минутке (22 маусым) дейін өзгеріледі[19]. Жауын-шашынның жылдық нормасы: 234мм[20]. Жауын-шашын саны бойынша Астрахан Еуропаның ең үлкен құрғақ қала деп саналады.
Астраханның ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | Жыл |
Абсолюттық максимум, °C | 14,0 | 17,1 | 24,0 | 32,0 | 36,8 | 40,6 | 41,0 | 40,8 | 38,0 | 29,9 | 21,6 | 16,4 | 41,0 |
Орташа максимум, °C | −0,1 | −0,8 | 7,8 | 17,4 | 23,8 | 29,3 | 32,0 | 30,6 | 24,4 | 16,3 | 7,1 | 1,2 | 15,9 |
Орташа температура, °C | −3,7 | −3,7 | 2,3 | 11,1 | 17,7 | 23,1 | 25,6 | 24,0 | 17,7 | 10,4 | 3,1 | −1,9 | 10,5 |
Орташа минимум, °C | −6,5 | −7,1 | −1,9 | 5,9 | 12,1 | 17,4 | 19,6 | 18,1 | 12,3 | 6,0 | 0,0 | −4,6 | 5,9 |
Абсолюттық минимум, °C | −31,8 | −33,6 | −26,9 | −8,9 | −1,1 | −5,4 | 10,1 | 6,1 | −2 | −10,5 | −25,8 | −29,9 | −33,6 |
Жауын-шашын нормасы, мм | 15 | 12 | 16 | 23 | 28 | 25 | 24 | 21 | 17 | 18 | 18 | 16 | 234 |
Дерекнама: [20] |
Астрахан МСК+1 Сағаттық белдеуінде орналасқан. Уақыттың UTC-ге қатысты жылжуы - +4:00. Қолданылатын уақытына және географиялық Бойлыққа қатысты орта талтүс 12:48-де басталады.
1811 | 1840 | 1856 | 1863 | 1888 | 1897 | 1913 | 1914 | 1926 | 1931 | 1933 | 1939 | 1956 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
37 800 | ▲45 900 | ▼34 600 | ▲42 800 | ▲74 000 | ▲112 880 | ▲150 700 | ▲154 500 | ▲184 000 | ▲208 966 | ▲225 400 | ▲253 595 | ▲276 000 |
1959 | 1962 | 1967 | 1970 | 1973 | 1975 | 1976 | 1979 | 1982 | 1985 | 1986 | 1987 | 1989 |
▲295 768 | ▲320 000 | ▲368 000 | ▲410 473 | ▲435 000 | ▲447 000 | ▬447 700 | ▲461 003 | ▲474 000 | ▲489 000 | ▲497 000 | ▲509 000 | ▲509 210 |
1990 | 1991 | 1992 | 1993 | 1994 | 1995 | 1996 | 1997 | 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 |
▼478 000 | ▲512 000 | ▬512 000 | ▼511 000 | ▲512 000 | ▼482 000 | ▲484 000 | ▲490 000 | ▼486 000 | ▲488 000 | ▼486 100 | ▼479 700 | ▲504 501 |
2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 |
▲504 700 | ▼502 800 | ▼501 300 | ▼499 000 | ▲500 200 | ▲503 100 | ▲504 141 | ▲520 339 | ▲520 700 | ▲525 387 | ▲527 345 | ▲530 863 | ▲532 699 |
2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |||||||
▼531 719 | ▲532 504 | ▲533 925 | ▲534 241 | ▼529 793 | ▼524 371 |
2019 1 қаңтарда Астрахан халық саны бойынша 1115 қалалардан 33-інші орында болған.
Астраханда 173 ұлт өкілдерден астам, 14 діндік конфессиялар, 155 қоғамдық бірлестік бар және 17 ұлттардың мәдениеттік қоғамдары бар жұмыс істейді.
|
Қаладағы білім беру орталықтары:
Негізгі жоғарғы оқу орындары:
Астрахан қаласының спорт клубтары:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.