Астана ауданы
Ақтөбе қаласының екі ауданының бірі From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақтөбе қаласының екі ауданының бірі From Wikipedia, the free encyclopedia
Астана ауданы — Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. Халқы — 313 830 адам (2023). Уақыт белдеуі — UTC+5.
Қала ішіндегі аудан | |
Астана ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Қаласы | |
Әкімі |
Алмас Жақсылықұлы Жақсылықов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, №145Б |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
313 830[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 7132 |
Автомобиль коды |
04 |
2018 жылдың 30 наурызында Ақтөбе қаласының мәслихатының сессиясында Ақтөбе әкімінің ұсынысы бойынша екі ауданды құру жайында шешім қабылданды және Ақтөбе қалалық әкімдігі аумағында екі әкімшілік ауданды құруға дайындық жұмысы басталды[2].
Тұрғындар Сазды ауданы атауын ұсынды.
Астана ауданы Ақтөбе қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданның шығыс бөлігі Алматы ауданымен шекаралас. Солтүстік бөлігі Ақтөбе облысының Мәртөк ауданымен шекаралас. Оңтүстік-батыс, батыс және солтүстік-батыс аумағы Ақтөбе облысының Алға ауданымен шектеседі.
Аудан шекарасы Ақтөбе қаласының солтүстік-батыс бөлігінен басталып, теміржолмен, жоғары аймақты өтіп, 5500 метрді қамтитын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлермен өтіп, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің солтүстік-батыс бөлігінің жиегімен, батыс бағытында 12800 метр арақашықта бұрылып, 6000 метрге дейін оңтүстік-батысқа бағытталып, Құрашасай ауылына жетеді. Құрашасай ауылының қасындағы Алға ауданының шекарасы жиегімен "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар автомобиль жолы мен "Жіңішке" көлін қиып өтіп, Ақтөбе қаласының батыс бөлігімен ұштасады. Алға ауданы шекарасымен байланыса отырып, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер арқылы 9200 метр қашықтыққа жоғарғы аймаққа жүріп, 8000 метр арақашықтықтан оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, орман шаруашылығы жерлерінің бойымен "Ақтөбе-Богословка" облыстық маңызы бар автомобиль жолына дейін жетеді. "Ақтөбе-Богословка" облыстық маңызы бар автомобиль жолынан батыс бағытқа бұрылып, 5500 метр арақашықтықтан Алға ауданы шекарасына дейін, Сазды ауылы бойымен оңтүстік-батысқа бұрылып, Сазды өзені арқылы өтіп, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің бойымен 12100 метр арақашықтықтан оңтүстікке бұрылып, жоғары вольтті желілер арқылы Алға ауданы шекарасынан теміржолға жетіп, осы жерден бастапқы санау нүктесіне келеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.