From Wikipedia, the free encyclopedia
Араб көктемі (араб. الربيع العربي) — 2010 жылдардың басында араб әлемінің көп бөлігін-Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерін қамтыған үкіметке қарсы наразылықтар, көтерілістер мен қарулы көтерілістер сериясы.
2010 жылдың күзінен бастап 20 елде Тунисте, Египетте және Йеменде төңкерістер болды; Ливиядағы азаматтық соғыстар (биліктің өзгеруіне әкелді), Йеменде және Сирияда( жалғасуда); Бахрейндегі азаматтық көтеріліс;Алжирде, Иракта, Иорданияда, Мароккода және Оманда жаппай наразылықтар; Әзірбайжан, Кувейт, Ливан, Мавритания, Сауд Арабиясы, Судан, Джибути және Батыс Сахарадағы аз наразылықтар. 2011 жылдың мамырында Израиль шекарасындағы қақтығыстар жергілікті араб көктемінен де шабыт алды.
Наразылықтар ұзақ мерзімді науқандарда азаматтық қарсылықтың жалпы әдістерін қолданды: наразылықтар, акциялар, ереуілдер, пикеттер мен пикеттер, манифесттер, демонстрациялар, шерулер мен митингілер, сондай-ақ мемлекеттік қуғын-сүргін және интернет-цензура әрекеттері кезінде ұйымдастыру, байланыс және ақпарат беру үшін әлеуметтік медианы пайдалану. Көптеген демонстрациялар биліктің, сондай-ақ үкіметті қолдайтын милиция мен қарсы демонстранттардың зорлық-зомбылығымен қарсы алынды. Араб әлеміндегі демонстранттардың негізгі ұраны: "Халық режимнің құлдырауын қалайды" (араб. الشعب يريد إسقاط النظام, «аш-Ша`б йурид искат ан-низам»)..
2011 жылдың қысында Египетте Президент х. Мүбарактың Каирдегі Тахрир алаңындағы режимі "Мұсылман бауырлар" революциясын құлатты. Ұйым 11 ай басқардыжәне 2012 жылдың көктемінде өлім жазасына кесілді. Ливия мен Сириядағы азаматтық соғыстар М.Каддафидің билігін құлатуға және адамдардың өзін-өзі өртеуіне әкелді. Қаза тапқандар саны 10000-ға дейін өсті.
Араб елдеріндегі текетірестердің басты себептері сонымен қатар, билік жүйесінің былығы да болды. Басқару моделінің бұрыс болғандығынан, билік қарапайым халықтың мәселелерін біліп, танып, оларды шешу ісінен шеткері кетті. Билік басындағылар жемқорлыққа бойұсынып, бұқараның талабымен санасуды қойды. Ал, халық қанша жылдан бері тақтан түспей отырған билеушінің құрғақ уәделеріне тойып, оны қолдаудан шаршап бітті. Әлемде орынтақтарын ең ұзақ сақтаған басшылардың дені осы Араб елдерінде. Мысыр басшысы Хосни Мүбәрак 30 жылдан астам, Ливия басшысы Муаамар Каддафи 42 жыл, Тунистің енді экс-президенті Бен Әли 20 жыл, Йемен басшысы Әли Абдулла Салих 30 жылдан астам уақыт тағында отырды. Ал, Сирияны 32 жылдай билеген Хафез әл Асад билікті мұрагерлік жолмен ұлы Башар әл Асадқа тапсырды. Мысырда да осы сценарий бойынша билікті беруді іс жүзіне асыруға тырысқан Хосни Мүбәрак ұлы Жамалды билеуші партияның төрағасы қылып, одан кейін өз орнына қалдырмақ ниеті бар еді. Бірақ, елдегі оппозициялық күштер әкеден балаға мирас қылу миссиясының жолын кесіп тастады. [1]
2010 жылдың соңында басталған Африка мен Араб елдеріндегі толқулардың шығуына шоқты үрлеп отырған сыртқы күштердің әсер еткені жасырын емес. Ал, бұл толқулардың, ойынды жүргізіп отырған мемлекеттерге қандай пайда әкелетінін олардың арасындағы мүдделер қайшылығын ескере отырып қарастырып көрейік. Ол үшін, аймақта белсенді қимыл жасап отырған әрбір мемлекетке жеке-жеке тоқталған жөн.
Алдымен арине, АҚШ. Алпауыт елді әлі күнге дейін үстемдігін жүргізіп келе жатқан «жуан жұдырық» . Осындай қақтығыстардың нәтижесінде жаппай қарулануға көшетін басқа елдерге ескіре бастаған көптеген қару жарақтарын сатуға мүмкіндік алу, жаңа билікпен әр түрлі салада тиімді келісім-шарттар жасау, халықтың назарын басқа жаққа аударып, ішкі кейбір мәселелердің бетін бүркеп қалу сияқты көптеген тиімді тәсілдерге қол жеткізетін бірден бір мемлекет – ол АҚШ.
Одан кейінгі алпауыт елдердің бірі-Франция. Бұл мемлекеттің де дәл осы толқудан ұтатын тұстары бар. Билікті жаңадан алған басшылықтармен әр түрлі салада тиімді келісім-шарттар жасайды. Өзінің әсер ету аймағындағы басқа елдердің басшыларына сабақ болады. Соңғы жылдары босаңсып кеткен державалық пиғылының жоғалмағандығын көрсетеді.
Ұлыбритания болса ағылшын тілді Африканың қожасы өзінің ескі отарларына үлгі болсын деп отыр. Британдық компаниялар да жаңа билікпен әр түрлі салада тиімді келісім-шарттар жасауға тырысып жатыр.
Ал, үнемі Батыс әрекетіне қарсы шығып келген Ресей бұл жолғы толқуларда батыс позициясына қарсы шықпады, бірақ қолдамады да, тек қана ойынның аңысын аңдып қана отыр. Ресей осылайша сырт көзге Батысты қолдамайтынан, бірақ диктаторлардың да жағында бола алмайтынын білдіргендей болды. Ресейлік сарапшылар бұл толқулардың Ресейге тигізер пайдасы көп па, зияны көп пе деп дауласуда. Аталған аймақтағы тынышсыздықтың арқасында Ресей де қару-жарақтарын көбірек сатуға мүмкіндік алады. Әрі жаңа билікпен тиімді келісімдер жасауға құмар Ресейлік компаниялар да қарбаласып жатыр.
Қытай Ресеймен бірдей позиция ұстап, сырт көзге Батысты қолдамайтындығын көрсетті. Оның үстіне бұлар қарсы шыққанымен де үлкен өзгеріс жасай алмайтынын Қытай билігі сезеді. Себебі, экономикасы әлемде екінші орынға айналғанымен әлі де Батыс державалары онымен толық санаса қоймайды. Оның үстіне Оңтүстік Шығыс Азияда бұлардың ықпалы жоғары, алысты болжайтын Қытай, ертең онда да бір проблема туындай қалса бұлар да қару қолдануға мүмкіндік алатынына сенімді.
Германия соңғы жылдары толқулар мен қақтығыстарға селқос қарауымен, НАТО операцияларынан тыс қалуымен ерекшеленуде. Бұл жолы да Африка мен Араб елдеріндегі толқуларға бейтараптық танытты. Бірақ, А. Меркель партиясының жергілікті сайлауда жеңіліске ұшырауы олардың Ливиядағы соғыстан тыс қалуына себеп болды деген Батыс сарапшыларының пікірі басқаларды жаңылыстыру сияқты болып көрінеді. Ал, шын мәнінде ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін әсер аймағынан айырылған бұл мемлекет, қазір өзінің Франция мен Ұлыбританиядан әлдеқайда қуатты екеніне қарамастан, сырт аймақта әсер аймағынсыз отырғанына наразы. Сондықтан да, Ирак пен Ауғанстандағы және қазіргі Солтүстік Африкадағы операцияларды қолдамай отыр. Бірақ, Орталық Еуропаға қайта үстемдік құрған Германия Италияға қарағанда тынышырақ. Әрі әлемдегі үшінші қару экспорттаушы елдің де бұл жерде ұтыла қоймайтыны белгілі.
Италия. С. Берлусконидің жеке басының проблемалары бұл елдің тыныш жатуына себеп деген тұжырым да басқаларды алдап отырғандай, бұлар да Германия сияқты соғыстан кейін әсер ету аймақтарынан айырылған. Сондықтан болар, Италия басқа державалардың өзін менсінбеуіне наразы. Әсіресе, өзімен деңгейлес Францияның өзін Жерорта теңізінің қожасымын деп санауы бұл елдің жоғарғы топтарының ызасын келтіруде. Бірақ амалы жоқ, қолынан бар келер әрекеті Ливияға қарсы әуе шабуылын ашқандарды (әсіресе Францияны) өткір сынау болып отыр. Бәрібір бұл әрекетінің жеміс бермейтінін Римдегілер білгенімен, енді ғана қарымды қимылмен билікке жаңа келген басшылықпен өздеріне тиімді шарттар жасасуға кірісті. Ливиядағы көтерілісшілердің де үкіметін танып, олармен байланыс орнатып жатыр.
Биліктегі АК (Әділет және Даму) партиясының сыртқы саясатта үлкен бетбұрыс жасап «бұрынғы Осман империясының территориясындағы елдермен тығыз қарым-қатынаста» болуға ұмтылуына Батыс елдерінің сарапшылары күдікпен қарайды. Себебін айтар болсақ, Түркияның бұл аймақта қайта үстемдікке қол жеткізіуі Батыс үшін тиімсіз. Түркияның да мақсаты белгілі, Батыс «бөтенсің» деп кеудеден итергеннен соң, өзінің бұрынғы отарларымен қарым-қатынасты жандандырмақшы. Алғашқыда Ливиядағы соғысқа қарсы екенін білдірген ресми Анкара артынан басқа араб елдерінің бәрі бұл ұрысты қолдап отырғанын көріп, өзінің «баррикаданың екінші жағында» қалып кететінін түсініп райынан қайтты. Қазір соғысты қолдап қана қоймай, өздері де араласып, тіпті Измир қаласын операция орталықтарының біріне айналдырды. Түркияның көздеген мақсаты – өзін аймақтың лидері болуға лайық екенін көрсетуге тырысу мен соңғы жылдары жиі айтылатын Түркиялық моделді жаю екендігі белгілі. Бұл жерде назар аударатын басқа бір мәселе бар, бұл шағын Катар мемлекетінің белсенділігі. Мұнай мен газдың арқасында жан басына шаққандағы табыс көлемі бойынша әлемде бірінші орын алатын бұл мемлекет, соңғы жылдары әлемдік аренада белсенді рөл ойнай бастады. Ливияға қарсы өз әуе күштерін жіберген Катар мемлекеті көрші елдердегі басқа да саяси оқиғаларға жиі араласуда. Катар Араб Лигасының хатшысы Әмір Мұсаны қаржыландырып, алдағы сайлауда Мысырдың президенті етуге тырысып жатыр деген де ақпарат бар. Сондай-ақ, Ливиядағы көтерілісшілердің үкіметін таныған Катар, олармен мұнай экспорты туралы келісім жасап та үлгерді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.