Аннексия - (лат. annexio, лат. annexus деген сөзден шыққан — қосылған, қосылып алынған) — белгілі бір мемлекеттің басқа бір елдің немесе халықтың (этностың) аумағын немесе жерінің бөлігін басып алып, күшпен өз құрамына қосуы.[1]
Аннексия фашистік Германия мен Италияның, II дүниежүзілік соғыс қарсаңында және тұсында жүргізген милитаристік [[]]ның сыртқы саясатында қолданылды. Тарихта Аннексия классикалық мысалы ретінде гитлершілердің 1938 ж. "аншлюс", яғни, Австрияны Германияға күштеп қосқандығын атауға болады. Бүгінгі күні Аннексия мысалы - Израильдің ежелгі араб жерлерін күшпен басып алып, заңсыз ұстап отырғаны - көрнекі.
Сондай-ақ Аннексия - халықаралық қауымдастыққа ортақ кеңістікті (ашық теңіз, теңіз түбін, Антарктиданы және т.б.) басып алу. Аннексия қазіргі халықаралық құқықты өрескел бұзушылық болып есептеледі.[2]
Аннексия мысалдары
Хронология | Аннексиялаушы ел | Аннексияланған ел |
---|---|---|
1552 | Ресей патшалығы | Қазан хандығы |
1581 — 1607 | Ресей патшалығы | Сібір хандығы |
1783 | Ресей империясы | Қырым хандығы |
1820 — 1821 | Мысыр | Судан |
1833 | Ұлыбритания | Фолкленд аралдары |
1845 | АҚШ | Техас Республикасы |
1848 | Франция | Алжир |
1861 | Испания | Доминикан Республикасы |
1879 | Жапония | Рюкю |
1898 | АҚШ | Гавай аралдары |
1908 | Австро-Венгрия | Босния және Герцеговина |
1910 | Жапония | Корея |
1914 | Ұлыбритания | Мысыр |
1914 | Ұлыбритания | Кипр (арал)[3] |
1918—1940 | Румыния | Бессарабия |
1938 | Германия | Австрия [4] |
1961 | Үндістан | Португалиялық Үндістан |
1967 | Израиль | Шығыс Иерусалим |
1975 | Үндістан | Сикким |
1976—1999 | Индонезия | Шығыс Тимор |
1975 | Марокко және Мавритания | Испан Сахарасы[5] |
1981 | Израиль | Голан шыңдары |
1990—1991 | Ирак | Кувейт |
2014 | Ресей Федерациясы | Қырым мен Севастополь[6] |
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.