From Wikipedia, the free encyclopedia
Агуакатектер — Гватемаланың солтүстік-батысындағы майя тобына жататын үндіс халқы. Саны 80 мың адам.[1]
Агуакатектер | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
80 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
агуакатек тілі, испан тілі | |
Діні | |
Олар киче тармағының агуакатек (агуакатеко) тілінде сөйлейді. Испан тілі де кеңінен таралған.[2]
Діни ұстанымы: католиктер.[3]
Дәстүрлі кәсібі – егіншілік (жүгері, бұршақ, асқабақ, бұрыш, жылы алқаптарда – қызанақ, алма, пияз, картоп, какао, кофе). Кей отбасылар сиыр, шошқа, қой, құс өсіреді. Сонымен қатар өрнек тоқу, сылақ қыш бұйымдарын жасау дамыған.[4]
Әкесінің атымен біріккен ірі және кеңейген, патрилинальды патрилокалды отбасылардан (2-4 ұрпақ) тұрады. Ауыл ақсақалдар кеңесін муниципалдық билік бекіткен сайланбалы алқа (алькальд) басқарады.
Тұрғын үйлері тік бұрышты, тастан, саманнан, бұтақтардан немесе қамыстан жасалып, шатыры сабанмен жабылған.
Әйелдер арасында дәстүрлі киімдері сақталған - қара жолақты үстіңгі белдемше, түрлі-түсті ою-өрнекті уипил, төртбұрышты жүннен тоқылған жадағай, кең өрнекті белдік, шаштарында қызыл лента. Ерлер киімі негізінен көйлек, үстіне пончо үлгісіндегі жүннен тоқылған шапан кигізіліп, өрнекті белбеумен байланған. Әйелдер жалаң аяқ жүрсе, ерлер түрлі-түсті орамалдың үстіне сандал және сабан қалпақ киеді.
Тағамының негізі - өсімдік тектес тағамдар.[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.