From Wikipedia, the free encyclopedia
Vantablack ("Вантаблэк" деп оқылады) — көміртекті нанотүтіктерден жасалған субстанция. Барлық белгілі нәрселердің ең қарасы[1]. Өзіне түскен сәуленің 99,965% жұтады.[2] Оның ішіне көрінетін сәуле, микротолқындар және радиотолқындар кіреді[3] . Алюминий фольгасында «өсетін» түтіктерден құралады. Vantablackқа түскен фотондар нанотрубкалардың арасында жоғалып кетіп, кері шағылынбайды да, жылуға айналып кетеді .
Бұл зат Ұлыбританияның физикалық зертханасы мен Surrey NanoSystems ғалымдарымен 2014 жылдың шілде айында Форнборо жеріндегі авиасалонда ойлап табылған. Vantablack атауы "Vertically Aligned NanoTube Arrays" тіркесі мен black (қаз. қара) сөзінің қосындысынан пайда болған.
Vantablackтың көптеген жағымды жақтары бар. Мысалға, телескоптардың ішінде жарықтың жан-жаққа шашырауын алдын алу үшін және Жерде және ғарышта жұмыс істейтін инфрақызыл камераларды жақсарту үшін қолданылады. Сонымен қатар, оны Күн энергиясының концентрациясы бойынша қолданылатын технологияларда жылуды жұту үшін, ал әскери ортада Vantablack-ты арнайы камуфляж жасау үшін пайдаланады. Алайда, Vantablack-ты ойлап тапқан ғалымдарға журналисттермен әскери қолданыс жөнінде сөйлесуге және бағасын айтуға тыйым салынған.
Адамның көзі Vantablack-ты жай қара зат деп көрмейді. Түскен сәуле толықтай шағылмайтын болғандықтан, адам оны тұңғиық немесе қара құрдым секілді қабылдайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.