From Wikipedia, the free encyclopedia
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы — Қазақстанның басты телеарналарының бірі. 1958 жылы негізі қаланған. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы құрамына кіреді. 2011 жылғы 1 қыркүйектен бері тек қазақ тілінде хабар таратады. Телеарнаның 14 аймақта және Алматы қаласында филиалы бар.
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы | |
2017 жылғы 28 тамыздағы жаңа логотипі | |
Ел | |
---|---|
Хабар тарату аумағы |
Қазақстан |
Хабар тарату уақыты |
тәулік бойы |
Хабар тарату тілдері | |
Басқару орталығы |
Астана, Қонаев к-сі, 4 (Қазмедиа орталығы) |
Бейне форматы |
SD 16:9 (2012 жылдан бері) |
Арнаның тақырыптамалары |
әмбебап |
Хабар таратуын бастады | |
Аудитория үлесі |
9,71% (3-орын, мамыр 2024, K Research Central Asia[2]) |
Иесі | |
Директоры | |
Бұрынғы атаулары |
Қазақ теледидары (1958-1992)
|
Туыстас арналар |
Qazaqstan International |
Арна дауысы |
Қуат Ахметжанов |
Сайт | |
Қолжетімділік | |
Эфир | |
Қазақстан |
|
Спутник | |
ҚазСат-3 | |
OTAU TV |
|
Кабелдік | |
Алма-ТВ |
4[3] |
Digital TV |
3[4] |
ICON |
|
1958 жылы 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. 1959 жылдың сәуіріне дейін қазақ телевизиясында 333 бағдарлама, 497 кинофильм мен киножурналдар дайындалды. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазақ телевизиясы түрлі-түсті бейнеге көшті. Трансляцияның ұзақтығы - 7 сағат, қызметкерлер саны - 412-ге жетті. 11 бас редакция, 4 шығармашылық бірлестік жұмыс істеді. Содан бері телеарнаның техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайып, 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалар арасында төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді. Ал 1994 жылы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп аталды.[5]
Бүгінгі таңда телеарнаның техникалық әлеуеті республика аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ заманауи телетаратылымның барлық талаптарына сай.
Қазіргі таңда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін салтанатты жиындар, телекөпірлер, спорт түрлерінің ең маңызды матчтары Ұлттық телеарнаның техникалық қолдауы арқылы өткізіледі.
Бүгінгі таңда Ұлттық арна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп. Әлемнің түкпір-түкпірін қамтитын тілшілік желі жаңалықтар қызметіне елдегі және төрткүл дүниедегі барлық маңызды оқиғаларды шұғыл түрде жариялап отыр.
Танымдық-тағылымдық, көңілашар ойын-сауық, спорттық бағдарламалары өндірісінде көшбасшы орын алып, ұдайы даму үстіндегі телеарна 2012 жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығынан» хабар тарата бастады. HD форматқа толықтай көшкен телеарна медиа кеңістіктегі әлеуетін жыл сайын ұлғайтуда.
Телеарна өз логотипін тарихында бірнеше мәрте өзгертті.
«Әйел бақыты» — 2013-2017 жылдары Ләйлә Сұлтанқызы жүргізген бағдарлама. Жоба өмірдің қиын кезеңдерінде жолбасшы-серік болып, әйелдерге ақыл-кеңес беруді көздеді.
«Мәселе» (Másele) телебағдарламасы – көрерменнің көкейінде жүрген көптеген сұрақтардың жауабын боямасыз, бұқпасыз, дәлелді сюжеттермен табуға тырысады. Елді не алаңдатса, сол дүние дереу, терең танымдық тұрғыда жарық көреді. Халықтың қордаланған мәселесін эфир барысында шешіп беруге тырысады және қарапайым халыққа түйткілді тақырыптардың шешімін оңтайлы табудың жолдарын нұсқайды. Бағдарламаны журналист Нартай Аралбайұлы жүргізіп, 2017-2022 жылдары арнада көрсетілді.
«Qazaqstan дауысы» – 2013 жылдан бері «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында көрсетілетін халықаралық «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Жобаның басты ерекшелігі – қатысушылар вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалады. Төрт тәлімгер өз шәкірттерін таңдап, оларды жеңіске жетелеу үшін барын салады, өз тәжірибелерімен бөліседі.
«Айтуға оңай...» ток-шоуы – көпшіліктің көңілінен шыққан Ұлттық арнаның әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының бірі. Тележоба 2012-2017 жылдар аралығында эфирге шықты, кейін 2017-2019 жылдары «Qareket» деп аталды. Бағдарламаны танымал журналист Бейсен Құранбек жүргізді.
«Түнгі студия» («Túngi studio») – «Qazaqstan» телеарнасында 2013-2019 жылдары шыққан танымал тележобаларының бірі. Бағдарлама жүргізушісі – қазақстандық продюсер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев (кейін актер Қайрат Әділгерей) болды. АҚШ-тың Late Night Show, Ұлыбританиялық The Graham Norton Show және Ресейдің Вечерний Ургант жобаларының желісінде эфирге шықты. Бағдарламада арнайы қонақ шақырылып, олармен еркін тақырыпта әзіл-қалжыңға толы әңгіме өрбиді. Жоба 2022 жылы қайта эфирге шығып, «Jibek Joly» арнасынан көрсетіле бастады.
«Екі жұлдыз» – «Қазақстан» ұлттық телеарнасында 2007-2011 жылдары, кейін ұзақ жылдардан соң 2019 жылы көрсетілген шоу бағдарлама. Жобаның мақсаты алуан түрлі салада белгілі болған тұлғаларға ән айтқызу. Жоба жарыс түрінде жүрді, әр жұптың бір мүшесі кәсіби әнші болуы міндетті.
«Егіз лебіз» – 2020 жылдан бері шығып келе жатқан музыкалық жоба. Телешоуда кәсіби вокалистер мен өзге саланың өкілдері бірге ән айтып, жұп болып жарысады. Барлық музыкалық шығарылым жанды дауыспен орындалады. Әр кезең сайын қазылардың ұпайы мен көрермен берген дауыс қосындысы бойынша аз көрсеткіш алған бір жұп жобадан шығады. Финалда 3 жұп бақ сынайды.
№ | Филиал атауы | Телеарна
атауы |
Ашылған
жылы |
Филиал директоры |
---|---|---|---|---|
1 | Абай облыстық филиалы | 1965 | Хасен Молдабаев | |
2 | Ақмола облыстық филиалы | 1999 | Берік Әбділманов | |
3 | Ақтөбе облыстық филиалы | 1960 | Ғани Жәпішов | |
4 | Алматы қаласындағы филиалы | — | 2011 | Сәуле Жиреншина |
5 | Атырау облыстық филиалы | 1990 | Талғат Өтеғұлов | |
6 | Батыс Қазақстан облыстық филиалы | 1964 | Клара Қамбетова | |
7 | Жамбыл облыстық филиалы | 1989 | Гүлбаршын Құланбаева | |
8 | Қарағанды облыстық филиалы | 1958 | Берік Дүйсетаев | |
9 | Қостанай облыстық филиалы | 1991 | Ербол Ипбергенов | |
10 | Қызылорда облыстық филиалы | 1991 | Нұрбек Әмиша | |
11 | Маңғыстау облыстық филиалы | 1970 | Әнуарбек Бимағамбет | |
12 | Павлодар облыстық филиалы | 1965 | Гүлнаш Әбішева | |
13 | Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы | 1960 | Разия Ыдырысбаева | |
14 | Шығыс Қазақстан облыстық филиалы | 1958 | Берік Көшербаев | |
15 | Шымкент қалалық филиалы | 1990 | Саламат Омаш |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.