From Wikipedia, the free encyclopedia
Oyan, Qazaqstan — 2019 жылдың 5 маусымы Алматы қаласында құрылған азаматтық қозғалыс. Қозғалыс мақсаты — саяси жүйеге реформа жүргізу және репрессия мен шектетуді тоқтату.
Oyan, Qazaqstan | |
Оян, Қазақстан | |
Ұйым түрі: | |
---|---|
Ресми тілдері: | |
Құрылуы | |
Құрылуы | |
oyan.digital | |
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. |
Дүйім халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты – түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну болғандықтан, өзгерісті қалайтын жастар құрған бұл қозғалыстың атауы қазақтың аса көрнекті ағартушысы Міржақып Дулатұлы жазған өлең жолдарына негізделген. Атауда "Qazaqstan" сөзінің қолданылуы — қозғалыс республиканың бүкіл азаматтарына маңызы бар шараларды алға қоюының белгісі.
2019 жылдың 19 наурызы 30 жылға жуық билік басында болған Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатуына байланысты[1], ҚР Конституциясына сәйкес қалған мерзімге уақытша президент болып Қасым-Жомарт Тоқаевты тағайындалды[2]. Кезекті президент сайлауы 2020 жылдың сәуір айында өтуі тиіс еді[3], алайда 9 сәуір күні Тоқаев «саяси белгісіздікті» болдырмау үшін 2019 жылдың 9 маусымында мерзімінен бұрын сайлау өтетінін мәлімдеді[4]. 21 сәуір күні сайлаудың ашықтығын әрі әділдігін талап еткен Алматының белсенді жастары — Бейбарыс Толымбеков пен Әсия Төлесова жыл сайын өтетін қайырымдылық марафоны кезінде "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген жазуы бар плакат ұстап, дол бойына шыққан[5]. Кейінірек қос белсендімен қоса бес адамды полиция қызметкерлері алып кетіп[6], Бейбарыс Толымбеков пен Әсия Төлесована 15 тәулікке қамауға алған[7].
5 тамыз күні Алматы қаласында өткен баспасөз жиынында бірнеше белсенді жастар бірігіп, Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысын құратындығы жайлы мәлімдеді[8]. Аталған жиында саясаттанушы Димаш Әлжанов, қозғалыстың белсенді мүшелері — Сүйінбике Сүлейменова мен Әсем Жапишева бой көрсетіп, қозғалыстың ешбір саяси партияға қатысы жоқ екенін және ешбір ұйымнан қаржы алмайтындығын, сондай-ақ партия құрып не билікке ұмтылмайтындығын мәлімдеді.
Seruen — көбіне Қазақстанның ірі қалаларында (21 маусым күні Алматы, Астана, Талдықорған, Ақтау, Шымкент және Ақтөбе қалаларында алғаш рет өткен) ұйымдастырылатын Oyan, Qazaqstan қозғалысының азаматтық белсенділігін көрсету мақсатында қозғалыс мүшелерінің жиналуы[9]. Шара мақсаты — оффлайн кездесу мен ашық жерлерде жиналу арқылы, белсенді азаматтарды бетпе-бет араласуына мүмкіндік жасау және әрбір азаматтың бейбіт түрде жиналуға құқығы бар екенін көрсету. Seruen-ге "Oyan,Qazaqstan" қозғалысын қолдайтын кез-келген адам қатыса алады.
1995 жылдың 30 тамызы қабылданған, 9 бөлім, 98 баптан құралған ҚР Конституциясына ширек ғасыр ішінде бірнеше өзгертулер мен түзетулер енгізілген. Қозғалыс мүшелері аталған конституция президент құзыретін кеңейтіп, авторитарлы жүйенің орнауына негіз болды деп есептейді, сондай-ақ сот, парламент және үкіметтің президентке тәуелді екенін алға тартады. Сол себепті қозғалыс белсенділері Ата Заңның халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп қайта жазылуын талап ету мақсатында 30 тамыз күні бейбіт марш өткізуді жоспарлаған. Бұл мәлімдемені байқаған Алматы әкімдігі 28 тамыз күні полиция арқылы Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділерін тілдесуге шақыртқан[10][11][12]. Әкімдіктің аталмыш әрекетін қозғалыс мүшелері конституциялық құқықтың бұзылуы деп бағалалаған. Профилактикалық тілдесуден өтсе де, 30 тамыз күні Алматы қаласында қолдарына плакат, баннер ұстаған қозғалыс мүшелері Жібек жолы көшесінен бастап, Панфилов көшесі арқылы Сорос-Қазақстан қорының ұсынысымен сөз бостандығы мен жергілікті мәселелерді ұжымдық шешуге арналған қоғамдық орынға айналған «Астана» алаңына дейін Марш өткізген[13][14][15].
Азаматтық қозғалыстың 9 бөлімнен тұратын декларациясы 2019 жылдың 5 маусымында жарияланған. Декларация келесі бөлімдерден құралған[16]:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.