From Wikipedia, the free encyclopedia
II Екатерина(Екатерина Алексеевна; туғандағы аты-жөні София Августа Фредерика фон Ангалт-Цербст-Дорнбург, нем. Sophie Auguste Friederike von Anhalt-Zerbst-Dornburg) — 21 сәуір (2 мамыр) 1729, Штеттин, Пруссия — 6 (17) қараша 1796, Зимний Дворец, Санкт-Петербург — орыстың ұлы императоры (1762-1796). Оның билік құрған уақытын Ресейдің Алтын Ғасыры деп санайды.
II Екатерина | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
9 шілде 1762 - 17 қараша 1796 | ||||
Тәж кигізу жорасы | 3 қазан 1762 | |||
Ізашары | Пётр III | |||
Ізбасары | Павел I | |||
Өмірбаяны | ||||
Діні | Православие | |||
Дүниеге келуі | 2 мамыр 1729 Щецин, Пруссия патшалығы | |||
Қайтыс болуы | 17 қараша 1796 (67 жас) Санкт-Петербург, Ресей империясы | |||
Жерленді | Санкт-Петербург | |||
Династия | Асканиялар | |||
Туған кездегі есімі | София Августа Фредерика Ангальт-Цербст | |||
Әкесі | Кристиан Август Ангальт-Цербст | |||
Анасы | Иоганна Елизавета Гольштейн-Готторп | |||
Жұбайы | Пётр III | |||
Балалары | Павел I, Анна Петровна, Алексей Бобринский | |||
Әскери қызметі | ||||
Әскер түрі | Лейб-гвардия | |||
Атағы | Полковник | |||
Басқарды | Преображенское полкі лейб-гвардиясы Семёновское полкі лейб-гвардиясы Измайлово полкі лейб-гвардиясы Атты полкі лейб-гвардиясы | |||
Қолтаңбасы | ||||
Монограммасы | ||||
Марапаттары | Әулие Андрей ордені Әулие Екатерина ордені Әулие Георгий ордені Әулие Владимир ордені Әулие Александр Невский ордені Әулие Анна ордені Қара қыран ордені Серафимдер ордені Ақ қыран ордені | |||
Catherine II of Russia Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Неміс ақсүйегінің отбасында дүниеге келген. 1745 жылы Ресей патшасының мұрагері Петр ІІІ-ге тұрмысқа шығады. Жас кезінен өте алғыр, еңбекқор болғандықтан, орыс тілін тез үйренеді. Петр III таққа отырғаннан кейін князь Г.Г.Орловтың көмегімен сарай гвардиясына төңкеріс ұйымдастыртып, күйеуін тақтан тайдырады. Баласы Павел жас болғандықтан, таққа өзі отырады. Екатерина II билік еткен кезең орыс дворяндары үшін «алтын заман» болды. 18 ғасырдың 2-жартысындағы Ресей империясында болған өзгерістердің барлығы осы патшайымның есімімен тығыз байланысты. Екатерина II -нің тұсында сарай төңірегіне А.Р.Воронцов, П.А.Румянцев, Г.А.Потемкин, А.В.Суворов, Ф.Ф.Ушаков, т.б. ірі-ірі мемлекет және әскери қайраткерлер топтасты. 1765 жылы помещиктік жер иелену мұрагерлікке қалдырылып, шаруаларды қанау күшейді. Дворяндарға Оңтүстік Ресейден қосымша 800 мың га жер шаруаларымен бірге үлестірілді. 1773-75 жылдары Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі асқан қаталдықпен басып жаншылды. Жаңа көтерілістерді болдырмау үшін үкімет 1775 жылы басқару реформасын жүргізіп, губерниялық әкімшілік басқару жүйесін жетілдірді. Патша саясатына наразыларды бақылап отыру үшін арнайы мемлекеттік тыңшылар кеңсесі құрылды. Бұл орган алғашқы орыс демократтары А.Радищевті, А.Новиковты, т.б. қатты қудалады. Сыртқы саясатта Қара теңіз үшін Осман сұлтандығымен бірнеше соғыс қимылдарын жүргізді. Революцияшыл Францияға қарсы Еуропа монархтарымен одақ құрылып, Ресей әскерлері Батыс Еуропадағы соғыс қимылдарына белсене араласты. 1772, 1793 және 1795 жылдары Пруссия, Австрия мемлекеттерімен бірлесе отырып, Полыданы бөліске салып, поляк халқын тәуелсіздігінен айырды. Екатерина II кезінде Ресей империясының Еуропа елдері арасында ықпалы күшейіп, беделі артты. 1775 жылы шығарылған Ереже бойынша қазақтарды бақылау Сібір және Уфа генерал-губернаторларына тапсырылды. Қазақтармен тікелей қарым-қатынас жасау Орынбор оберкомендантына, кейіннен осы мақсатта арнайы құрылған Орынбор шекара комиссиясына жүктелді. Бұл кезде Кіші жүзде хандық билік әлсіреп, саяси және ру таласы күшейіп кетті. Осыны шебер пайдаланған Ресей үкіметі Кіші жүзге біртіндеп ену саясатын қолданып, өзен бойларына жаңа бекіністер салды. Бекіністерді күзетуші Жайық казактары Кіші жүз руларына жиі-жиі күш көрсетіп отырды. Мұндай қысымға қарсы Кіші жүзде Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысы болды (1783-1797). Көтеріліс патша үкіметіне ғана емес, Нұралы ханға да карсы бағытталды. Кіші жүзде хан үкіметін жою үшін осы оқиғаны пайдаланған Екатерина II көтеріліс басшыларымен келісе отырып, 1886 жылы маусымда Нұралыны хандықтан айырған үкімге қол қойды. Бірақ үкіметтің Кіші жүзді тікелей басқаруға тырысқан әрекеті сәтсіздікке ұшырап, көтеріліс әрі қарай күшейді. Сондықтан патша хандық жүйені қалпына келтіріп, 1791 жылы Ералыны хан етіп бекітті. Орта жүз бен Ұлы жүзде бұл кезеңде саяси жағдай біршама тұрақты еді. Абылай хан ешкімге бағынбай, дербес саясат ұстанды (қ. Абылай). 1781 жылы Абылай хан қайтыс болып, орнына үлкен ұлы Уәли хан сайланды. Екатерина II оған өздерінің Уәлиді Орта жүздің ханы деп бекітетіні жөнінде грамота мен арнайы сыйлық жіберді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.