Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Павел I (20 қараша (1 қазан) 1754, Елизавета Петровнаның жазғы сарайы, Санкт-Петербург — 12 (24) наурыз 1801, Санкт-Петербург[1]) — Ресей императоры (1796—1801), Петр III мен Екатерина II-нің баласы. Оның Александр (болашақ император Александр I), Константин, Николай (болашақ император Николай I), Михаил атты ұлдары мен 6 қызы болған. 1783 жылдан анасы Екатерина ІІ-ден бөлек Гатчинодағы сарайда тұрды. Павел I мемлекеттің ішкі саясатында Екатеринаның тәртібіне қарсы бағыт ұстаған болды. Бірақ шын мәнінде Павел I Екатеринаныц ішкі саясаттағы жолын ұстады. Ұлы француз революциясы мен Ресейде шаруалар толқуынан қорыққан Павел I қатал реакциялық саясат жүргізді. Қатаң цензура енгізіп, жеке меншік баспаханаларды жапты (1797), шетелдік кітаптарды алып келуге тыйым салды (1800), озық ойлы адамдарға төтенше полициялық шаралар қолданды, ірі помещиктердің мүдделерін қолдап, оларға 600 мыңнан астам шаруаларды басыбайлы етіп берді. Шаруалардың қарсылығын басу үшін жазалаушы экспедицияларды және басқа заң актілерін пайдаланды. Армияға Пруссия үлгісі бойынша реформа жүргізді. Екатерина II сыртқы саясатын жалғастыра отырып, Павел I Францияға қарсы коалициялық соғысқа қатысты. Павел І-нің ұсақтығы, қызба мінезділігі дворяндар арасында наразылық тудырды. Англиямен сауда қатынасын бұзғаннан кейін наразылық күшейе түсті. Гвардиялық офицерлер астыртын әрекетке әзірленіп, 11 марттан 12 мартқа қараған түні Михайловск бекінісінде Павел І-ні өлтірді.
Павел I орыс. Павел I | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
6 (17) қараша 1796 — 12 (24) наурыз 1801 | ||||
Тәж кигізу жорасы | 5 (16) сәуір 1797 | |||
Ізашары | Екатерина II | |||
Ізбасары | Александр I | |||
| ||||
6 (16) желтоқсан 1798 — 12 (24) наурыз 1801 | ||||
Ізашары | Фердинанд фон Гомпеш | |||
Ізбасары | Александр I | |||
| ||||
1 шілде — 14 желтоқсан 1773 | ||||
Ізашары | Кристиан VII | |||
Ізбасары | Ольденбургтық Фридрих Август I | |||
Өмірбаяны | ||||
Дүниеге келуі | 20 қыркүйек (1 қазан) 1754 Санкт-Петербург | |||
Қайтыс болуы | 12 (24) наурыз 1801 (46 жас) Санкт-Петербург | |||
өңдеу |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.