Айыр өркешті түйе (лат. Camelus bactrianus) — түйе туысына жататын сүтқоректі. Дене ұзындығы 250-360 см, биіктігі 180-210 см. Жабайы айыр өркешті түйе (1877) Н. М. Пржевальский ашқан Моңғолия шөл даласында ғана кездеседі. Қазақстанда 18 ғасырға дейін жойылмай ұсақ үйір құрып тіршілік еткен. Сирек кездесетін жануар саны 400-600-ден аспайды. Үй жануарлары ретінде Орталық Азияда және Қазақстанда өсіріледі. Жабайы айыр өркешті түйе қолдағылардан айырмашылығы өркештері кішіріктеу және аяқтары ұзын[1][2].

Quick Facts Айыр өркешті түйе, Амандық күйі ...
Айыр өркешті түйе
Thumb
Айыр өркешті түйе
Амандық күйі
Thumb
Жойылу қаупіндегілер (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Camelidae
Тегі: Camelus
Түрі: C. bactrianus
Екі-есімді атауы
Camelus bactrianus
Линней, 1758
Thumb
Ареал
Close

Айыр (қос өркешті) түйе — сірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. А.т. екі өркеші бір-біріне жаналас, арасына екі кісі еркін орналаса алатындай алшақ орналасқан. А.т. негізгі мекендеген ортасына қарай Қазақстандық, Моңғолиялық, Астрахандық (қашақа), Орта Азиялық, т.б. болып бөлінеді. Бұлардың ішінде кең тарағаны қазақстаңдық қос өркешті түйе - қазақы бактриан. А.т. Қазақстанда өсірілетін түйенің 95 пайызын құрайды. Өте жүндес, шудалы болғандықтан, суыққа төзімді, шөлейт, қуаң далалы өңірде өсіруге жақсы бейімделген. Тірілей салмағы - 500-650 кг, таза ет шығымы — 60-62%. Әр інгеннен 7 айда орта есеппен майлығы 5,5% 1200 кг сүт сауылады, таза жүн түсімі 80-85% 6-7 қг жүн қырқылады. А.т. шамамен 35-40 жыл жасап, жұмыста 20-25 жыл пайдаланылады. 2-3 жасында жынысы жетіледі, бірақ інгені (бұзбашасы) алғашқы рет 3-4 жасында қайытылады, бурасы 5-6 жасында келеге шағылысқа түсіріледі. Буаз а.т. інгені 410 күн көтеріп, екі жылда бір жалқы боталайды. А.т. тұқымын асылдандыру жұмысымен Қазақтың ғылыми-зерттеу қаракөл шаруашылығы институты айналысқан[3].

Галерея

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.