Ақбас тырна (лат. Anthropoides virgo) – тырнатәрізділер отрядына жататын құс.[1]
Ақбас тырна | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||
Anthropoides virgo (Карл Линней, 1758) [originally Ardea] | ||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||
|
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы далалы және шөл-шөлейтті аймақтарды мекендейді. Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда Ақбас тырнаның денесі кіші болып келеді. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатының ұзындығы 42 – 54 см, салм. 2 – 3 кг-дай. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап, «тырналар биін» билейді. Жұптасып, жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп, ұя салады. Мекиені мен қоразы 1 – 2 жұмыртқаны 28 – 30 күндей кезектесіп басады. Ақбас тырна – жыл құсы. Қыркүйек – қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Солт.-шығыс Африка, Палестина, Ирак, Үндістан, Пәкістан, Бирма жерлерінде қыстайды. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары ұялау мекені тарылып, саны күрт төмендеді. Бірақ 1970 – 1980 жылы саны қайтадан көбейе бастады. Ақбас тырна қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[2][3]
Суреттер
-
Chick with parent
-
Flying in Mongolia
-
Upper body
-
Top of head
-
Museum specimen
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.