Нацистік Германия
Адольф Гитлер басшылығындағы Германия (1933–1945) / From Wikipedia, the free encyclopedia
Нацисттік Германия[~ 1]; гитлерлік Германия, Үшінші рейх[1] (нем. Das Dritte Reich) немесе фашистік Германия; 1943 жылға дейін ресми атауы – Германиялық рейх (нем. Deutsches Reich), сосын Ұлы Германиялық рейх (нем. Großdeutsches Reich) — Адольф Гитлер басқарған[~ 2] Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшылар партиясының 1933 жылдан 1945 жылға дейін тоталитарлық диктатура басқару кезеңіндегі неміс мемлекетінің тарихи атауы.
Неміс рейхі нем. Deutsches Reich (1933 – 1943) Ұлы Германиялық рейх нем. Großdeutsches Reich (1943 – 1945) 1933–1945 жылдардағы Германия | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Ұраны «Бір халық, бір рейх, бір фюрер» нем. Ein Volk, ein Reich, ein Führer | |||||||||
Әнұраны «Немістердің әні» (нем. Deutschlandlied) «Хорст Вессельдің әні» нем. Horst-Wessel-Lied | |||||||||
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германияның аумақтық бақылауы (1942 жылдың аяғы): Германия | |||||||||
Астанасы | Берлин | ||||||||
Ірі қалалары | Берлин, Нюрнберг, Мюнхен, Дрезден, Гамбург, Вена, Дюссельдорф | ||||||||
Тіл(дер)і | неміс тілі | ||||||||
Діні | зайырлы мемлекет | ||||||||
Ақша бірлігі | рейхсмарк (ℛℳ) | ||||||||
Аумағы | 633 786 км² (1938) 823 505 км² (1940/41) | ||||||||
Халқы | 79,375,281 (1939) 109,518,183 (1940) | ||||||||
Басқару формасы | Тоталитарлы диктатурадағы Унитарлы Нацистік бірпартиялы фашистік мемлекет | ||||||||
Фюрер | |||||||||
- 1934 – 1945 | Адольф Гитлер | ||||||||
Рейхспрезидент | |||||||||
- 1934 жылға дейін | Пауль фон Гинденбург | ||||||||
Рейхсканцлер | |||||||||
- 1933 – 1945 | Адольф Гитлер | ||||||||
- 1945 | Йозеф Геббельс | ||||||||
- 1945 | Людвиг Шверин фон Крозиг | ||||||||
← Саар облысы ← Бірінші Аустрия Республикасы ← Клайпеда аймағы ← Чехословакия ← Польша Республикасы (1918-1939) ← Дания ← КСРО Польша Халық Республикасы → Чехословакия → Одақтастар әскерлерінің Аустрияны басып алуы → |
Нацистік Германияның тіршілік кеңістігі, «арийлердің» нәсіл тазалығы, антисемитизм, Версаль келісімі нәтижесінде Германияның жерінің қысқартылғаны және сол арқылы абыройының аяқасты етілгені үшін кек алу, Кеңес Одағына қарсы бағытталған антикоммунизм секілді ұғымдарға негізделген саясаттары Екінші дүниежүзілік соғыстың және соның кезінде фашистік режимнің миллиондаған еврейлерді, саяси қарсыластарын және басқа да топтарды Холокост немесе Шоа деген атпен белгілі қырып-жоюының басты себептері болып саналады.
Соғыстың аяғына қарай Германияның инфраструктурасы қирап, одақтастардың бомбылаулары және қала ішінде жүргізілген ұрыстардың нәтижесінде (әсіресе 1945 жылы Берлин қаласының ішінде болған ұрыстардың нәтижесінде) басты қалалары үйінділерге айналды.
Нацист билігінің кезінде Германия, әскери және территориялық тұрғыдан алғанда, 1940-шы жылдардың басында Еуропаның билеуші мемлекетіне айналды. 1938 жылы Аустрияны өзіне қосып алғаннан кейін Қасиетті Рим империясы заманынан бері Аустрияны қамтыған алғашқы герман мемлекетіне айналды. Нацист режимі 1945 жылы күйрегеннен кейін Аустрия қайтадан тәуелді мемлекетке айналды. Сол күйреудің тағы бір нәтижесі – Германия өзінің Пруссия деген өте маңызды тарихи аймағынан толығымен айырылып қалды.