From Wikipedia, the free encyclopedia
Құралай Халекетқызы Ешмұратова (4 шілде 1945, Семей) — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994), Астана қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық өнер академиясынің профессоры.
Құралай Халекетқызы Ешмұратова | ||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||
Туған жері | ||||||||
Азаматтығы | ||||||||
Мамандығы |
театр режиссёрі, педагог - профессор | |||||||
Белсенді жылдары |
1967 - осы уақыт | |||||||
Марапаттары |
|
Ешмұратова Құралай Халекетқызы 4 шілде 1945 жылы Семей өңірінде дүниеге келді. Руы Уақ, Орта жүз.
Құрманғазы атындағы консерваторияның театр бөлімінде профессор, КСРО халық әртисі А.Т. Тоқпановтың шеберханасында дәріс алып, 1967 жылы оқу орнын бітіріп шықты.
1967-2002 жылдары Алматы қаласындағы Республикалық Қуыршақ театрында режиссер болып жұмысын бастап, репертуарына бірнеше ұлттық және шетелдік классикалық қойылымдар қойды. Алматы қаласындағы Республикалық қуыршақ театрының шығармашылық ұжымын отыз жылдан астам басқарды.
1972-1974 жылдар аралығында режиссерлық білімін шыңдау үшін Мәскеу қаласында КСРО халық әртисі, куыршақ өнерін қалаушы С.В. Образцовтың шеберханасында дәріс алды
2007 жылы К.Х. Ешмұратова, КСРО Халық әртісі С.В. Образцовтың Кеңес қуыршақ өнерінің негізін қалаушысының шәкірті, Астана қаласындағы Мемлекеттік Жас көрермен театры жанындағы қуыршақ театрының ашылуына белсенді ықпал етті. Театр "Қыз Жібек" халық поэмасының негізі бойынша "Махаббат туралы аңыз" қойылымымен ашылды.
Осы жылы Қ.Х.Ешмұратованың белсенді қатысуымен Қазақ ұлттық өнер университетінде қуыршақтар театрының бөлімшесі ашылады.[1]
2010 жылы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша қуыршақ театры дербес мәртебені "Мемлекеттік қуыршақ театры" атағын иеленеді және көркемдік жетекшісі болып Ешмуратова Қ. Х. тағайындалды.[2]
Қазіргі уақытта, режиссерлық қызметімен бірге Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық қызметін жалғастыруда.
1967 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін, Ешмұратова Құралай Халекетқызы Қазақстан қуыршақ театрларында балалар мен ересектерге арналған жүзден астам спектакль қойылды.
Ешмұратова Құралай Халекетқызы өзінің шығармашылық жолында драматургтар О. Бодықов, С. Омаров, О. Аубәкіров, Н. Оразалин, С. Жунісов, композиторлар Л. Хамиди, Е. Рахмадиев, Н. Тілендиев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, Е. Хасанғалиев, В. Булгаровский сияқты еліміздің біртуар өнер қайраткерлерімен қызметтес болды.
1974 жылы С.В. Образцовтың жетекшілігімен, А. Табылдиевтің "Ең ұлы алыптар" (Самый великий великан) пьесасы бойынша қойылған спектакль, Қ. Ешмұратованың жоғары режиссерлік курстарын аяқтаған дипломдық спектакльге айналды
1974 жылы Қырғыз КСР, Фрунзе қаласында өткен Орта Азия және Қазақстан қуыршақ театрларының бірінші халықаралық фестивалінде "Кербақбай" деген атауға болады.
1970 жылдардың соңында, театр үшін үлкен оқиға, И. Штоктың қазақ тобында ересек көрермендерге арналған "Божественная комедия" қойылымы болды. Онда алғаш рет қара кабинет пен планшеттік қуыршақтар қолданылады. Осы жылдары ересек көрермендерге арналған бірқатар спектакльдер қойылды: О. Бодықовтың "Сабираның әлегі", "Орашалақ Ораш", О. Әубәкіровтың "Көрсең де арманда", "Терісқақбай", "Жолдастар", "Келіңіздер – көріңіздер!", С. Жүнісовтың "Жығылып-сүрініп…"
1977 жылы Қарақалпақ АКСР-да болған гастрольдік сапарында О. Бодықовтың (режиссер Қ. Ешмұратова) "Сабираның әлегі" спектаклінің мыңыншы қойылымы өтті, Онда ол Қарақалпақ АКСР Мәдениет министрлігінің грамотасымен марапатталды.
1978 жылы Өзбек КСР, Ташкент қаласында өткен Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінде "Спорт және Қожа" спектаклі бірінші дәрежелі диплом алған.
1981 жылы К. Х. Ешмұратованың қойылымында “Спорт және Қожа”, Н. Оразалинның "Ақ құс туралы аңыз" және Қ. Амангелдиновтың "Жомарт" атты спектакльдері алғаш рет театр тарихында Вьетнам және Кампучия бойынша гастрольдер өткізіп, онда вьетнамдық және кампучиялық балалар үлкен құрметке ие болды.
1987 жылы Құралай Халекетқызы қазақ халқының “Қанбақ шал” ертегісіне инсценировка жасап, сахнаға шықты. Аталмыш қойылым 1994 жылы Иранда өткен Дүниежүзілік Қуыршақ театры фестивалінде “Алтын Маска” құрмет наградасымен марапатталды. Сол жылдары Н. Оразалиннің "Тарқамайды тойымыз" спектаклі қойылды. Бұл спектакльге 15 Республиканың қуыршақтары, бүкіл Кеңес Одағы қатысады. Спектакль қырық жылдан астам Алматылық қуыршақтар театрының репертуарынан түспейді және бірнеше рет Кеңес Одағы қуыршақтар театрларының халықаралық фестивальдерінде ғана емес, Чехословакия, Қытай, Жапония, Ресей және т. б. сияқты шетелдік фестивальдер мен гастрольдерде де дипломдар алған.
1990-2000 жылдары режиссер К. Х. Ешмұратова И. Крянгеның "Алтын әтеш", Л. Симоновтың "Құдіретті сөз", "Аяз Ата мен Кикимора", "Машенька және аю", "Аяз Ата мен жаз", орыс халық ертегілерінің желісі бойынша А. Табылдиевтің "Наурыз келді", "Жаңа жыл ертегісі", "Сиқырлы сөздер", Ю. Ходжаевтың "Приключения в стране Светофории", "Тұт ағаштың саясында" және т. б. спектакльдер қойды.
2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Астана қаласының мемлекеттік қуыршақ театрында көркемдік жетекші ретінде К.Х. Ешмұратова түрлі жанрда бірқатар спектакльдер жасады. Осы жылдары трагедия жанрында екі спектакль қойылды: "Махаббат туралы аңыз" желісі бойынша "Қыз Жібек" пен Р. Мұқанованың "Мәңгілік балалық шақ" және Семей полигонының құрбандарына арналған С. Жүнісовтың "Атамекен" спектаклі.
2010 жылы Алматы қаласының Мемлекеттік Қуыршақ театры “Қанбақ шал” қойылымымен Франция, Жапония, Чехословакияда өткен халықаралық фестивальдерге қатысып үлкен жетістіктермен оралды, және “Тарқамайды тойымыз” қойылымы Мәскеу қаласында өткен гастрольдік сапарда көрермендерің зор ілтипатына ие болды.
Ерекше спектакльдердің бірі Қ. Ежембековтың "Ертөстік", онда қазіргі заманғы рэп музыкасы мен билері байырғы қазақ халқының әндерімен, билерімен, дәстүрлерімен ұштасқан.
Режиссер Е. Жуасбековтың "О, тоба!", М. Тойбаевтың "Құрметті сөздер" қойылымындағы спектакльдер әкелер мен балалардың мәселелерін, үлкендерге деген құрмет, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен адамдар сыйластығының құндылықтарын көрсетеді.
Р. Киплингтің "Маугли" желісі бойынша "Ана жүрегі" спектаклінде режиссер басқа қойылымдар сияқты Маугли ұлын емес, оның анасы, Қасқыр Ракшаны кейіпкер етеді. Ракша Маугли үшін жауапты сәтте, жолбарыс Шерханмен ұрысқа түсіп, өзінің үйірін, яғни өз халқын қорғаушы адам қылып тәрбиелейді.
2015 жылы Құралай Халекетқызының туғанына 70 жыл және шығармашылық қызметіне 50 жыл толуына орай "Құралай" І- Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі ұйымдастырылды. Халықаралық фестиваль Астана қаласы күнін мерекелеу аясында өтті. Оған Перу, Эстония, Сербия, Румыния, Болгария, Тәжікстан, Ресей елдерінен келген шетелдік қонақтар қатысты. Фестивальді Астана қуыршақ театры С. Жүнісовтың "Атамекен" спектаклі, мерейтой иесі К. Ешмұратованың қойылымында ашылды.[3]
2018 жылы Астананың 20 жылдығына орай 1 шілде мен 4 шілде аралығында республиканың еңбек сіңірген әртісі Құралай Ешмұратова атындағы "Құралай" ІІ- Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтті. Спектакльдер астаналық қуыршақ театрының сахнасында өтті. Фестивальға Тунис, Босния және Герцеговина, Бельгия, Италия, Польша, Түркия, Эстония, Сербия, Ресей және Қазақстанның танымал қуыршақ театрлары қатысты.[4]
Мұғалімдер: Халық әртісі профессор А.Тоқпанов, еңбек сіңірген өнер қайраткері профессор Р.М.Қанабаева, КСРО Халық әртісі қуыршақ өнерінің негізін қалаушы С.В. Образцов.
Оқушылар: Қазақстан мен Ресей қуыршақ театрларының жетекші еңбек сіңірген актерлері.
Әкесі - Халекет (Халеолла) Ешмұратов - ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртісі, анасы - Ғайникамал Әмірбекова - театрдың жетекші актрисасы, балерина. Отбасында ұш қыз дүниеге келген: Тоғжан Хасанғалиева - Астана қаласының "Қуыршақ театрының" директоры, театр тану және философия ғылымдарының кандидаты, "Құрмет" ордені иегері; Айжан Салаева - қоюшы-режиссер, өнертану ғылымдарының магистрі; Анар Ешмұратова - философия докторы.
Ешмұратова Қ.Х. “Қуыршақ театрының құпиялары” / Астана, 2013 ISBN 978-9965-881-93-0
Қазақстан қуыршақтар театрының өнері туралы "Қуыршақтар театрының құпиялары" монографиясы, көптеген мақалалар, жазбалар, қуыршақ жүргізу өнері бойынша әдістемелік құралдар шығарылды.
Талантты режиссер Қ.Х. Ешмұратованың қойған қойылымдары бірнеше республикалық, халықаралық фестивальдарға қатысып, дипломдармен және мақтау қағаздармен марапатталды.
"Сахнагер-2017" бірінші ұлттық театр сыйлығының лауреаты.[5]
Бірнеше ордендер мен медальдардың иегері: "Халықтар достығы" және "Құрмет белгісі" (1986), "КСРО Еңбек ардагері" (1988), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011), "Ерен еңбегі үшін" (2012)[6], "Еңбек ардагері" (2015), "Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы" құрмет белгісі.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.