Әдібай Табылды (2 ақпан 1926 ж.т., Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы) – ақын, жазушы, драматург, педагогика ғылымдарының докторы (2005), профессор (2005), Қазақ КСР-і және КСРО Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007).
- 1948 жылы Тараздағы Абай атындағы педагогикалық училищені бітірген.
- ҚазПИ-ді (1955, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
- Еңбек жолын 1944 жылы Т.Рысқұлов ауданында мұғалім болудан бастаған.
- 1944 – 46 жылы әскер қатарында қызмет етті.
- Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданындағы мектепте мұғалім (1946–50), оқу ісінің меңгерушісі (1950–57), директор (1957–68)
- «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968–72), редакция меңгерушісі (1972–80) болды.
- 1980 жылдан қазіргі ҚазҰУ-да оқытушы (1980–90), доцент (1991), 2005 жылдан профессор қызметін атқарды.
- 2004 ж. «Қазақ этнопедагогикасының негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-әдістемелік еңбектері мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерін тәрбиелеу және оқыту, этнопедагогикалық мәселесіне арналған.
- 1965 жылдан бастап 120 энциклопедиялық ғылыми мақала, 10-нан астам ғылыми-әдістемелік оқу құралдары, бағдарламалар мен кітаптардың авторы:
- «Халық тағылымы», 1992;
- «Тағылым» (1995)
- «Қазақ этнопедагогикасы оқытудың әдістемесі», 2000;
- «Қазақ этнопедагогикасының методологиясы мен этнопедагогика және мәдениеттану мәселелері» (2000)
- «Қазақ этнопедагогикасы», 2001, Ы.Алтынсарин атындағы республикалық сыйлық;
- «Этнопедагогикалық оқылымдар», 2005; т.б.) .[1][2]
Балаларға арнап 31 кітап шығарды.
- 1959 жылы шыққан «Бөбекке сөз» жинағы
- 2000 жылы жарық көрген «Қайырлы таң, балалар» атты жинағы
- Сатира жанрында да қалам тартып «Қой бағу оңай ма?»
- «Мен кіммін, білесің бе?» деген жинақтар шығарды.
- «Алыптардың алыбы»
- «Бәрекелді, Кірпі»
- «Ғажайып бақ» ертегі пьесалары республикалық қуыршақ театрында қойылды.
- 2001, Ы.Алтынсарин атындағы республикалық сыйлық.[3]
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6