![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8d/Dipsacus_fullonum1.jpg/640px-Dipsacus_fullonum1.jpg&w=640&q=50)
Қожакендір
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қожакендір (лат. Dipsacus) – ұшқаттар немесе қожакендірлер тұқымдасына жататын екі, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қожакендір | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Dipsacus fullonum
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
15 түрі белгілі |
Қазақстанда Тобыл, Есіл, Ертіс бойы мен Ақтөбе, Торғай, Балқаш – Алакөл, Тарбағатай, тағыда басқа жерлердегі бұта арасында, тау етегіне таяу белдеулерде, тастақты беткейлерде, тау өзендерінің аңғарларында кең тараған. 4 түрі бар, оның 1 түрі (D. satіvus) Оңтүстік Қазақстанда арнайы өсіріледі. Биіктіі 0,5 – 2 метр. Сабағы тік, тікенекті, екі айырланып бұтақтанған. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді тілімделген, өркенге қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шоғырланып орналасады. Сыртқы тостағанша жапырақшасы (жамылғысы) 8 қырлы, ішкісі – 4 қырлы. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі – жаңғақ. Құрамындағы алкалоидтер дәрі алу үшін пайдаланады. Қожакендір барқыт, драп, тағыда басқа кездемелердің түгін шығару үшін тоқыма өнеркәсібіне қолданады.[1]