Ақтөбе
Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақтөбе ( тыңдау) — Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы.
Қала | |||
Ақтөбе | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел |
ҚазақстанҚазақстан | ||
Статусы |
облыс орталығы | ||
Облысы | |||
Ішкі бөлінісі | |||
Әкімі |
Азамат Бауыржанұлы Бекет | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
50°18′ с. е. 57°10′ ш. б.50.300° с. е. 57.167° ш. б. / 50.300; 57.167 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1869 | ||
Қала статусы |
1891 | ||
Жер аумағы |
297,39 км² | ||
Орталығының биiктігі |
225 м | ||
Климаты |
континенталды | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
559 965[1] адам (2023) | ||
Тығыздығы |
1886 адам/км² | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (81,39%) | ||
Этнохороним |
ақтөбелік, ақтөбеліктер | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 7132 | ||
Пошта индекстері |
030000—030021 | ||
Автомобиль коды |
04 | ||
Ақтөбе қаласының әкімдігі | |||
Ортаққордағы санаты: Ақтөбе |
Ақтөбе Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы — 297,39 км². 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылдық округ енген жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 2 338 км² тең болды. Қаланың ішімен [Елек өзені] мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді.
Ақтөбе Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша төртінші орында, Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы. Халық саны — 497 381 адам (1 қазан 2019[3]). Ақтөбеде көптеген этностар өмір сүреді. Қазақтар>дан (76,3%) кейін саны жағынан ең көп этнос өкілдері орыстар (16,89%) болып табылады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар мен христиандар. Қала әкімшілігіне бағынышты бес ауылдық округте 51 508 адам өмір сүреді. Болашақта 1,3 млн адамды «сыйдыруға» тиіс қалыптасып жатқан Ақтөбе агломерациясының құрамына Ақтөбе маңындағы онға жуық елді-мекен кіреді.
Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланды. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысының құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Азаматтық соғыс кезінде Ақтөбе Торғай өңірінің революциялық күштерінің орталығына айналды. Қала кезекпен ақтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата кеңес өкіметі орнады. 1921 жылдан бастап Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы. 1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округінің орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Бүкіл өңір тұрғындары секілді ақтөбеліктер 1920-шы және 1930-шы жылдары орын алған ашаршылықтан жапа шекті. Ұлы Отан соғысы жылдары қалада бірнеше әскери жасақтар құрылып, жау басып алған аймақтардың кәсіпорындары Ақтөбеге көшірілді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан бастап Ақтөбе тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамындағы Ақтөбе облысының орталығы. Қазіргі таңда химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған Ақтөбе қаласы Қазақстанның ірі индустрия және мәдениет орталықтарының бірі.