Лудомания (латын тілінен аударғанда ludo — мен ойнаймын және ежел.грек тілінен μανία - құмарлық, ақылсыздық, құштарлық), құмар ойын, құмар ойынға тәуелділік,(ағылшынша gambling - ақшаға ойын ойнау) - адамның өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлық. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілді.
Иә, құмар ойындарға бәс тігіп, үйі мен көлігінен айырылған, миллиондаған ақшасын желге ұшырғандар баршылық. Ақпарат құралдары ел тұрғындарының 5%-ы аталған құмар ойындарға тәуелді екенін растап отыр. Ал, оның 82%-ы жеңіліске ұшырайтын көрінеді. Ең қызығы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ойындардың психикалық ауытқуға әкеп соқтыратынын мәлімдеп, адам денсаулығына аса қауіпті сырқат қатарына жатқызып, дабыл қаққан-ды. Соған қарамастан тәуліктеп букмекерлік кеңселерді торуылдаған жастарға тосқауыл боларлық күштің жоқтығы қынжылтады.
Ойын автоматтары дүниежүзінде бұрыннан кең таралған. Осылайша, XX ғасырдың 1970 жылдарында Англияда ойын автоматтарына деген сұраныстың артуына байланысты кинотеатрларға келушілердің саны азайып, олардың жабылуына әкеп соқтырды. АҚШ-та, Р. Фольберг (Volberg, 1996) мәліметі бойынша, «проблемалық геймерлер» саны жергілікті халықтың 5%-на жетіп тұр. Басқа зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, (Ladouceur et al., 1999) 1990 жылдардың бірінші жартысында Канадада проблемалық геймерлердің саны 75%-ға артық өскендігі байқалады. Осыған байланысты көптеген шетелдік зерттеуші құмар ойындары халықтың басым бөлігі үшін қауіп-қатер төндіретін түйінді әлеуметтік мәселе деп санайды. Сонымен қатар, ойынға қатысушылар салыстырмалы түрде алкоголь және басқа психобелсенді заттарға деген тәуелділігі арта түсетіні қамықтырады.
Бейресми деректерге сүйенсек, ел аумағында орналасқан букмекерлік кеңселердің жылдық ақша айналымы 50 млрд теңгені құрайды-мыс. Осыдан да болар, оңай олжаны көксейтін еңбекке осал адамдардың қалтасын қағып жатқан ойын кеңселерінің мұртын балта шаппай тұр. Ойын мекемелеріне берілетін рұқсатнама мерзімі 10 жыл болса, сол лицензияның құны бар болғаны 1 млн 616 мың теңгеге тұрады. Еуропаның біраз мемлекетінде бәс тігуге қатаң тыйым салынған. Ал, АҚШ-тың бірнеше штатында ғана оған рұқсат етілген. Ойынға үзілді-кесілді тыйым салған мемлекеттер: Оңтүстік және Солтүстік Корея, Қытай, Түркия мен Израиль, Сауд Арабия екен. Ал бізде бір ғана орталықтың 327 нысаны жұмыс істейді. Ай санап аранын ашып, күн санап көлемін ұлғайтқан бір «ашкөз» дерсіз. Қайсібір жылдары «BBC» арнасына сұхбат беріп, құмар ойынға қатысты бар шындықты жайып салған «Sportradar» деректерді жинау орталығының директоры Даррен Смол заңды және заңсыз кеңселерді қосқанда, букмекерлік нарықтың құны 700 миллиард доллардан 1 триллион долларға дейін екендігін айтқан болатын. Букмекерлік кеңселер жүйесі бәс тігушінің ұтылу ықтималдығын тым жоғары қоюға жасырын түрде жұмыс атқарады. Соның өзінде, оңай олжаға кенеліп үйренген сұғанақ қолдардың сұранысы бәсеңдемей тұрғаны алаңдатады. Қазақстанға 1990 жылдардың басында келген бұл құмар ойын түрі аз уақыт ішінде аудиториясын барынша кеңейтіп үлгерді.
Алғашқыда «бәс» тек жекпе-жек түрлеріне тігілетін еді. ХХ ғасырдан бастап спорттың әр түріне бойлай бастады. Әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары секілді салмақты да байрақты бәсекелерде спорттың жілігін шағар сарапшылар түрлі болжам айтып, букмекерлік кеңселердің саудасын қыздыруда. Айтқандай, осы жерде естіп-білген бір қулықтың шетін шығаралық. Футбол, теннис, бокс сияқты спорт түрлері кейде букмекерлік орталықтармен келісімшартқа отырып, команданың бағы мен бабын қолдан жасайды деген сыбыс бар. Яғни, кімнің жеңу керетігін, не жеңілу керегін алдынала келісіп қояды-мыс.
Жалғыздық сезімі - адамды алғашқы рет ойнауға итереді, ойын процесінде алынған әсер мен ләззат адамды қайталап ойнауға итермелейді.
Қанағаттанбаушылық сезімі - шынайы өмірде өзіне өзі наразы болып, шынайы өмірге қарағанда, ойында жеңіске қол жеткізу жеңілірек болғандықтан, адам өзін ойында мықты етіп көрсеткісі келеді және ойындағы жетістіктері неғұрлым мол болса, соғұрлым ол осы ойынға қайта қайта оралғысы келіп тұрады.
Оңай олжа сезімі - бір рет ұтып, жеңіл түскен ақшаны қолға ұстағаннан пайда болған адреналинді сезінген адам, осы жетістігін қайталағысы келеді, өкінішке орай көбіне ұту мүмкін еместігін лудомандар білмейді.
Әрқилы тәуелділіктерге тез ергіштік - лудомандар тек бір затқа емес, басқа да құмарлықтарға мысалы: есірткі-алкоголь сусындарына, психологиялық ауытқуларға душар адамдар болғандықтан, құмарлық ойын олар үшін тым қауіпті.
Лудомания дамуының 3 сатысы белгілі (Custer, 1984):
Ұтыс сатысы – әлеуметтік ойын
Ұтылу сатысы – қарқынды ойын
Түңілу сатысы – проблемалы ойын
Ұтыс сатысы келесі белгілермен сипатталады: кездейсоқ ойын, жиі ұтыстарды елестету ойынға ұласады және алдында жүреді, ойын ойнаудың жиіленуі, ұтыс өлшемінің үлкеюі, ойын жөнінде қиялдау, өте ірі ұтыс, себепсіз оптимизм.
Ұтылу сатысы: жалғыз ойнау, ұтыспен мақтану, тек ойын туралы ойлау, ойынды тоқтатуға қабілетсіз болу, жолдастарынан проблеманы жасыру, өтірік айту, отбасы мен жұбайының қамын ойламау, тұлғаның өзгеруі — ашушаңдық, тез шаршау, араласпаушылық, үйдегі ауыр эмоционалдық ахуал, ойын үшін қарыздану, заңды және заңсыз тәсілмен жасалған өте көп мөлшердегі қарыз, қарызды төлей алмау, ойнауды тоқтатам деген жанкешті талпыну.
Түңілу сатысының белгілері: кәсіби және жеке абыройынан айырылу, ойынға жұмсалатын уақыттың айтарлықтай ұзаруы, ұтысқа тігілетін сома мөлшерінің үлкеюі, отбасы мен достарынан алыстау, ар-ұяты мазалау, басқаларға деген жеккөру сезімі, өкіну, үрейлену, заңсыз әрекеттер, сенімсіздік, суицидалды ой мен талпыныстар, ажырасу, түрме, алкогольді шамадан тыс тұтыну, эмоционалды бұзылу.
Лудоманияны емдеу қажеттілігі кемінде 3 себептен туындайды:
Лудоманияға шалдыққан науқастардың шаңырағының шайқалуы және қаржылық қиындықтар Құқыққа қайшы әрекеттердің таралуы, лудоманияға шалдыққан науқастардың 60%–ы құқық бұзады Жоғары суицид қауіп-қатері, лудоманияға шалдыққан науқастардың 13-тен 40% ға дейінгі науқас өзіне-өзі қол жұмсайды, 32-70% лудомандарға суицид жайлы ой туындайды.
Емдеудің бірінші кезеңі – ойын құмарлықтың қалыптасу себептеріне диагностика, сонымен қатар ауыртпалықты бұзылушылықтарды, жеке алғанда, депрессияны жоққа шығару. Жасырын депрессия анықталған жағдайда оны дәрілік емдеу қажет.
Емдеудің екінші кезеңі (психотерапия) – психологиялық түзету, ол жеке және арнайы жаттықтыру топтарында жүргізіледі. Психологиялық көмек: жақын адамдармен тығыз байланысты болу, өзін–өзі реттеу мен қиыншылықтармен күресуге үйрету, жоғалтып алған қасиеттерін қайта тәрбиелеу, жаңа өмірлік әуесқойлықтарды қалыптастыру.
Шариғатта рұқсат етілген көңіл көтерер ойындардың басты ерек-шеліктері - адамға пайдасы және мағыналы болуы тиіс. «Адамның денесі секілді, жүрегі де қалжырайды, сондықтан мағыналы ойын-сауық құрыңыздар», «Жүректі уақытымен демалдырып тұрыңдар, әйтпесе демалмаған жүрек соқыр жүрекке айналады»,- дейді Әли ибн Әбу Тәліб.
Жалпы, спорт адамның денсау-лығын жақсартып, өз-өзін сергек сезінуге күш беретіндіктен, мұндай жан күнделікті діни құлшылықтарын да құштарлықпен жасайтын болады. Өйткені, спортшыда қалжырау, еңсесі түсу деген болмайды. Қазіргі көпте-ген спорт түрлері адам бойындағы ептілікті, күш-жігерді, ширақ қимылдау қасиетін, жүректілікті арттыратыны белгілі. Сондықтан, Алла елшісі (с.ғ.с.) мұсылмандарды спортпен шұғылдануға шақырған. Бірқатар сахих хадистерде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жүгіруден, күрестен жарысқа қатысқандығы, садақ ату, найза лақтыруға үндегені айтылады. Құран Кәрімнің «Әнфал» сүресінің 60-аятында: «Сендер де шамаларың келгенше әртүрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер», - дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Күшті мұсылман әлсізден гөрі жақсырақ», - деген сөзі осы ойымызды қуаттай түседі. Бұхариден жеткен бір хадисте Алла елшісінің (с.ғ.с.) бір топ сахабалардың жанынан өтіп бара жатып, олардың садақ атудан жарысып жатқанын көргенде: «Атыңдар, мен сендермен біргемін», - деп айтқаны келтірілген.
Тыйым салынған ойындар қатарында бүгінгі таңда көп ойналатын нарданы да атауға болады. Мұны ойнаған адам кездейсоқ сәттілік арқасында ғана жеңіске жетеді, бұл миды, күш-жігерді арттыратын сайыс емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Нарда ойнаған адам шошқаның еті мен қанына қолын тигізгенмен бірдей» (Мүслім), «Нарда ойнаушы Аллаға және Оның елшісіне құлақ аспаған болады» дейді (Ахмад, Әбу Дауд).
Жұлдыз жорамал - (ежелгі грек тілінен аударғанда ὥρα-уақыт аралығы, кезең және σonos-бақылаушы) — жұлдыз аспанындағы ғаламшарлардың өзара орналасуын зодиак белгілері бойынша белгілі бір уақыт аралығында ретке келтірілген планеталардың бейнесі. Тағдырды болжау мақсатында астрологияда қолданылады.
Ежелгі дереккөздерде жұлдыз жорамалды Асцендент немесе орналасқан белгі (асцендант белгі) деп те аталған. Сондай-ақ, Алан Лео айналымға енгізген әр түрлі күн белгілеріне арналған тікелей астрологтардың болжамын ел арасында жұлдыз жорамал деп аталды.
Ғылыми тұрғыдан жұлдызнама дегеніміз - жалған ғылыми болжау. Осылайша, ғылым Мишель Гоклен зерттеген астрологиялық негізгі қағидаларының көбісін теріске шығарды.
Эклиптика - аспан саласындағы түзу, ол арқылы жердің қараушылары тарапынан қарағанда, Күн өзінің жылдық қозғалысы жұлдыздар бойымен өткізеді. Жалпы айтқанда египеттік жұлдызнама белгілері көне европалық астрономия шығармаларындағы суреттерге өте ұқсас. Барлық 12 жұлдызнаманы оңай ажыратады. Эклиптика бойында 12 жұлдызнама орналасқан. Осылайша, көктемгі теңелу нүктесі ұзақ уақыт бойы (овен) жұлдызнамасында болған, ол «Т» белгісі ретінде қолданылған және қой мүсінінде бейнеленген.
Зодиак, зодиактік дөңгелек (грекше zodіakos, zoon – жануар) – күннің бір жылдық көрінерлік жолының бойында (эклиптика бойымен) орналасқан 12 шоқжұлдыз. Атап айтқанда: Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш, Таразы, Сарышаян, Мерген, Тауешкі, Суқұйғыш, Балық. Күн жүйесіндегі планеталар мен Ай да Зодиак арқылы өтеді. “Зодиак” атауы шоқжұлдыздардың ежелден-ақ, жануарлардың атымен аталуынан шыққан.
Ежелгі Грекияда Зодиак шоқжұлдыздары таңбамен белгіленген (қара Астрономиялық таңбалар). Күн мен түннің көктемгі (Тоқтыда) және күзгі (Мизамда не Таразыда) теңелу нүктелері мен жазғы (Шаянда) және қысқы (Ешкімүйізде) күн тоқырау нүктелері де Зодиак шоқжұлдыздарына сәйкес келетін таңбалармен белгіленеді. Прецессия салдарынан бұл нүктелер 2 мың жыл ішінде жоғарыда аталған шоқжұлдыздардан ығысып кеткен, бірақ таңбалары сақталған. Зодиак шоқжұлдыздар Қазақстан аумағының барлық жерінен көрінеді. Экваторлық координаттар жүйесі біріншіден жұлдыздардың орналасуын анықтау үшін қолданылады, бірақ Аймен планеталарға да қолданылады, сонымен қатар оларға эклиптік координаталар жүйесі тиімді. Эклиптік координаттар жүйесі бұрынғы заманда жиі қолданылған, астрономия басқарылған кездерде.
Жұлдыздың аспан саласында көрінуі Вавилонда қалыптасқан. Жазба түрінде Вавилонда «Мул Апин» тақтайшасы ретінде орналасқан, ол VII ғ.ғ. б.з.д. болған. Осы жазбаларда 18 жұлдызнама «Ай жолында» деп аталады. Сондай-ақ, экваторлық топ бейнеленіп, Күн мен 5 планета осы жолмен жүреді деп көрсетілген. Жұлдызнаманың 12 бөлімге бөлінуі б.з.д. V ғасырдың басында қалыптасқан деген болжау бар. Жұлдызнаманың 18-36-12-ге бөлінуі Вавилонда санаудың алты-ондық жүйенің пайда болуынан қалыптасқан. Олар эклиптиканы 360' бұрыштық торларға бөлген, бұл 1 жылдың күндер көлеміне сәйкес келтірілген. Египеттік астрономияда ондық жүйе 10' аумақтармен қалыптастырылған. Гректік астрономия вавилондықтардың жұлдызнама жүйесін 12 жұлдызнамаға бөлінуімен көрген, ол 12 саны – сакралдық сан деп есептелінген, олимпия құдайларының саны деп саналған. Египеттік жұлдызнамаларында кейбір маңызды сирек белгілер бар, олар европалық суреттерде кездеспейді. Осы айырмашылықтар бұрындары айқындалмаған.
Тоқты шоқжұлдызы – зодиак басында ең бірінші тұрған шоқжұлдыз Тоқты. Осыдан, 2 мың жыл бұрын көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі орналасқан болатын. Соңғы уақытта ол өте қатты өзгеріп, енді осы нүкте балық шоқжұлдызында орналасқан. Күннің осы нүктеде болғанда оңтүстік жартышарынан, солтүстік жартышарына аспан жүйесінде өтеді. Сонда астрономиялық көктем басталады. Шоқжұлдыздарды бақылаудың ыңғайлы сәті күзде болады, өйткені күн ол жерден алыс орналасқан.
Торпақ жұлдызнамасы – қысқы жұлдызнамалардың ішіндегі ең әдемілерінің бірі. Қараша мен желтоқсан айында түні бойы байқалады. Бұл зодиакқа қарап тұрсағ, 125 жұлдыз көрінгендей болады. Ең жарығы – Альдерабан. Қызыл-қызғылт сары түсті (температурасы - 3500'). Альдерабан қасында онша жарық болмаған жұлдыздар қорымен көруге болады, олар торпақтың бетін бейнелейді.
Егіздер жұлдызнамасы – жұлдызнамалардың ішінде ең солтүстік жағында орналасқан белгі. Қыста бақыланады. Оның жарық жұлдыздары Кастар мен Поллукс. Алтын Рунаға жарыққа шыққан ағалы-егіздердің аттары осындай болған, олар Ясанмен бірге жарыққа шықты. Ең жарығы Поллукс қызғылт-сары түсті. Жақын жерден қараса, бұл жұлдыз 4 жұлдызды жүйе боп көрінеді.
Шаян жұлдызнамасы – бұл жұлдызнаманы көктемде қарау өте ыңғайлы. Ол туралы рим ғалымы Плиний Үлкен былай деп жазған: «Шаян белгісінде екі кіші жұлдыз бар, олар Төлдер деп аталады, ал олардың арасында кішкентай бұлт бар, ол – Ясли деп аталады.» Шынымен де, олардың арасында «тұманды жұлдыз» көрінеді (Ясми).
Арыстан жұлдызнамасы – арыстан зодиагын бақылау көктемгі айларда ыңғайлы. Оны табу оңай: төрт жарық жұлдыз трапеция бойынша арыстан денесін көруге болады, ал доға бойымен жұлдыз шынжыры – бас пен жалын көрсетеді. Регул – жұлдызнаманың ең басты жұлдызы, оның 2 жолдасы бар, біреуі Күнге ұқсас. Регул – ақ және ыстық, өте үлкен жұлдыз, ол Күннен 3 есе үлкен, сонымен қатар жарық энергиясын шашуы 140 есе асырады.
Бикеш жұлдызнамасы – көне гректер бұл жұлдызнаманы Парфенос деп атаған. Аударғанда – бикеш деген мағынаны білдіреді. Бұл жұлдызнама ең көне дәуірде егін егудің бастамасымен байланыстырған.
Таразы жұлдызнамасы – бұл шағын жұлдызнама жұлдыз карталарында жуырда ғана пайда болды. Оның атауы бұрын күзгі күн мен түннің теңелуінің нүктесі орналасқандықтан таразы деген атау берген. Рим ақыны Вергилий былай деп жазған: «Таразының күн мен түннің уақытын теңестірген кезінде және жарық пен қараңғылықты бірдей бөлетін кезеңінде қопсытқышыларға жұмыскерлерін жайлауға жұмысқа шығар деп айтқан».
Сарышаян жұлдызнамасы – оңтүстік аспан жұлдызнамасы. Оның көрінетін жұлдызы – Антарес. Бұл егіз жұлдызы, қызыл алып, өте жарық, түсі мен жарқырауымен Марспен жарысуы мүмкін. Бірақ оларды ажырату оңай, Марс түзу жарқырайды, ал Антарес басқа да, жұлдыздар сияқты жыпылықтайды.
Мерген жұлдызнамасы – құс жолында орналасқан белгі. Көне грек мифтер данекентавр Хирон туралы айтады, ол аспан жүйесінің алғашқы моделін жасаған. Бірақ басқа қу кентавр Кротос алдаумен осы орынды алып, мерген жұлдызнамасымен болды. Зевс Хиронды аспанда сонда да орналасты және оны (хиронды) Кентавр жұлдызнамасына айналдырды. Ал қу Мерген аспанда да өзін белсенді ұстап, сарышаянға садағын ұстайды.
Тауешкі жұлдызнамасы – аталмыш мифтік ешкі денесімен және балық құйрығымен жұлдызнама атауы болып кетті. Көне грек аңызында ешкіаяқ құдайы Пан, қойшылардың жаратушысы Тифон деген жұзбасты дәу алыпты кездестіргенде, жанып суға құлап түскен, содан бері Пан құдайында балық құйрығы өсіп кетіп, су құдайы болып кеткен. Бір қызықты жұлдызды Альгеди – егіз. Физикалық тұрғыда бұл 2 жарық байланыспаған, олар бір-бірінен әр жерге алыстайды. Олар оптикалық жағынан егіз болып аталады.
Суқұйғыш жұлдызнамасы – бүл жұлдызнама бейнесінен әр түрлі ұлт өкілдеріне су құйып тұрған адамның бейнесі көрінген. Атауы Месопотамиядан келген. Суқұйғыш жұлдызнамасына жай қараған күннің өзінде де, жұлдыз көруге болады. Осында ірі планетарлық тұман орналасқан.
Балық жұлдызнамасы – «сулы» балық жұлдызнамасы зодиак шарында ең соңғысы. Ол күзде көрінеді, ал Күн оған қыс аяғында келеді. Балықтың басты жұлдызы – Альриша, аударғанда «бау», «шілтер» - деген мағынада. Бинокльмен қарағанда көгілдір жұлдыз сияқты көрінеді, ал телескоп сондай түсті спутникті көруге мүмкіндік береді.
Түс Жору – түсіңізде көрген қиял кескінге пішін беру, оның мағынасын табу. Түс көру (түс жору)- адам баласына дарыған сирек қасиеттің бірі. Ұйықтап жатып түс көру, біздің еркімізден тыс болатын тылсым дүние. Сөздікке жүгінер болсақ, түс дегеніміз – ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен, я болашақта болатын оқиғалардың сол күні бірқатар нышандар арқылы тамашалануы, яғни жалпақ тілмен айтқанда, ұйықтап жатқанда көрінген тылсым белгілер.
Ежелгі елдерде, Мысырда және Грекияда, адамдар көрген түстерін Құдайдың хабарламасы деп санаған. Ғалымдардың айтуынша, мида адам баласы жаралғалы бергі барлық ақпараттық хабарламалар, деректер бар көрінеді. Дені сау, ақыл-ойы дұрыс дамыған деген адамның өзі ми қызметінің 3, әрі кеткенде 4 пайызын, тіпті ғұлама жанның өзі 6 немесе 7 пайызын ғана пайдалана алатын көрінеді. Яғни, адам еркіндегі ақыл-ой және адамның еркінен тыс ақыл-ой орталығы болып екіге бөлінеді. Адам еркіндегі ақыл-ой орталығы өсіп-жетілу барысында, өмірді көріп, тәжірибе арттырып, оқып-білім алу негізінде жетіліп толықтырылатын болса, еріктен тыс ақыл-ой орталығы адам еркінен тыс жалғанған құбылыстардан тоқтаусыз толықтырылып отырады дейді ғылыми болжамдар.
Түсті мүмкіндігінше көрген-түйгені мол, ақыл тоқтатқан кісіге жорытқан ләзім. Әзілдесіп ойнайтын құрдастарға, ойланбай сөйлейтін бала-шағаға айтпаған жөн. Сондықтан қазақ көрген түсін кездейсоқ кездескен кісіге айта бермей, жанашыр жақынына, иманды, парасатты, адал ниетті адамдарға ғана жорытуды жөн көрген. Халқымызға тән салттарға сүйене отырып, сіздердің назарларыңызға түс жорудың бірнеше үлгісін ұсынуды жөн көрдік.
Ерекше әсер қалдырған, күндіз өңінде көрген жайлардың, оиғалардың әсерінен түс көру
Күндіз істеген шаруаларға, жұмыстарға байланысты түс
Ауырған себепті көрген түс
Аян беру
Жанның мазасыздануына байланысты түс көру
Алғашқы үш жағдайда көрген түске мазасызданудың көңіл аударудың қажеті жоқ. Ал аян берудің жөні бөлек. Қасиетті дін кітаптарында мұндай түсті жоруға болмайтыны айтылады. Осылардың ішінде ертедегі ойшылдардың басты зерттеу объектісі болғаны — жанның мазасыздануына байланысты түс.
Екі аяқты, жұмыр басты пенделердің арасында түс көрмегендер қатары жоқ болар, сірә? Шырт ұйқыдан ояна сала, түні бойы көрген түстерімізді жори алмай әбігерге түсіп жатамыз. Сондықтан, халқымызға тән салттарға сүйене отырып, назарларыңызға түс жорудың бірнеше үлгілерін, көрген түс нені білдіретіні жайлы жазуды жөн көрдік.
Әртіс – күтпеген жағдай, егер сахнада тұрсаңыз – өтіріктің ортасында қаласыз. Егер сахнада ойнап тұрған әртіске басқа біреу кедергі жасаса отбасыңызда үлкен дау болуы мүмкін. Абайламасаңыз, ажырасуыңыз ғажап емес. Күтпеген, ойламаған жердегі өкініш. Әртіс күліп келіп, бар дауысымен бас салса сенімдегі достарыңыз сізді алдап жүр. Абыройыңыз айрандай төгіліп, көпке мазақ болауыңыз мүмкін, сақ жүріңіз
Әйнек көру — бірнәрседен қорқу, үрей
Әйелдердің бас қосқан ортасын көрсе — артына өсек-аяң еру
Әмиян - жаныңыз тыныш болып, бақытты өмір сүресіз
Әтеш - таңертеңгі әтеш дауысын есту—жақсы белгі
Әтештің түнде айқайлауы — қайғы әкеледі
Б -
Бекет - мақсатқа жету. Беймазалықтан азат болу
Бекіре (балық) - табыс, отбасыңызға перзент келеді
Бел ағашпен су тасысаңыз – абырой, атақ, береке, ырыс, несібе мол болады
Белдігіңіз қымбат тастармен безендірілсе – жақын арада үйлену тойына куә боласыз
Белшеден батып суда тұру – дұшпан бетін қайтаратын сәт келді
Бес атар ұстау – жақын арада ұл туылады
Бесік көрсе – дүниеге сәби келеді
Бесікті жырмен тербету – ісің ақ, құдайың жақ болады
Вулкан – вулканның аспанға атылғанан көрсеңіз, қиыншылықтан құтылып, ұтымды әрекет пен ұлылыққа қол жеткізесіз
Вино құю – шатақ
Вино беру - өлімге
Вино ішу – жаман хабар
Г -
Гүлді түсіңізде көрсеңіз - бақшада әдемі болып өсіп тұрған гүлдер ләззатты білдіреді. Яғни, айналысып жатқан ісіңізден, жұмысыңыздан жақын арада рақат алып, бар ынтаңызды саласыз
Кеуіп қалған гүлдер - көңілсіз жағдайды болжайды. Егер жас қызға түрлі-түсті гүлдер сыйласа, оның артынан жүгерітіндер пайда болады деген сөз
Шөлейт жерде өсіп тұрған гүл - қайғылы оқиға туралы айтады
Гүл шоғы – егер түсіңізде гүл шоғын көрсеңіз, жарқын болашыңызға жол ашылады
Д -
Досыңызды көрсеңіз - түсіңізде достарыңыз бақытты болып көрінсе, сізге жағымды жаңалық келеді
Досыңыздың түрі ренжіген болса - ол ауру мен қиналуды білдіреді
Дұшпанды көрсе - жауды кездестіру, жақын уақытта өз мүдделеріңізді қорғауға тура келеді деген сөз. Егер түс көру кезінде жауды женсеңіз, онда шынайы өмірде де, келе жатқан қиындықтарды женуге күшіңіз жеткілікті.
Демалу, тыныштық, шаршағаннан соң демалуды көрсе – кедейліктен кейін байлыққа кенелесіз
Дүкен – дүкен мен базар – байлықтың белгісі
Дәрі – түсінде дәрі қабылдаған адамның денсаулығы өмір бойы сыр бермейді
Дәрігер – егер ауру адамға түсіне дәрігер кірсе, ауруынан толықтай айығады, ал сау адамға келген дәрігер аурудың белгісі.
Дуал, қабырға – түсіңізде қабырғаға не дуалға сүйеніп тұру, өмірде ықпалды адамға бағынышты болуды аңғартады
Ж -
Жөтел – шағымдануды білдіреді
Тұншығып жөтелу – өлімнің нышаны
Жүзіп жүру – түсінде көлде шебер жүзе білсеңіз, өмірде үлкен істі қолға алып, соңына жеткізіп, жақын арада мәртебе мен құрметке иеленесіз
Жас бала көтеріп жұру — тұрмыстағы тауқымет, жоқшылық
Жас әйел көру — сәтсіздік, отбасындағы ұрыс-керіс
Жылқы, ат – түсіңізде көрген жылқының құйырығы ұзын болса, соңыңыздан ерушілердің көп боларын аңғартады. Ал қысқалығы керісінше жорылады
Жылан — әйел дұшпан
Жаңа киім — жаңа қызмет, абырой
Жақсы көретін адамды түсінде жиі көру, құшақтасып жүргенін көрсе - еш уақытта қосылмайды
Жұмыртқа — кіріс (аздаған пайда)
Жылан алақаныңды шақса — әйел бастыққа ірі ақша төлейсің
Жылау - өңінде бақытқа кенеледі
Жүктілік – егер түсінде әйелі жүкті екенін көрсе, өмір ағымынан игілік күтеді немесе жақсы хабар алады Егер тұрмыс құрмаған қыз немесе бойжеткен түсінде жүкті екенін көрсе, жақында тұрмысқа шығады
Жіп, түсте жіп есу – жақын арада саяхатқа аттанудың, ісіңіздің жеңілдеуінің белгісі
З -
Зиратқа бару, зираттың ішінде жату — ол жақсылық, жолыңыз болады
Заңғар тау ішінде жүру – ынтымақтастыққа шақырады, достармен адал болуға
Зәулім үйдің сыртынан көру – күтпеген үлкен жәрдем
Зәулім үйдің ішіне кіру – жаңа мүмкіндікпен берекеге қол жеткізесіз
Зәйтүн – береке-байлық
Зәйтүн ағашы – өз отбасына пайдасы мол бақытты әрі жақсы адам
К -
Кір сабын көру — орындалмайтын арман
Кірлеген киім, төсек-орын — жәйсыздық, ұялу
Көпірден өту - істеп жүрген жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді
Көгершін - ісі оңғарылады
Қ -
Қағаз ақша — ырыс, табыс
Қара жылтыр көйлек кию — үлкен олжа, бір жарысқа түскелі тұрсаңыз жеңіп шығасыз
Қыз жаңа аяқ киім кисе — тұрмысқа шығады
Қыз жалаңаш жүрсе — абыройсыздыққа, ұятқа ұшырайды
Қарт адамды көру — жақсылық
Қасқыр — қырсық
Қой — ауырлық, кедейшілік
Қызыл киім - өсек-аян
Қасық - ырыздық, берекесіздік
Қаламсап - талант, дарын
Құм кешіп жұру - отбасындағы үлкен қайғы
Қызыл гүл көру - байлыққа кенеледі
Қолын жуса - өңдегі мазасыздықтан арылу
Құс ұстап алу - үйленіп, өзінің екінші жартысын кездестіреді
Қыранды көру - дәрежеге
Л -
Лай суда жүзу — қарыздану, ақшадан қысылу
М -
Мөлдір суда жүзіп жүргенді көрсе - қиыншылықтан құтыласың, күтпеген көмек
Маймыл - опасыздық, көре алмайтын дос
Мектепке бара жатсаңыз - өткен өмірдің қуаныштарын іштей аңсап жүрсіз
Мектепті және оның ауласындағы оқушыларды көру – біртіндеп мансап сатысы бойынша көтеріліп, дәрежеңіз жоғарылайды
Маса – әлсіз әрі адамгершілігі төмен адам. Егер әлдебір жерге маса қаптаса, сол аймақтағы тұрғындар саны артатынын білдіреді
Мұз – түсте мұз көру жақсылықтың белгісі емес. Ол сәтсіздікті, уайым-қайғыны білдіреді
Мысық көрсе - алдында қарсылас тұрғанын және оның шабуыл жасауға дайын екенін ескертеді
Мысық (кір немесе ауру мысық келіп тұрғанын көрсеңіз) - денсаулығыңызды тексерту керек деген белгі
П -
Пышақ, қанжар, қамшы - ұл балаға жорылады
Піскен тағамның барлық түрі - ырыс, береке
Пышақ қайраса - қауіп - қатер болады
Періште – егер түсіңізде періште көрсеңіз, өмірде құрмет пен атаққа қол жеткізесіз
Пеш – түсінде пеш көрген адам өңінде тұрмысын жақсартуға тырысады
С -
Сары киім кисе - ауру
Сары алтын, сары май — уайым
Столда отыру - жаңа қызмет
Сары ала жылан не кобра - бастық әйел
Суда жүзіп жүрген балықты көру - көрген адам перзент сүйеді
Сақалы ағарса - ауруға ұшырайды
Т -
Тышқанды көрсеңіз - түсіңіздегі егеуқұйрықтылар шынайы өмірдегі жақын адамдарыңызды білдіреді. Сондықтан, егер олар көңілді және қуанышты күйде болса, демек туыстардың денсаулығы мен көңіл-күйлері жақсы болады
Тиын ақша - жағымсыз сөз, өсек
Түлкі, сары тазы ит - ажал, ауру
Түйеге мыну - абырой-атақ, бедел көтерілу
Терезеден көрінген жарық сөнсе — үзілген үміт
Тіс – отбасыңыз бен туыстарыңыз. Азу тіс отағасын аңғартады. Бір тістің не барлығының жоқ болуы отбасының бір адамға азаятынын білдіреді. Ал егер барлық тісіңіз түсіп қалса, ұзақ өмір сүресіз
Тісін сындырып алу – өңінде досын жоғалтып алу
Түрмеде отырғаныңызды көрсеңіз - темір тордың артында отырсаңыз, сіздің істеріңізге кері әсер тигізетін жағдайлар пайда болады
Түрмеден босатылып шығу – бұл жақсы түс, сіз бәледен аулақ болып, өмір сыйлаған бостандықты сезіне бастайсыз
Түн – тыныштық пен жайлылық белгісі
Түтін – қорқыныш, жаза, үрейлену мен уайым-қайғы. Түіңізде үйіңізден түтін шықса, ол шаңырағыңыздағы тыныштық пен татулықтың білдіреді
Ш -
Шам жанған столда отыру — ғылыми қызмет
Шеге суыру — қоныс аудару
Шеге қағу — жаңа мекен немесе үй салу
Шошқаның піскен басын көру — ірі табыс (ақша)
Шаш алдыру - кедейлікке
Шаш өсу - байлық, табыс, олжа
Шөл дала, жазық – өмірде қалаған дүниеге қол жеткізетініңізді аңғартады
Шөлдеу – кедейлікті, алыста жүрген адамға деген сағынышты білдіруі мүмкін
Таза сумен шөліңізді қандыру – денсаулықтың белгісі
Шатыр – отбасындағы бақ-дәулет, тыныштық пен береке
Ө -
Өлген адамдарды көру, олармен бірге жүру — қорқыныш емес, жақсылық
Өлген адам бір нәрсе берсе — жақсылық
Бір нәрсе алып кетсе — жамандық (ондайда малға не дүние шығынына жору керек)
Өлген адам үйіңнен бас жеп отырса — үй иесіне, беті-қол сүртетін орамал әкетсе — бауырыңызға жорылады
Өлген адам «тоңдым» десе — зиратын қараңыз (құлаған жоқ па), «қарным ашты» десе — құран оқыңыз
Өлген адам әдемі киініп келсе, жүзіңізге тура қарап, анық көрсеңіз — сізге жақсылық болады
Өлген адам нашар киініп, тура қарамай, күмілжіп сөйлесе — сізге келер жамандықтан хабар бергені
Өлген адам қара, қызыл, күлгін ұзын киім киіп жүрсе (өлгеннен кейін 20-30 жыл бойы солай кіруі мүмкін) — қиналғаны
Өзінің өліп қалғанын көру - өңінде ұзақ өмір сүреді
Е -
Есіктің алдына капуста, помидор т .б . көкөніс егіп жатса — қыз тұрмысқа шығады
Ет жеу - жемінің көбейгенін көреді
Есек – саяхатқа. Бұған қоса есек білімін жүзеге асыра білмейтін ғалымды аңғартады
Ерін – адамның көмегі. Түсінде ерінінің кесілгенін көрген адам өңінде көп өтірікке тап болады
Елік, киік – іс-әрекетін түсініп болмайтын біртүрлі адамды өміріңізде кездестіресіз
И -
Ит көру — дұшпан
Ит қабатын болса, өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды
Ине – түсіңізде ине сынып қалса не қолыңыздан түсіп кетсе, бастайын деп жатқан ісіңіздің сәтсіз боларын білдіреді
Ү -
Үлкен мемлекет басшысын көрсеңіз — өзіңіз ойлағаннан да артық ақша келеді
Үйі құлағанын көрсе - ұрыс - керіс болады
Үйлену – мәртебеңіздің өсуі, құрмет пен байлықтың нышаны
Үрей, қорқыныш – өзіңіздің қауіпсіздігіңіз жайлы қам жеп жүрсіз
Ұ -
Ұсақ жәндіктер қаптау — табыс, ырыс, байлық
Ұшу(ұшақпен емес, аадмның өзі ұшып жүрсе) — қоныс аудару
Ұйықтап жатқан өзін көрсе - онда өңінде жақсы табысқа жетеді
Ұн, бидай ұны – байлықтың белгісі. Оған қоса ұн маңызды әрі пайдалы ілімді аңғартады