From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарқаралы — Қарағанды облысындағы қала, Қарқаралы ауданы орталығы.
Қала | |||
Қарқаралы | |||
Құнанбай қажы мешіті | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Статусы |
аудан орталығы | ||
Облысы | |||
Ауданы | |||
Әкімі |
Берік Токмурзин | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
49°24′21″ с. е. 75°28′27″ ш. б.49.40583° с. е. 75.47417° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1824 | ||
Қала статусы |
1868 | ||
Орталығының биiктігі |
815 м | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
9 218[1] адам (2023) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 (72146) | ||
Пошта индексі |
100800 | ||
Автомобиль коды |
09 | ||
Қарқаралы шекарасы
| |||
Ортаққордағы санаты: Қарқаралы |
Қарқаралы қаласының атауы қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі Қарқарамен байланысты. Қарқаралы тауларының алыстан қарағандағы пішіні Қарқара бас киіміне ұқсап кетеді екен.
Қала Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 км жерде, теңіз деңгейінен 815 м биіктікте жатыр. Ең жақын темір жол станциясы - Қарағайлы (25 шақырым) орманды-тоғайлы, жақпар-тасты келген көрікті Қарқаралы тауларының шығыс етегінде, Қарқаралы өзенінің екі жағасында жайғасқан.
Қарқаралы 1824 жылы сәуірдің 8 күні Сібір қазақтары дала губернаторлығының әкімшілік-аумақтық орталығы — станица негізінде, Ресей империясының әскери бекінісі ретінде қаланған. 1868 жылы уездік қалаға айналды. 1928 жылға дейін Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінің, 1928-1930 және 1934-1936 жылдары Қарқаралы округінің орталығы болды. 1930-1934 және 1936 жылдан Қарқаралы ауданының орталығы. 19-ғасырдың екінші жартысында жері шұрайлы, жайылымы малға, қойнауы кенге бай Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге баратын керуен жолының торабы ретінде маңызды сауда, кәсіпшілік және мәдени - ағарту орнына айналды. Мұнда саяси тұтқындар жер аударылды. Қарқаралының солтүстігіндегі Қарасор көлінің жағасында 1848 жылдан 1930 жылға дейін белгілі Қоянды жәрмеңкесі өтіп тұрды. Мұнда талантты әншілер мен артистер (Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, М.Уәлиева ) өз өнерлерін, ал Қажымұқан Мұңайтпасов күрес бәсекесін көрсетіп тұрған. Қарқаралы тарихы ұлы Абайдың есімімен тығыз байланысты. Әкесі Құнанбай қажы Қарқаралыда көктөбелі күмбезді мешіт салдырып өз атын ұрпақтарына мәңгілік ескерткіш қылып қалдырып кеткен кемеңгер еді.
Қарқаралы – ешбір қалаға ұқсамайтын, өзіндік кескін-келбеті, сәулеттік өзгешелігі, бай тарихы бар өңір. Бір қаланың өзі - мыңдаған туристерге жәдігерін ұсына алатын эскпонаты көп орталық. Тарихқа көз жүгіртсек, құла түзде құлан, арқар жайылып, орман-тоғайымызда аю мен бұлан жортқан замандарда бұл өңірде жер бетіндегі ең алғаш мекендеген адам баласы болғаны белгілі. Тіпті, жыртқыш жануардың ең алғашқы тұқымдасы динозаврлардың болғанын да тарих ақиқаттады. Оған дәлел – қала басындағы «Суық бұлақ», «Үш үңгір» қазба орындары. Қала іргесіндегі Кент тауларының Талды қорымынан табылған «Алтын адам» жәдігері де – көне сақ, ғұн тайпаларының дәуірлеу кезеңінің белгісі. Бұған қарап арқа төсіндегі Қарқаралының 2 мыңжылдан астам тарихы бар, ескі жұрт екенін бағамдаймыз. Кент, Алат, Талды қоныстары жарты әлемді жайпаған ұлы бабаларымыздың құтты мекені болғаны – айғақты тарих.[2]
Тарихи өлке Қарқаралы дуанын билеген Құсбектің тарихта алар орны ерекше. Абылай өлгеннен соң (1781 жылы) да қазақты төре тұқымының бiрiнен соң бiрi биледi. Бергi Арғынды: Бөкей-Бiрәлi-Шалғынбай Құсбек билеп, әділдіктің ақ туын қадады. Құсбек төре сұңғыла саясатшы, жеті тоспаға бөлінбес шешен, ол уәдесінен тайқымас дуан басшысы болған. Алаш қайраткері, ұлт көсемі, Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан мен Құсбек төрелердің арғы аталары бір – Бөкейхан. Көкжал Барақтың ұлы Бөкейханды 14 жасында Қаз дауысты Қазыбек мен шекшек Нұралы би Орта жүзге хан сайлау үшін қаракесек еліне алып келген. Бұл туралы Құсбек төре бейіті туралы деректерді алғаш жинақтаған ғалым, зерттеуші Мыңжасар Әдекенов: «Атақты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасынан кейін азат етілген жерлерге Сырдың бойынан, әр жерден қайта серпіліп келіп жиналған елді басқаруға деп Қаздауысты Қазыбек би мен шекшек Нұралы би Самарқандағы Барақ ханның 14 жасар баласы Бөкейханды 1748 жылы алып келіп, Орта жүзге хан сайлаған екен. Содан бері, міне, 258 жыл өтті. Осы 258 жыл Бөкейхан мен одан тараған, ел басқарған сұлтандардың тарихы орталық Қазақстанның, Қарқаралы аймағының да тарихы», – дейді. Осылайша қазақ жерінің жазиралы өңірі Қарқаралы төре тұқымдарының құт-берекелі қонысы болған.[3]
Қалада тоң май айыратын, сыра қайнататын, кірпіш зауыттары жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы және қыздар бастауыш мектептері болды. Қарағайлы қорғасын-барит кен-байыту комбинатының салынуына, оған теміржол мен тас жолдардың жүргізілуіне, қалада ауыл шаруашылықтың дамуына және айналасында көптеген дем алыс орындарының пайда болуына байланысты Қарқаралы жедел өсті. Қазір қалада нан зауыты,тамақ комбинаты «Тоғай» ЖШС-автокөлік мекемелері астық қабылдау пункті, шеге жасайтын, тағы басқа ұсақ кәсіпорындар, баспахана жұмыс істейді. Бала бақша, 3 орта, 11 кешкі мектеп, ауыл шаруашылық колледжі, музыка, спорт мектептері, мәдениет үйі, кинотеатр, екі кітапхана, тарихи-өлкетану, табиғат мұражайлары, аудандық аурухана т.б.бар. Қала төңірегінде «Шахтер»,»»Сосновый бор» санаторийлері, туристік база, оннан астам демалыс үйі, бес оқушылар лагері орналасқан.
Қарқаралы тау сілемдерінің етегі ежелден көшпелі елге қоныс болған. Ол туралы өткен заманнан жеткен аңыз бен ертегілерде айтылған, Қарқаралы туралы көптеген өлеңдер мен аңыздар жазылған. Ең алғаш «Қозы-Көрпеш, Баян-сұлу» қиссасын орыстың жазушысы М.М. Пришвин осы төңіректе естіген.
Қазақтың мың әнін жинаумен тарихта теңдессіз тәлім қалдырған атақты музыка зерттеушісі А.В. Затаевич Қарқаралы өңіріндегі құйма құлақ, зерделі де зерек жыраулар ауызынан 154 ән жазып алған.
Жазиралы Қарқаралы табиғатына тікелей байланысты «Сұлушаш» поэмасын 1928 жылы Сәбит Мұқанов дүниеге әкелген.
Қарқаралының ақ қайың мен жасыл терек зерлеген шұрайлы өлкесі ерте кезден-ақ оқымысты-ғалымдардың, саяхатшы-зерттеушілердің көңіліне ұялап, көзін қызықтырған. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов, Қарқаралы округінде екі рет — 1855 және 1863 жылдары болды. Қызмет бабындағы сапарын ол халықтың ауызекі аңыз-әңгімелерімен, ән-жырларымен танысуға арнады. Ш.Уәлиханов мал шаруашылығы жөнінде бірсыпыра қызықты материалдар жинады. Оның «Қарқаралының сыртқы округтері болыстарының қысқы көші-қоны» деген еңбегі осы тақырыпқа арналады.
Атақты саяхатшы П.П.Семенов-Тяньшанский редакторлығымен 1865 жылы басылып шыққан «Ресей империясының Географиялық-статистикалық анықтамалық сөздігі» Қарқаралының атағын асқақтата түсті. Қалың оқырман қауым алғаш рет Қарқаралының сұлулығы туралы, әлі де зеттетлмеген үңгірлер мен қорғандардың құпияларына ынтыға түсті.
Орыстың саяхатшысы Г.Н. Потанин өзінің жолжазба естеліктерінде, бұл өңірде болғанда сол кездегі көпес Рязанцевтің үйінде тоқтаған. Бұл ғимарат бүгінгі ұрпаққа сол қалпында жетті.
Қарқаралыда ашылған оқу орындары Орталық Қазақстан бойынша ең алғашқы білім орталықтары болып табылады.
Қазақтың алғашқы ағартушы, қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Нығмет Нұрмақов бұл өңір тарихына өз таңбаларын қалдырған.
Қала көшелеріне келмеске кетіп ұмыттырылмақ болған А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, Құнанбай қажы, Ұлы Отан соғысындағы батырларымыз Н. Әбдіров, М. Мамраев, П. Теряев, А. Қосыбаев есімдері берілді. Сонымен бірге Қарқаралының бір көшесі ақын Қасым Аманжолов есімімен аталады.
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы Қарқаралы топырағынан шыққан.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.