Қала-мемлекеті — қаламен басқарылатын (ереже бойынша, бір орталыққа бағынатын) және әдетте тәуелсіз мемлекет болып табылатын кішігірім территория. Тарихи қала-мемлекеттер көбінесе мәдени облыстардың және әр түрлі саяси одақтардың бір бөлігі болып табылған, мысалы:

Thumb
Сингапур қала-мемлекетінің панорамасы

Әдетте қала-мемлекеттері ежелгі замандарда және ортағасырларда кездескен. Алайда болашақ тәуелсіз мемлекеттер, ресми немесе бейресми одақтарға бірігіп отырған. Кейбір кездерде империялар немесе одақтар (конфедерациялар және федерациялар) тікелей аннексия нәтижесінде құрылған (мысалы, Микен өркениеті немесе Рим республикасы), ал кейбір жағдайларда өзара қорғаныс мақсатында, ерікті альянс ретінде құрылған (Пелопоннес, Афина және Беотия одақтары).

Орта ғасырлардағы қала-мемлекеттері — ерікті қалалар және қала-коммуналар — орта ғасырлардағы Германияның, Италияның және Ресейдің ерекшелігі болған. Олардың көбісі Ганза одағына мүше болған.

Қазіргі әлемдегі қала-мемлекеттері

Казіргі таңда тек бірнеше қала-мемлекет бар, дегенмен олардың арасында көбісінің толық егемендігі жоқ.

Тәуелсіз мемлекеттер

Сингапур

Толық мақаласы: Сингапур

Экватордан 137 км солтүстікте, Малайзияның Жохор облысының оңтүстігінде, Индонезияның Рияу аралының солтүстігінде орналасқан қала-мемлекет, арал-ел.

1959 жылдан бастап Сингапур Британ империясының өзіндік басқаруға ие мемлекеті болып саналды, сайлау нәтижесінде премьер-министр лауазымын Ли Куан Ю атқарды.

Монако

Толық мақаласы: Монако

Ергежейлі мемлекет, Францияға ұқасатырылатын мемлекет, Еуропаның оңтүстігінде Лигурий теңізінің жағасында орналасқан; құрлықта Франциямен шектеседі[1]. Әлемдегі ең кіші және ең тығыз орналасқан елдердің бірі.

Ватикан

Толық мақаласы: Ватикан

Рим территориясының ішіндегі Ергежейлі мемлекет-анклав (әлемдегі ең кіші мемлекет, Италияға ұқсастырылады.

Жартылай аутономды

Гибралтар

Толық мақаласы: Гибралтар

Гонконг

Толық мақаласы: Гонконг

Макао

Толық мақаласы: Макао

Мелилья

Толық мақаласы: Мелилья

Сеута

Толық мақаласы: Сеута

Дереккөздер

Әдебиет

Сыртқы сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.