Қазақ хандығы
XV—XIX ғасырлар аралығында өмір сүрген мемлекет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақ хандығы, Қазақ ордасы, Ұрыс жұрты, Жошы ұлысы — 1465 жылы Алтын Орданың және 1468 жылы Өзбек хандығының ыдырау кезінде қалыптасқан, қазіргі Қазақстан мен оған іргелес мемлекеттер аумағындағы қазақ мемлекеті. Оның аумағының көбісі Орта Азияда болып, бір бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан. XV ғасырда қазақтар Өзбек хандығындағы жемқорлық, саяси тұрақсыздық пен әлсіз үкіметтен шаршап, қазақтарды Жетісуда жинаған Керей мен Жәнібек хан 1465 жылда Қазақ хандығын құрған. Тарих бойы Қазақ хандығы өз аумақтарын үлкейтіп, қазіргі Қазақстанның территорияларының көбісіне ие болған.[1] XVII ғасырда қазақтар Жоңғарлармен соғысып, әлсізденген де, келесі ғасырда хандықты Ресей патшалығы жаулап алған.
Қазақ хандығы Хандық | ||||
| ||||
---|---|---|---|---|
Ұраны Алаш![дереккөзі?] | ||||
Қазақ хандығы өзінің гүлдену кезеңінде | ||||
Астанасы | Қозыбасы (1465—1466) Созақ (1466—1469) Сығанақ (1469—1511) Сарайшық (1511—1521) Сығанақ (1521—1599) Ташкент (1599—1729) Түркістан (1740—1781) Қаракеңгір (1826—1844) Сарыкеңгір (1844—1847) | |||
Ірі қалалары | Сауран Сарайшық Сығанақ Ташкент Түркістан Созақ Алмалық Ферғана | |||
Тіл(дер)і | Түркіше (әдеби) Қазақша Арабша (жазбаша) | |||
Діні | Ислам | |||
Заңдары | Қасым ханның қасқа жолы Есім ханның ескі жолы Жеті жарғы | |||
Аумағы | 2,5 млн км² | |||
Халқы | Қазақтар, Қарақалпақтар, Қырғыздар, Ноғайлар, Өзбектер, Сарттар | |||
Басқару формасы | Жартылай сайлаулы монархия Қысқасы Хандық Монархия | |||
Династиясы | Төре әулеті | |||
Бірінші хандар | ||||
- 1465—1474 1474—1480 |
Керей хан Жәнібек хан | |||
Соңғы хан | ||||
- 1841—1847 | Кенесары хан | |||
Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы — хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.
Қазақ хандығының тұңғыш ханы — Керей, соңғы ханы — Кенесары Қасымұлы.