Қазақстан Junior Eurovision ән байқауында
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Junior Eurovision — жыл сайын ұйымдастырылатын балаларға арналған телевизиялық ән байқауы. Оған Еуропалық хабар тарату одағына мүше елдердің өкілдері қатысады.
Қазақстан бұл ән байқауына алғаш рет 2018 жылы қатысты. Содан бері қазақ жас әншілері музыкалық сайысқа үш рет барып қайтқан, екі рет екінші орынды иеленген.
2019 және 2020 жылдары елді таныстыруға таңдалған әндердің авторы Хамит Шанғалиев болды («Арманыңнан қалма» және «Forever» әндері).[1]
Жыл | Жер | Әнші | Әні | Тілі | Алған орны | Ұпай саны |
---|---|---|---|---|---|---|
2018 | Минск | Данэлия Тулешова | Ózińe sen! | қазақша, ағылшынша | 171 | |
2019 | Гливице | Ержан Максим | Armanyńnan Qalma! | қазақша, ағылшынша | 227 | |
2020 | Варшава | Қарақат Башанова | Forever | қазақша, ағылшынша | 152 | |
2021 | Париж |
2018 жылы Қазақстан алғаш рет Junior Eurovision ән байқауына қатысты.
Хабар Агенттігі ұлттық іріктеу турына қатысуға өтінімдерді қабылдауды 2018 жылғы 1 тамызда бастады. Өтінімдер 2018 жылдың 31 тамызына дейін қабылдады. Ұлттық іріктеудің ақтық кезеңі 2018 жылдың 22 қыркүйегінде өтті.
№ | Орындаушы | Өлең | Көрермендердің дауыстары | Қазылар алқасы дауыстары | Дауыс сомасы | Орын |
---|---|---|---|---|---|---|
01 | Зере Амирбекова | «Қос қанат» | 7 | 2 | 9 | 8 |
02 | Санат Асуат | «Yerekshe» | 8 | 3 | 11 | 4 |
03 | Миржан Жидебай | «Елестер» | 8 | 12 | 20 | 2 |
04 | Мария Затварницкая | «Бақытың мен» | 6 | 5 | 11 | 5 |
05 | Суйкым Кабылбек | «Елге сәлем» | 2 | 1 | 3 | 10 |
06 | Жанеля Калдыбек | «Әлемді махаббат сақтайды» | 3 | 7 | 10 | 6 |
07 | Ержан Максим | «Елімді сүйемін» | 10 | 8 | 18 | 3 |
08 | Динар Надирбекова | «Бұл әлем ертегідей» | 5 | 4 | 9 | 9 |
09 | Бинура Саудабай | «Арнау» | 4 | 6 | 10 | 7 |
10 | Данэлия Тулешова | «Өзіңе сен» | 12 | 10 | 22 | 1 |
Ұлттық іріктеуде жеңіске жеткен Данэлия Тулешова "Өзіңе сен" әнімен, Қазақстанның намысын “Junior Eurovision-2018” ән байқауында қорғады[2]. Данелия Тулешова 171 дауыс жинап, 6 орынға ие болды.
2019 жылы Қазақстанның намысын Ержан Максим "Арманыңнан қалма" әнімен қорғады. Кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесінде Ержан 227 дауыс жинап, 2 орынға ие болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.