Қазақстан халық партиясы[1] (ҚХП)[2]Қазақстандағы солшыл социал-демократиялық саяси партия. Қазіргі төрағасы — Ермұхамет Ертісбаев.

Quick Facts Басшысы, Басшы орынбасары ...
Қазақстан халық партиясы
Thumb
Басшысы

Ермұхамет Ертісбаев

Басшы орынбасары

Мирас Аукенов
Магеррам Магеррамов

Мәжiлiстегі басшысы

Магеррам Магеррамов

Негізін салушы

Қазақстан Коммунистік партиясының бұрынғы белсенділері

Құрылған жылы

13 сәуір 2004 жыл

Штаб-пәтері

Астана, Тұран даңғылы, 21/2

Идеологиясы

социал-демократия
солшыл саясат

Мүшелер саны

100 мыңнан астам адам (2018)

Ұраны

«Халық! Жер! Әділдік!»

Мәжiлiстегі мандаты
0 / 77
(3-сайланым)
0 / 107
(4-сайланым)
7 / 107
(5-сайланым)
7 / 107
(6-сайланым)
10 / 107
(7-сайланым)
5 / 98
(8-сайланым)
Сайты

qhp.kz
halykpartiyasy.kz

Close

2004 жылғы 13 сәуірде партия құрылғанда Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП) деп аталған. Сол жылғы 21 маусымда бұл партия тіркелгенде оның құрамында 90,000 мүше бар еді. 2012 жылы партия тұңғыш рет Мәжілісте мандат жеңіп алды. 2020 жылы партияның атауы қазіргі атауына өзгертілді.

Партия қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа адал. 2022 жылы ол Халықтық коалицияның құрамында болған.

Тарихы

Thumb
Партияның бастапқы логотибі

Партия Қазақстан Коммунистік партиясынан бөлініп шыққанда құрылған еді. Жаңа партия құру идеясы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдинмен келіспеушілік салдарынан мүшеліктен шыққан 12 мүшеге тиесілі болған.[3] ҚКП-нан бөліну себебі Төлен Тоқтасыновтың Мәжіліс хатшысы және депутаты болып сайлануы болған.[4] 15,000-ға жуық мүше ҚКП-нан ҚКХП-на кетті. ҚКХП тұңғыш съезі 2004 жылғы сәуірде өтті, 2004 жылғы 21 маусымда партия Әділет министрлігінде тіркелді.[3]

2004 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде партия жалпы дауыстың тек 1.98% жинап, еш мандатқа қол жеткізе алмады.[3] Келесі жылғы президент сайлауында ҚКХП ұсынған Ерасыл Әбілқасымов дауыстың 0.34% жинап, жеңіліп қалды.[5]

2007 жылғы 28 наурызда ҚКХП мен ҚКП бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, онда олар жақында бірігетінін айтты. ҚКХП кейіннен ірі саяси қайшылықтарға байланысты ҚКП-мен байланыстан бас тартты.[3] 2007 жылғы маусымда болған баспасөз мәслихатында ҚКХП бірінші хатшысы Владислав Косарев Қазақстан Коммунистік партиясы ҚКХП-мен қосыла алмауына басты себеп екі партияның тек жоғары деңгейде ғана біріккісі келгенін және жергілікті басқарудың оған қатыспағандығы деді. Косарев сонымен қатар ҚКП құрылымдары толығымен жойылып, партияның халық арасындағы беделі нөлдік деңгейге дейін төмендегенін айтты.[6]

2007 жылғы парламент сайлауында партия жалпы дауыстың 1.29% жинап, Парламентке түспей қалды.[7] 2012 жылғы парламент сайлауында партия жалпы дауыстың 7.19% және 7 мандат жеңіп алып, билік партиясын санамағандағы Парламентке түскен бірінші партиялардың бірі болды. Ресми түрде оппозицияда болғанымен, партия президентке қарсы еш сөз айтып көрмеген, үкіметті қолдайтын партия саналады.

2020 жылғы қарашада өткен партияның кезектен тыс XV съезінде партия атауы Қазақстанның халық партиясы болып өзгерді.[8] Съезде, оған қоса, партия бағдарламасына бірнеше өзгертулер енгізді.[9]

Кезектен тыс съезге партияның 33 делегаты қатысты. Владислав Косаревты санамағандағы әр делегат партия атауының өзгеруіне дауыс берді.[10] Партия төрағасы болып бірауыздан Айқын Қоңыров сайланды. Ол партияның 2013 жылғы маусымнан де-факто басшысы болған Косаревтың ізбасары болды; бұл жылдары партия хатшылары қызметінде Жамбыл Ахметбеков, Тұрғын Сыздықов, Виктор Смирнов және Гаухар Нұғманова еді.[10]

2022 жылғы қазанда ҚХП Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймын деп, Халықтық коалиция құрамына кірді.[11]

2024 жылғы 1 шілдеде Алматыда болған баспасөз мәслихатында[12] партияның бірнеше мүшесі Ермұхамет Ертісбаевтың партия төрағалығынан кеткенін талап етті. Наразылар сөзінше, партиядағы келіспеушілік «құрылып жатқан Ертісбаевтың жеке басына табынуынан» шыққан.[13] Бұрынғы төраға орынбасары Асхат Асылбеков, оған қоса, 2023 жылғы жергілікті сайлаулардан бұрын Ертісбаев бір сұхбатта өзінің Назарбаевқа мәңгі адал болатынын айтқан деген.[12] Ертісбаевтың осы сөзі партияның бетбеделін төмендетеді делінеді. Асылбековпен қатар төрағаны сынға алғандар арасында партияның Алматылық бөлімшесінің басшысы Төлеужан Жүндібаев және Маңғыстау облысының өкілі Әбдірашит Мұқырұлы Нияз бар.[13] Олар, оға қоса, Ертісбаевтың өз YouTube арнасына партия қаражатын бөлгеніне және Бишімбаев ісіндегі Қуандық Бишімбаевты қолдағанына қарсылығын көрсеткен. Сынға алынғандар қатарында тағы төраға орынбасары Мирас Аукенов да болды. Наразылар, оған қоса, партия кезектен тыс съезінің өткенін талап етті.[12]

Идеологиясы

Бастапқыда марксистік-ленинистік партия болған ҚХП бұрын өзін социалистік және солшыл деп сипаттайтын.[14] Алайда қазір олар өзі «халық капитализмі» дейтін идеяны қолдайды.[1]

Құрылымы

Thumb
ҚХП ОК бұрынғы хатшысы Жамбыл Ахметбеков

ҚКХП-на мүшелік Партияның бағдарламалық және жарғылық айқындамаларын бөлісетін Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары үшін партия билетімен бекітілген ерікті, жекелей, кесімді болады.[15]

ҚКХП партиясының ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. ҚКХП ұйымдық негізі бастауыш партия ұйымдары болып табылады. Олар партияның аудандық және қалалық комитеті бекітетін партияның үш және одан да көп мүшесінен құрылады. Филиалдар мен өкілдіктер халық арасында Партия саясатын жүргізеді, мемлекеттік атқарушы және өкілді органдармен, саяси және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасайды, өз мөрі және фирмалық бланкілері болады.[15]

2010 жылғы маусымда ҚКХП құрамында 1,868 бастауыш партия ұйым, 178 аудандық ұйым, 33 қалалық ұйым, 14 облыстық ұйым және Алматы мен Астана секілді республикалық маңызы бар қалалық ұйым жұмыс істеді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жоғары органы Орталық Комитет 4 жылда кемінде 1 рет шақыратын съезд болып табылады. Съезд шақыру туралы шешім съездің отырысы күніне дейін 2 айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.[15]

Партияның бақылау органдары мыналар: ҚКХП съезі сайлайтын Орталық бақылау-тексеру комиссиясы (ОБТК); Партияның филиалдары мен өкілдіктеріндегі партия конференцияларында олардың басшылық етуші органдарымен бірлесіп құрылатын облыстық, қалалық және аудандық бақылау-тексеру комиссиялары (ОБТК, ҚБТК, АБТК); жалпы жиналыс сайлайтын бастауыш партия ұйымдарының бақылау-тексеру комиссиялары. Бақылау-тексеру комиссиялары өздерін сайлаған жоғары органға, атап айтқанда: партия съезіне, филиалдар мен өкілдіктердің конференцияларына, бастауыш ұйымдардың жиналыстарына есеп береді.[15]

Сайлану тарихы

Президенттікке үміткерлері

More information Жыл, Үміткері ...
Жыл Үміткері Даусы % Даусы % Нәтижесі
1-айналымы 2-айналымы
2005 Ерасыл Әбілқасымов 23,252 0.34 Жеңілді
2011 Жамбыл Ахметбеков 111,924 1.36 Жеңілді
2015 Тұрғын Сыздықов 145,756 1.61 Жеңілді
2019 Жамбыл Ахметбеков 167,649 1.82 Жеңілді
2022 Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдады 6,456,392 81.31 Жеңді
Close

Мәжіліске сайлануы

More information Жыл, Даусы ...
Жыл Даусы % Мандаты +/– Орны Нәтижесі
2004 3.4%
0 / 77
Жаңа 6- Парламенттен тыс
2007 76,799 1.3%
0 / 98
6- Парламенттен тыс
2012 498,788 7.19%
7 / 98
7 3- Оппозиция
2016 537,123 7.14%
7 / 98
3- Оппозиция
2021 659,019 9.10%
10 / 98
3 3- Оппозиция
2023 432,920 6.80%
5 / 98
5 5- Оппозиция
Close

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.