Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков - 1961 жылы Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жантеке селосында туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик ретінде бастаған.
1983-1987 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитеті Қорғалжын кеңшары космсомол комитетінің хатшысы.
1987-1990 жылдар аралығында – Қазақстан Компариясы Қорғалжын аудандық комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы.
1990-1992 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1992-1994 жылдар аралығында – Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
1994-1997 жылдар аралығында – Қорғалжын аудандық әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
1997-1998 жылдар аралығында – автомобилге жанар-жағар май құю стансасының механигі.
1998-2001 жылдар аралығында – Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейының взвод командирі, директордың әскер-техникалық дайындық жөніндегі орынбасары.
2001-2002 жылдар аралығында – Дружба орта мектебі директорының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары.
2002-2003 жылдар аралығында – аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері.
2003-2005 жылдар аралығында – Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы.
2005-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат басшысы, хатшысы.
2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
Отбасылы, төрт баласы бар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.