From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі — Қазақстан үкіметінің құрамына енетін, халықтың жұмысы, әлеуметтік жағдайы мен көші-қонына жауапты орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ҚР ЕХӘҚМ) | |
---|---|
![]() | |
Қазақстан елтаңбасы | |
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | ![]() |
Құрылған уақыты | қараша 1996 жыл (тұңғыш рет құрылды) 25 қаңтар 2017 жыл (қайта құрылды) |
Оның алдындағы мекемелер | Еңбек министрлігі және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (1996) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (2017) |
Жоғарыда тұрған мекеме | Қазақстан үкіметі |
Штаб-пәтері | 010000, Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй,
«Министерлер үйі», 5–6-кіреберіс |
Министр | Светлана Жақыпова |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/enbek |
1991 жылы наурызда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитет Еңбек министрлігі болып қайта құрылды.[1] 1992 жылы ақпанда Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып өзгертілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1996 жылы Еңбек пен Халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің негізінде президент Назарбаевтың 29 қазан күнгі жарлығымен[2] құрылды.
Министрлік президенттің 2014 жылдың 6 тамызындағы №875 Жарлығына сәйкес таратылып, Министрліктің функциялары мен өкілеттіктері Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне берілді.
2017 жылдың 25 қаңтарында күшке енген президенттің жарлығымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне бөлінді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеттері:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 3 комитеті бар:[4]
Министрліктің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес көші-қон комитетінің міндетіне «көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіру» кіреді, сонымен қатар еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қызметіне «еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау» жатқызылады.
1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы.
2. Республикалық протездік-ортопедиялық орталық.
3. "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы.
4. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
1. Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.
2. Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Үкімет басшысы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі | |||||||
1 | ![]() |
Саят Бейсенов (1940 туған) |
1990 | қазан 1994 |
белгісіз | Қараманов II Терещенко | |
2 | ![]() |
Виктор Соболев (1948 туған) |
қазан 1993 |
маусым 1994 |
белгісіз | Терещенко | |
3 | ![]() |
Пётр Крепак (1941 туған) |
маусым 1994 |
қараша 1996 |
белгісіз | Терещенко Қажыгелдин | |
Әлеуметтік қамсыздандыру министрі (1992 жылға дейін) Халықты әлеуметтік қорғау министрі (1992—1996) | |||||||
1 | ![]() |
Зәуре Қадырова (1940 туған) |
1990 | маусым 1994 |
белгісіз | Қараманов II Терещенко | |
2 | ![]() |
Байкәрім Түтенов (1958 туған) |
маусым 1994 |
қазан 1995 |
белгісіз | Терещенко Қажыгелдин | |
3 | ![]() |
Сейітсұлтан Әйімбетов (1947 туған) |
қазан 1995 |
қараша 1996 |
белгісіз | Қажыгелдин | |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері (1996–2014) | |||||||
1 | ![]() |
Наталья Коржова (1958 туған) |
қараша 1996 |
қазан 1999 |
белгісіз | Қажыгелдин Балғымбаев | |
2 | ![]() |
Николай Радостовец (1955 туған) |
қазан 1999 |
тамыз 2000 |
белгісіз | Тоқаев | |
3 | ![]() |
Әлихан Бәйменов (1959 туған) |
тамыз 2000 |
қараша 2001 |
белгісіз | Тоқаев | |
4 | ![]() |
Гүлжан Қарағұсова (1950 туған) |
қараша 2001 |
тамыз 2007 |
Нұр Отан | Тоқаев Тасмағамбетов Даниал Ахметов Мәсімов I | |
5 | ![]() |
Бердібек Сапарбаев (1953–2023) |
тамыз 2007 |
4 наурыз 2009 |
Нұр Отан | Мәсімов I | |
6 | ![]() |
Гүлшара Әбдіқалықова (1965 туған) |
4 наурыз 2009 |
26 қыркүйек 2012 |
Нұр Отан | Мәсімов I Серік Ахметов | |
7 | ![]() |
Серік Әбденов (1977 туған) |
26 қыркүйек 2012 |
10 маусым 2013 |
белгісіз | Серік Ахметов | |
8 | ![]() |
Тамара Дүйсенова (1965 туған) |
10 маусым 2013 |
6 тамыз 2014 |
белгісіз | Серік Ахметов Мәсімов II | |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017) | |||||||
9 | ![]() |
Тамара Дүйсенова (1965 туған) |
6 тамыз 2014 |
25 қаңтар 2017 |
белгісіз | Мәсімов II Сағынтаев | |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері (2017 бері) | |||||||
10 | ![]() |
Тамара Дүйсенова (1965 туған) |
25 қаңтар 2017 |
9 ақпан 2018 |
белгісіз | Сағынтаев | |
11 | ![]() |
Мәдина Әбілқасымова (1978 туған) |
9 ақпан 2018 |
25 ақпан 2019 |
Нұр Отан | Сағынтаев | |
12 | ![]() |
Бердібек Сапарбаев (1953–2023) |
25 ақпан 2019 |
20 тамыз 2019 |
Нұр Отан | Мамин I | |
13 | ![]() |
Біржан Нұрымбетов (1968 туған) |
20 тамыз 2019 |
18 қаңтар 2021 |
белгісіз | Мамин I Мамин II | |
14 | ![]() |
Серік Шәпкенов (1979 туған) |
18 қаңтар 2021 |
7 сәуір 2022 |
Аманат | Мамин II Смайылов I | |
15 | ![]() |
Тамара Дүйсенова (1965 туған) |
7 сәуір 2022 |
2 қыркүйек 2023 |
белгісіз | Смайылов I Смайылов II | |
16 | ![]() |
Светлана Жақыпова (1968 туған) |
2 қыркүйек 2023 |
— | Ауыл | Смайылов II Бектенов |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.