From Wikipedia, the free encyclopedia
Қажылық (араб.: حَجّ хаддж) - ислам дiнi бес негiзiнiң соңғысы. Қажылық, хаж жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Шариғат бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана І парызын өтей алады. Оның парыздығы қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят), - деп ұқтырылса, хадис шарифте: «Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Байтуллаға қажылыққа бару», - делiнген.
Шариғат кiтаптарында:«Бас бостандығы бар, балиғат жасына жеткен, ақыл-есi дұрыс, денi-басы сау адамға қажылыққа бару парыз делiне отырып, қажыға баратын жол қауiп-қатерсiз, оған азық-түлiгi, көлiгi немесе көлiк жалдауға қаражаты болуы керек екендiгi және үлкен сапарға аттанған кiсiнiң үйiнде қалған отбасы тарығып қалмайтындай нәпақамен қамтамасыз етiлуi де шарт», - деп көрсетiлген.
Қажылық сөздiкте - «қасиеттi жерге баруды ниет ету» дегендi бiлдiрсе, шариғатта - арнайы уақытта яғни қасиеттi рамазан айынан кейiнгi айдан бастап зүлхижжа айының 10-12 күндерiне дейiн арнайы мекенде яғни Сауд Арабиясының Мекке қаласында табылып, арнайы бекiтiлген ихрамға кiру, Кағбаны жетi айналып тәу ету, Сафа мен Маруа арасында сағий жасау, Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, шайтанға тас ату сияқты амалдарды орындау деп түсiну ләзiм.
Қажылықта атқарылатын амалдардың тарихы сонау Адам (ғ.с.) атадан да ертеректен бастау алады. Ол туралы қасиеттi Құран Кәрiмде: «Ақиқатына келсек, адамдардың ғибадат етуi үшiн тұңғыш салынған үй Меккеде. Бүкiл әлемдегi қасиеттi және тура жолға бастайтын үй сол»(«Әли-Имран» сүресi, 96 аят) делiнген. Демек, адамдардың ғибадат етулерi үшiн, бүтiн әлемге мүбарак саналған тұңғыш үй - Меккедегi Қағба үйi. Сол Қағбадан бұрын жер бетiнде салынған үй болмаған.
Хадисте: «Адам Ата мен Хауа ана ұзақ жылдық айырылудан соң Арафат тауында жолыққанда (Арафат - Адам Ата мен Жәбiрейiл жаннаттан кейiн, қайта жолыққанда, Жәбiрейiл (ғ.с.) Адамнан (с.ғ.) «арафта» - яғни «таныдың ба?» деп сұраған сөзiнен шыққан деседi) Алла Тағала Жәбiрейiл перiште арқылы ол екеуiне ғибадат үйi Қағбаны салуды әмiр етiп, құрылыс бiткен соң, оны тәуап етуге бұйырып, «Сен жер бетiндегi тұңғыш адам болсаң, бұл жер бетiнде құрылған тұңғыш үй» - деген екен.
«Адамның (ғ.с.) қажылық жасағанын көрген перiштелер: «Қажылығың қабыл болсын, ей Адам (ғ.с.) бiз де бұл үйдi сенен екi мың жыл бұрын зиярат еткенбiз», - дептi. Бұған қарағанда, Қағбаны алғашқы рет перiштелер тұрғызып, тәуәп жасаған. Адамзат дүниеге келместен бұрын, жер бетiнде iблiс шайтанның тегi Бани Жин тайпасы тiршiлiк еткен.
Ол жер бетiн жаман, бұзық iстерге толтырып жiбергендiктен Алла Тағаланың қаһарына ұшырап, төртiншi қабат аспан перiштелерi арқылы қиратылып жермен-жексен етiлдi. Аспан перiштелерi сол оқиғадан кейiн бiрнеше уақыт жерде қалып қояды. Жердi гүлдендiрген олар төртiншi қабат аспанда жүргенде қызыл жақұттан жасалған Байт әл-Маъмұр деген үйдi тәу еткендерi сияқты, Алла Тағаладан жер бетiнде де сондай қажылық ететiн үйдiң болуын сұрайды. Алла Тағала олардың дұғаларын қабыл етiп, ғарыштағы Байт әл-Маъмұр астындағы топыраққа бiр үй тұрғызып, оны зиярат етуге бұйырады.
Ислами риуаяттарда айтуынша, содан берi Қағба он рет бұзылып, қайта жасалған. Адам (ғ.с.) Алла әмiрiмен қайта қалап, қажылық еткен үйдi Нұһ (ғ.с.) дәуiрiнде жер жүзiн топан суы басқанда - перiштелер Қағбаны жетiншi көкке көтерiп әкеткен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) миғражға көтерiлгенде: «Перiштелер Қағба үйiн тәу етiп жатқанын, Ибраһимнiң (ғ.с.) сол үйге сүйенiп отырғанын көрдiм. Перiштелердiң көптiгi соншалық қасиеттi үйдi бiр тәу еткен перiштеге қиямет күнiне дейiн қайта кезек келмейдi екен»,- деген сөзi бар.
Ибраһимнiң (ғ.с.) пайғамбарлық дәуiрiнде ескi үй орнына баласы Исмаил (ғ.с.) екеуi Алла Тағала бұйрығымен қазiргi Кағбатуллаһты салғаны туралы имам әл-Бухарий Абдулла ибн Аббастан (р.а.) риуаят еткен қиссада: «Ибраһим (с.ғ.): «Ей, ұлым, Исмаил! Алла Тағала маған бiр iс бұйырды», - деп едi, Исмаил: «Әке, Раббыңыз бұйырған iстi орындаңыз», - дедi. Әкесi: «Ұлым, көмек бересiң бе?», - дегенiне, ұлы Исмаил ойланбай: «Әрине», - деп үн қатты.
Ибраһим: «Алла Тағала маған мына жерден үй соғуға әмiр еттi», - деп кiшкене ғана бiр төбенi көрсеттi. Сосын ұлы тас тасыды, әкесi қалады», - делiнген.
Осылайша, әке, баланың iсi оңға басып, Қағба бой көтерiп, бiр деңгейге жеткенде, тас қалау қиынға соғады. Сонда әкесiнiң бойы жетiп, iсi оңайлауы үшiн баласы оның аяғының астына биiк, жалпақ тас әкелiп қояды. Сол тасқа Алла Тағала кейiнгiлер: «Ибраһимге сәлем!» - деп жүрулерi үшiн даңқ және естелiк ретiнде Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың аяқ iздерiн қалдырады.
Бұл туралы қасиеттi Құранда: «Ондағы қасиеттi белгi - Ибраһимнiң (с.ғ.) орны» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят), - делiнедi. Ғұламаларымыздың айтуынша, «Ибраһимнiң орны» деп Ибраһимнiң (с.ғ.) Қағбаны салып жатқанда, табанының iзi қалған тас және оның айналасы айтылады. Ибраһим (с.ғ.) Қағба салуды аяқтаған соң, тас алдында намаз оқыған екен. Сондықтан да қажылар тәуеп етiп болып, сол арада екi ракат намаз оқиды.
Бұл туралы қасиеттi Құранда: «Ибраһимнiң (ғ.с.) орнын намаз орны етiңдер» («Бақара» сүресi, 125 аят), - деп бұйырылғандықтан шариғатымызда бұл уәжiп деңгейiнде саналатын намаздардың бiрi. Ибраһимнiң (ғ.с.) iзi қалған тас Омардың (р.а.) халифаттығына дейiн Қағбаға тиiп тұрды. Оны хазiретi Омар тәуеп етушiлерге кедергi болмасын деп шетке жылжытқан. Сол тас қазiр де бар. Ол шыны ыдысқа салынып аздап жоғары көтерiлiп қойылған.
Ибраһим (с.ғ.) Қағбаның төрт қабырғасын қалап боп, кезек осы күнгi «Хажар әл-Асуад» деп аталатын қасиеттi қара тасқа жеткенде, әке-бала тәуептiң бастау алатын бұрышын жасамақ болып ойға қалады. Сонда Жәбiрейiл (ғ.с.) перiште Ибраһимге (с.ғ.) жұмақтан белгi боп тұру үшiн арнайы тас ала келiп, оның орнын көрсетедi.
Риуаят бойынша, бұл тас жұмақтан әкелiнгенде таңқаларлықтай аппақ екен. Бiрақ уақыт өте келе адамилықтан ауытқыған, ғұсыл-дәреттi, әуретiн жабуды ұмытқан күнәһар қолдардың тигендiгiнен нұрын жоғалтып, қара тасқа айналыпты. Ол туралы хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз:
«Расында Қағбадағы қара тас - жәннат жақұттарының бiрi. Қиямет күнi оған Алланың құдiретiмен көз және тiл бiтiп, ол өзiне тәу еткендерге куәлiк етедi», - дейдi.
Және бiр хадисте: «Ей, мүмiндер! Хажар әл-Асуадты жерде тұрғанда ғанибет көрiп, көп зиярат етiңдер, сондай бiр күн келедi, адамдар Байтулланы кешке тауап етiп, ертесiне келсе, Хажар әл-Асуадты таба алмай әуре-сарсаң болады. Өйткенi жәннаттан шыққан нәрселердi Алла Тағала қиямет алдында қайта жәннатқа көтерiп әкетедi», - делiнген.
Тәуеп осы қара тастан бастап оңға қарай жүрумен басталады. Оған қарап, «Аллаһу Акбар» деген такбир мен «ләә иләәһә илләлла» дейтiн таһлил айтылады. Тасты ұстап, басқа мұсылманға кедергi келтiрмейтiндей болса сүйедi. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с.) кейiн әдiл Омар ( р.а.) осы қара тасты сүйiп тұрып: «Сенiң, пайда да, зиян да бере алмайтын тас екендiгiңдi анық бiлемiн. Егер пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сенi сүйгенiн көрмегенiмде, мен де сенi сүймес едiм», - деп, айтқанын естiген Әли (р.а.):
Сондықтан адамдар осы қара тасты сүйген уақытта: «Ей, жаратқан ием! Өзiңе иман келтiрiп, кiтабыңды растап және берген уәдемде тұрып, бұл тасты сүйiп жатырмын», - дейдi. Қағбаның қара тас тұрған бұрышы шығысқа қаратылған, оны Рүкiн дейдi. Қара тас жерден бiр метр жоғарыда тұр. Айналасы күмiспен жиектелген.
Мұсылмандар үшiн жер бетiнде Қағбадан өзге қасиеттi орын жоқ. Өйткенi, ол киелi орын. Қағба Ұлы Жаратушымыз Алла Тағаланың әмiрiмен, Жәбiрейiлдiң (с.ғ.) көмегiмен салынды.
Қасиеттi Құранда: «Кезiнде үйдi (Қағбаны) адамдар жиналатын орын және тыныштық мекенi етiп бердiк» («Бақара» сүресi, 125 аят), - делiнген. Аяттағы «Жиналатын орын» деген сөз «Мәсәбатан» сөзiнен тәржiмаланып отыр. Ал, осы сөздiң толық мағынасын ашып беретiн қазақ тiлiнде өзге сөз болмағандықтан ол сөз осылай аударылды. «Масабәтан» сөзi - адам қайта-қайта барса да тоймайтын жер деген мағынаны да бiлдiредi. Сондықтан да ол Алла Тағаланың бiр керемет жайы ретiнде адам қанша барса да өзiне қайта тартып тұратын шарапаты аса мол киелi.
Имам Мүслим Абдулла ибн Аббастан (р.а.) риуаят еткен хадис шарифте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккенi (фатх) азат еткен күнде: «Расында, Алла Тағала бұл елдi аспан мен жердi жаратқан күннен бастап Харам деп бекiткен... Бұл жер Алланың құрметi үшiн қиямет қайымға дейiн Харам саналады.
Көгерiп тұрған өсiмдiгi жұлынбайды, жануары үркiтiлмейдi. Түсiп қалған затты таныған адамнан басқасы алмайды...», - деген. Харам сөздiң мағынасынан жамандық атаулы iс-қылықтың барлығына тыйым салынған қасиеттi дегендi түсiнемiз. Демек, Харам шариф өлкесiнде тек адамға ғана емес, тiптi жануары мен өсiмдiгiне де амандық кепiлдiгi берiлген. Қағба - күллi мұсылман баласының қиямет-қайымға дейiн намаздарында және басқа да ғибадаттарында жүздерiн бұратын, қажылық пен умрада мүмiн-мұсылмандардың басын қосатын қасиеттi мекен. Қажылық ғибадатында - мұсылмандар Алланың нұрын таратқан орталыққа жиналып, жылына бiр рет бас қосады.
Мұсылмандардың жылдық жиындары саналған қажылықта - адамдар арасындағы теңдiк бiрден көзге түседi. Онда барлық қажылар өздерiне қажылықты парыз етiп ихрамға кiредi. Ихрамның ақ маталы киiмiне оранып ортақ зiкiрдi айтып жатқанда, ешкiмдi де ажырата алмай қаласың. Ол киiмдi киген барлық қажылардың атқаратын амалдары да бiрдей. Барлығы да бiр жолмен бiр амалды орындау үшiн барады, бiр-бiрiнен қалмай сол жолмен қайтады. Демек, патша да, жарлы да, бай кiсi де, үлкен-кiшi де, күштi мен әлсiз де ихрамда өздерiн кiшiпейiл ұстап, Алла құзырында жүргендей кiршiксiз сезiммен жүредi. Бұл Ислам дiнiнiң теңдiк дiнi екендiгiне ашық дәлел емес пе? Хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бiр хадисiнде: «Қажылар және умраға барушылар - Алланың жер-жерден келген өкiлдерi және қонақтары. Егер олар Алладан тiлесе, Алла оларға тiлегенiн бередi. Кешiрiм сұраса, кешiредi, шапағат тiлесе, шапағатқа бөленедi және дұға етсе, дұғалары қабыл болады» десе, ендi бiрiнде:«Кiмде-кiм жаман сөз айтпай, бұзақылық жасамай осы үйдi қажылық етер болса, жаңа туған сәбидей күнәдан пәк болады» делiнген.
Бұзақылық деп - үлкен-кiшi күнәлi iстердi айтады. Ал, жанжалға, талас-тартысқа түсу, ұрысып қалу, ашулану жатады. Қажылық - үлкен дәреже. Онда мұндай терiс iс-әрекет жасау дұрыс емес. Қажылыққа барушы Алла Тағаланың үйiне зиярат ету үшiн Жаратушысына бетiн бұрған адам саналады. Сондықтан да қажыдан барлық жаман iстерден тыйылып, жақсы амалдармен ғана шұғылданар аса әдептiлiк талап етiлген.
Қажылық кезiнде әрқандай бiр жағымсыз қылық болғанда қажылар: «Йа қажи, сабыр, сабыр!» деп бiр-бiрiне ескертедi. Қажылар соған орай жаман iс-әрекеттерге бармай, барынша жақсы амалдарды көбiрек жасап қалуға тырысып бағады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кiмде-кiм үйiнен қажылықты немесе умраны ниет етiп шығып, кейiн жолда дүние салса, ол кiсiге қиямет күнiне дейiнгi әр жылғы қажылық пен умра сауабынан несiбе жетiп тұрады. Ал, екi Харамның бiрiнде дүниеден өтсе, еш кедергiсiз, есеп берместен жәннатқа кiредi» дедi. Сондай-ақ, «Шариғат талабы бойынша орындалған қажылық дүниеден және ондағы барлық нәрселерден артық. Оның сыйы тек қана жәннат» дейдi хадис-шарифте, Мүмкiншiлiгi бола тұра қажылыққа бармаған мұсылман үлкен күнә жасаған болып саналады. Қасиеттi Құранда:«Кiмде-кiм қарсы келсе, Алла күллi әлемнен беймұқтаж» («Әли Имран» сүресi, 97-аят) делiнген. Яғни Алла Тағала адамзаттың қажылығы түгiлi барша ғибадатына мүлдем мұқтаж емес, керiсiнше әлемдегi барлық нәрсе оған мұқтаж. Аятта «қарсы келсе» деген сөздiң арабшасында «кәфәрә» яғни «кәпiрлiк» сөзi қолданылуының өзi де көп мән-мағынаны айқындай түседi. Бұл аят бойынша жағдайы бола тұра қажылық жасамаған адамның әрекетi кәпiрлiкке теңелген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да: «Кiмде-кiм жағдайы бола тұра, қажылық етпей дүниеден өтсе, онда ол қаласа яһуди, қаласа христиан болып дүниеден өтсiн» деп, тектен-тек айтпаса керек-тi.»
Белгілі бір адамға қажы ғибадатының парыз болуы үшін төмендегі шарттар орындалуы керек.
талақ немесе күйеуінің қайтыс болуына байланысты шариғаттың белгілеген ғиддет мерзімінде болмауы керек. Өйткені Аллаһ Тағала мына аятта ғиддет мерзіміндегі әйелдердің үйден шығуларына тыйым салған: «Талақ қылған әйелдерінді үйден шығармаңдар, олар да шықпасын». Қажылықты басқа уақытта өтеуге болады. Ал ғиддет белгілі уақытқа арналған. Сал ауруына душар болған, денсаулығы нашар, қарт, мүгедек адам, жол көрсететін көмекшісі жоқ соқыр адамдар, жанында бірге баратын махрамы жоқ әйелдер, шетелге шығудан мемлекет тарапынан тыйылған, баратын жолында қатерге ұшырауы мүмкін адамдар қажылыққа өздерінің орнына басқа біреуді көздерінің тірісінде жіберуіне немесе өзі дүниеден қайтқаннан кейін өкіл ретінде барып-келулерін талап етулеріне болады.
Ихрам дегеніміз - қажылық, умра немесе екеуін бірге жасау ниетімен, басқа уақытта істеуіне рұқсат кейбір іс-әрекеттерді қажылық, умра уақытында өзіне харам қылу. Ихрамға қажылық түрлерінің қайсысын орындайтын болса, соны жүрегімен ниет етіп, тәлбия айту арқылы кіреді. Бірақ ниетті тілмен айту - мұстахап. Ихрамға кірудің шарттарының бірі ғана болып табылатын «рида» және «изар» деп аталатын екі бөліктен тұратын сүлгі немесе оған ұқсас тігісі жоқ мата халық арасында «ихрам» деп аталғанымен, Ихрам мағынасын толық қамтымайды. Орындайтын қажылық түрін ниет етпей, тәлбия дұғасын айтпай, тек қана үстерін ақ, тігіссіз мата оранумен ихрамға кірген болып саналмайды. Өйткені ниет пен «тәлбия» дұғасы ихрамның шарттарынан.
Бұл бес миқат:
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадистерінде осы жерлерді миқат ретінде тағайындаған (Бухари, 1/206). Міне, сондықтан қажылыққа немесе умраға баратын адам бұл жерлердің қайсысынан етсе, сол жерден ихрамсыз өтуге болмайды. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ешкім миқаттан ихрамсыз өтпесін», - деп бұйырған. Бұл жерлерге жетпес бұрын ихрамға кіріп алуға да болады. Қажылыққа және умра үшін сырттан келгендер миқаттан ихрамсыз өтіп кеткен жағдайда, құрбан шалады немесе кері қайтып, миқатта ихрамға кіреді.
1. Ихрамға кірген адамның денесіне байланысты тыйымдар:
2. Киімге байланысты тыйымдар:
3. Харам аумағына байланысты тыйымдар:
4. Жалпы тыйымдар:
Зилқағда, Зилхижжаның алғашқы он күні) айларда. Кімде-кім бұл айларда қажылыкты міндеттенсе (мыналарды білсіні) әйелімен жақындасуға, күнә істеуге және жанжалдасуға болмайды» (Бақара, 2/197).
денені әтірлеу - сүннет. Айша атамыз мына хадисті риуаят еткен: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) ихрамға кірерде мен оған ең жақсы әтірін жағатынмын» (Бухари, Хаж, 21; Муслим, Хаж, 1-3.). Бірақ, ихрамға кіріп қойғаннан кейін әтір жағуға болмайды.
7. Ихрам намазы. Денені толық жуғаннан кейін немесе дәрет алғаннан кейін, ихрамға кірместен бұрын, екі рәкат намаз оқылады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Зулхулайфада екі рәкат намаз оқып, сосын ихрамға кіргені риуаят етіледі. Бұл намаздың бірінші рәкатында - «Кафирун», екінші рәкатында - «Ықылас» сүресін оқу сүннет.
Арафатта тұру (Қажылықтың екінші парызы). Арафа күні түс ауғаннан кейін Құрбан айттың бірінші күні таң намаздың уакъітына дейін Арафат тауында бір мезет болса да тұру - қажылықтың негізгі парызының біреуі. Сондықтан кімде-кім Арафатта бір мезет болса да тұрмаса, қажылық ғибадатын орындамаған болады. Оны келесі жылы қайтадан орындау керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Қажылық дегеніміз - арафат, кімде-кім арафатта үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады», - деп Арафатта тұрусыз қажылық ғибадатының қабыл етілмейтінін ескерткен. Арафат тауының «Уранә» сайынан басқа барлық жерінде тұруға болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Арафаттың барлық жері уақфа орны», - дейді. Арафаттың «Жәбэлул-рахмә» деген жерінде тұру абзалырақ. Арафат тауында арафа күні күн батқанға дейін болу уәжіп. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай істеген. Сондықтан арафа күні күн батпай қайтқан адамдар жаза ретінде құрбан шалады. Арафатта тұрудың дұрыс болуы үшін ниет және дәретті болу, тіпті ояу болу шарт емес. Дәретсіз, жүніп, хайыз, нифас күйіндегі адамдар да Арафатта тұра алады. Айша анамыз, Пайғамбарымыздың бұйрығы бойынша, хайыз күйінде Арафатта уақфа (тұру) жасаған.
қайырлысы - Арафа күні жасалған дұға», - деп бұйырған;
Арафа күні бесін азаны оқылғаннан кейін бесін намазының алғашқы төрт рәкат сүннеті оқылады, сосын қамат түсіріліп, бесін намазының парызы оқылады. Сосын қайтадан қамат түсіріліп, намаздыгер намазының парызы оқылады. Уақфа болғандықтан, бесін намазының соңғы сүннетін оқу - мәкрүһ. Әр екі намаздың парыздарынан кейін ташриқ тәкбірі айтылады. Осылайша бесін мен намаздыгер намаздары бір азан, екі қаматпен бесін уақытында қосылып оқылады.
Тауап - араб тілінде зиярат ету, бір нәрсені айналу сияқты мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - Қасиетті Қағбаны жеті рет ғибадат ниетімен айналу. Тауап Аллаһ Тағаланың аршының айналасында тауап ететін періштелер тәріздес, Аллаһ Тағалаға деген сүйіспеншілікпен, тағзыммен жасалатын ғибадат. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тауаптың намаз тәріздес ғибадат екенін білдіреді: «Байтуллаһтың айналасында тауап жасау - намаз оқу сияқты. Ерекшелігі - тауапта сөйлеуге болады, бірақ тауап жасап жүріп, кім сөйлесе, қайырлы сөз сөйлесін» (Тир- мизи, Хаж, 112). Қағбаның оңт. жағындағы бұрышында «Хажарул-Әсуәд» деп аталатын қасиетті қара тас бар. Тауап осы қара тастың қарсысынан басталады. Қағбаны жеті рет айналады. Әрбір айналымға «шаут» делінеді. Жеті рет айналғанда, бір тауап толық бітті деп саналады. Тауапта айналымдарды бірінен кейін бірін істеу шарт емес. Тауап толық бітпей жатып, ортасында дәрет алып, намаз оқып, қайтадан айналуды одан әрі жалғастыруға болады. Тауап жасап жатқан уақытта парыз намаздары үшін қамат түсірілсе, тауапты тоқтатыл, жамағатпен бірге намазға тұру керек. Қалған айналымдарды намаздан кейін жалғастырады.
түрде жасалуы керек. Жасалмаса, умрасы дұрыс емес. Қалған үш айналым орындалмаса, арнайы жаза өтеледі.
алыстау жерде тауап жасауға болады. Бірақ Мәсжидул-Харам мешітінің сыртынан жасауға болмайды.
Тауаптың сүннеттерін орындау - сауап, бірақ орындалмаған жағдайда да, тауап дұрыс болып есептелінеді.
жағдайда немесе қолмен ұстамаған жағдайда, қажылық ғибадаты қабыл болмақалады деген қате түсінікпен адамдарды итермелеп, жаншып-таптап, ренжітіп, жанжалдасса да сүюге тырысады. Бұл іс-әрекеттер дінді дұрыс білмегендіктен. Қасиетті қара тасты сүю - сүннет, ал адамдардың мазасын алмау, ренжітпеу - парыз. Істелмей қалған жағдайда күнә болмайтын сүннет амалын істеу үшін парызды тастап, күнәға батуға болмайды. Өйткені сүннеттің сауабынан парызды істемеген уақыттағы күнә басым. Олай болса, адамдардың тығыз, көптігіне байланысты қасиетті қара тасқа бара алмағандар алыстан бұрылып, сәлем береді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) кейде қасиетті қара тастың қарсысына келіп, қолындағы таяғымен сәлем бергендігі риуаят етілген.
1. Зиярат тауабын жасаған уақытта дененің үстіңгі жанындағы «рида» деп аталатын жапқыштың бір ұшын оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң қолды иықпен бірге ашық тастау. Ихрамды бұлай орануды «изтиба» дейді. Әйелдер изтиба жасамайды.
2. Зиярат тауабының алғашқы үш айналымында иықтарды сілтіген бойда қысқа адымдармен жылдам-жылдам жүру. Бұлай жүру «рәмәл» делінеді.
3. Тауаптың айналымдарын бірінен кейін бірін істеу Дәрет алу үшін айналымды тоқтатуға болады.
4. Ер адамдардың мүмкіндіктеріне қарай Қағбаға жақын тауап жасаулары, ал, әйелдердің еркектерді арасына араласпайтындай жерден тауап жасаулары сүннет.
Қажылық ғибадатында қажылықтық парыздары мен шарттарынан басқа уәжіп міндеттер бар. Қажылықта уәжіптерді шариғатта үзір саналатын себептерсіз таcтау - тахриман мәкрүһ, яғни харамға жақын мәкрүһ. Қ-тың парыздары орындалып, уәжіптері істелмеген жағдайда, Қажылық дұрыс деп есептелінеді. Бірақ шариғатта үзір саналатын себептерден тыс, басқа себептермен уәжіптер орындалмай қалса, қажылықтың дұрыс болуы үшін әрбір орындалмаған уәжіп үшін жаза ретінде құрбан шалу керек. Істелмей қалған уәжіп қайтадан жасалған жағдайда жаза өтелмейді. Мысалы, тауаптың парызы саналатын төрт айналымды жасағаннан кейін, уәжіп үш айналымды жасамаса, орындалмаған әр айналым үшін жаза беру керек. Бірақ тауапты қайтадан толық жасаған жағдайда жаза өтелмейді.
Ауру, қарт болу, қатты әлсіз болу, талып қалу, әйелдердің хайыз болуы сияқты самауи (адамның қалауынсыз, еркінен тыс себептер) себептер. Мысалы, Арафатта уақфа жасап жатқанда талып, Құрбан айттан кейін оянған адамға, қажылықтың уәжіптерінен саналатын Муздәлифә уақфасын, шайтанға тас лақтырушы тәрк еткені үшін және шаш алғызуды немесе қыскартуды кешіктіргені үшін жаза өтеу қажет емес. Қажыляғы дұрыс атқарылды деп есептеледі. Бірақ себептер адамдардың қалауымен болса, мысалға, бір қылмыс істеп, түрмеле тұтылса, орындай алмаған уәжіптері үшін жаза өтеу керек.
Муздәлифә - Арафат пен Минаның ортасында орналасқан жердің аты. Қажылықта Арафа күнінің құрбан айтқа қараған түйін толық Муздэлифәда өткізу - сүннет, уақфа (бір мезет ғибадат ниетімен тұру) жасау - уәжіп. Муздәлифәның «мұхассар» деген жерінен басқа барлық жерінде уақфа жасауға болады.
Жамғу-тахир - бірінші намаздың уақыты шыққаннан кейін екінші намаздың уақытында екі намазды бірге қосып оқу. Арафа күні ақшам және құптан намаздарын құптан уақытында Муздәлифәда бірге, қосып оқу - уәжіп. Азан оқылып, қамат түсірілгеннен кейін ақшам намазының парызы оқылады. Сәлем берген соң, тәшриқ тәкбірі айтылады. Сосын азан шақырылмастан, қамат түсірілместен құптан намазының парызы оқылады. Сәлемнен кейін тәшриқ тәкбірі айтылады. Осылайша ақшам мен құптан намаздары бір азан, бір қаматпен құптан уақытында оқылады. Сосын құптанның соңғы сүннеті мен үтір уәжібі оқылады. Ақшам намазының парызын оқығаннан кейін сүннетін оқу - мәкрүһ.
Қажылардың Құрбан айт күндерінде Минала бір-біріне жақын арақашықта орналасқан тіктеулі тұрған үш шайтан тасқа кішкентай тас лақтырулары - қажылықтың уәжіптеріиің біреуі. Бұл тіктеулі тастар: Кішкентай шайтан (жәмра). Орта шайтан (жәмра) және Үлкен шайтан (Ақаба жәмрасы).
Шайтанға тас лақтырудың уақыты - Құрбан айттың төртінші күні.
Айттың алғашқы күні (Зилхижжаның 10-ы) тек қана Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Алғашқы тас лақтырылысымен қажылықтың басынан айтылып келе жатқан «тәлбия» дұғасы тоқталады. Бұдан кейін тәлбия айтылмайды. Айттың бірінші күні шайтанға тас лақтырудың уақыты - таң атысымен басталып, ертесі күні таң атқанға дейінгі мерзім. Айттың бірінші күні күн шықпастан шайтанға тас лақтыру - мәкрүһ, күн шыққаннан кейін түске дейін лақтыру - сүннет, түстен кейін күн батқанға дейін лақтыру - жәйіз (рұқсат етілген), күн батқаннан кейін себепсіз лақтыру - мәкрүһ. Адамдардың тыгыздығына байланысты күн батқаннан кейін лақтыру мәкрүһ саналмайды. Қараңғы болғандықтан лақтырылған тастар шайтан тасқа тимей, басқа адамдарға зиян келтіру қаупі болғандықтан күн батқаннан соң тас лақтыру мәкрүһ деп есептеледі. Бірақ қазір арнайы жарықтандыру жүйелері қолданылғандыктан, аталмыш себептердің алдын-алған және күндіз адам тығыз болғандықтан, күн батқаннан кейін тас лактырудың еш мәкрүһтігі жоқ.
Айттың екінші және үшінші күндері (Зилхижжаның 11 -і және 12-сі) - Әр үш шайтан тасқа (кішкентай, орта және үлкенге рет-ретімен) жеті-жетіден 21 тас лақтырылады. Бұл күндердегі тас лақтыру уақытты - түстен кейін басталып, ертесі күнгі таң атқанға дейінгі уақыт. Бұл екі күнде түске дейін тас лақтыруға болмайды.
Айттың төртінші күні - (Зилхижжаның 13-ші) үш шайтан тастың әрқайсысына жеті-жетіден 21 тас лақтыру абзал, бірақ лақтырмаса да болады. Лақтырылмаған жағдайда барлық лақтырылған тастың саны - 49. Ал лақтырылса, 70 болады. Лақтырмайтын жағдайда, Миналан таң атпай қайту керек, алайда төртінші күні де тас лақтыру уәжіп болып қалады. Минаның Мекке жақтағы шекарасы Ақаба жәмрасы (үлкен шайтан тас) болуда. Сол Ақаба жәмрасынан өту арқылы Миналан шықканға саналады. Ханафи мазһабындағы Имам Өбу Юсуп және Имам Мұхаммедтің пікіріне сүйенсек, айттың төртінші күні тас лақтырудың уақыты түстен кейін басталады. Түске дейін лақтыруға болмайды. Ал Әбу Ханифаның айтуынша, таңның атуымен басталып, күн батқанға дейінгі уақытта аяқталуы тиіс. Таң атқаннан күн шыққанға дейін - мәкрүһ, ал күн шыққаннан түске дейін лақтыру - жәиз, түс ауғаннан кейін күн батқанға дейін лақтыру - сүннет. Төртінші күні тас лақтыру уақыты күн батқаннан кейін бітеді. Лақтырылмай қалған әр күннің тасын сол күні күн батқанға дейін лақтыру - уәжіп. Лақтырылатын тастарды Муздәлифәдан немесе Мұхассир жолынан немесе нәжіс (лас) болмаған кез келген жерден жинауға болады. Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) бұйрығы бойынша, Ибну Аббас тастарды Муздәлифәдан жинаған.
Ислам - жеңілдік діні, сондықтан түрегеп тұрып намаз оқи алмайтындай дәрежеде ауру, не кәрі кісілер өздерінің орнына басқа адамды өкіл жасап, лақтыртуларына болады. Өкіл адамдар бірінші өздері үшін лақтырып, содан кейін баласының орнына лақтырады. Бірақ, күндіз лақтыра алмағандар түнде лақтыра алатын болса, күндіз басқа біреуге лақтыртуға болмайды. Түнде өздері лақтырады. Уақытында лақтырылмаған тастардың тас лақтыру күндері қаза етіліп, лақтырылуы уәжіп. Тас лақтыру кұндері аштың төртінші күні күннің батуымен аяқталады. Төртінші күні күн батқаннан кейін лақтырылмаған тастар қаза етілмейді. Әбу Ханифаның айтуынша, лақтырылмаған тастар айттың төртінші күні күн батқанға дейін қаза етілсе де, жаза өтеу түспейді. Ал Имам Юсуп пен Имам Мұхаммедтің айтуларынша жаза түседі.
Сағи (араб тілінде) - шапшаң жүру, жүгіру деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы: Мәсжидул-Харам жақта орналасқан Сафа және Мәруа төбелерінің арасында Сафа төбешігінен бастап, Мәруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш рет қайтып келу. Сафадан Мәруаға бару - бір рет, Мәруадан Сафаға қайтып келу - тағы бір рет болып есептеледі. Сафа мен Мәруанның арасында сағи ету - қажылық уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 158-аятында: «Сафа және Мәруа Аллаһтың нышандарынан, кімде-кім қажылық немесе умра жасау ниетімен Қағбаны зиярат етсе, Сафа мен Мәруаны тауап етуінде күнә жоқ», - деп сағидің маңыздылығын білдірген. Қажылық үшін жасалған сағи - қадум яки зиярат тауаптарынан кейін орындалатыны сияқты, умра үшін жасалатын сағи, умра тауабынан кейін жасалады. Сағи әрқашан тауаптан кейін істеледі. Сағиді тауаптан кейін дереу жасау шарт болмағанмен, өте маңызды сүннет.
Ибраһим (а.с.) Аллаһ Тағаланың бұйрығымен зайыбы Хажар анамыз бен емшектегі баласы Исмайлды қазіргі Зәмзәм құдығының орналасқан жеріне әкеліп, тастап кетті. Ол уақытта қазіргі Мекке қаласының орналасқан жерінде ішер судың жоқтығынан тірі жан мекендемейтін. Ибраһим (а.с.) зайыбы мен Ұлы Исмайлға қорек ретінде азғантай құрма мен су тастап, Аллаһ Тағалаға деген тәуекелін берік ұстап, ол жерден ұзақтат түсті. Қорек пен суға тапшы мына шөлде Хажар анамыз бен баласы Исмайлға өмір сүру күннен-күнге қиындай түсті. Бірақ өздерін сол жерге қалдырып кетуді жаратқан иелері Аллаһ Тағаланың өзі бұйырған болса, Хажар анамыздың бостан-бос қам жеп, уайымдауы орынсыз еді. Өйткені, әлсіз құрт, құмырсқа сияқты жәндіктерге ризық берген Аллаһ оларды жапан далаға тастап, ұмыт қалдыруы мүлдем мүмкін емес. Міне, сондықтан Хажар атамыз: «Аллаһ Тағала бізді қорғанда, мына сусыз шөл далаға бізді жалғыздан жалғыз, жәрдемсіз тастамайды» - деп, Ұлы Жаратушысына деген сенімін берік ұстап, Пайғамбарша тәуекел етті.
Уақыт жылжыған сайын Ибраһимнің (ах.) тастап кеткен азғантай суы таусылып, жас сәби Исмайл су сұрап жылай бастады. Ана байғұс сәбиінің шырылдауына шара таба алмай шарқ ұрып, зыр жүгіреді. Исмайлдың шырылдауына шыдап тұра алмаған ана өтіп бара жатқан тірі жанды кездестіріп қалармын деген үмітпен Сафа төбесіне шықты. Бірақ ешқандай тірі жанның карасы көрінбегеннен кейін Сафа мен Мәруа төбешіктерінің арасында алқынса да, «үмітсіз шайтан» дегендей ерсілі-қарсылы жүгіре бастайды. Мәруа төбешігіне жетінші рет шыққан кезінде құлағына беймәлім бір дауыс естіліп, қалт тоқтайды. Хажар атамыз: «Ей, дауыс несі Бізге даусыңды естірттің, егер бізге көмектесе алатындай күшін болса, көмектес», - деді. Хажар анамыздың осы мінәжаты бітісімен Зәмзәм бұлағының жанында періште Жебірейіл (ах.) көрінді. Жебірейіл (ах.) жерді қазын жатыр екен. Әне-міне дегенше су көрініп, аға бастады. Бұл құбылысқа қатты қуанып кеткен Хажар атамыз су ақпасын деген мағынада «зәм-зәм» дейді. Судың алдын бекітіл, кішігірім хауыз жасады. Ыдысына су алған сайын, орнына су қайнап шыға берді. Ыдысты суға толтырғаннан кейін мүбәрак судан қанып ішіп, Ұлы Исмайлды емізе бастады. Жебірейіл (ах.) Хажар анамызға былай деді: «Жоқ болып құрып кетеміз деп корықпаңдар. Міне, мына жер - Бәйтуллаһтың (Қағбаның) орны. Оны мына сәби мен әкесі салады. Аллаһ Тағала бұл үйді салатындарды зиянға ұшыратпайды». Міне, Зәмзәм суының шығу тарихы осылай. Қазіргі кездегі қажылардың Сафа мен Мәруа төбелерінің арасында жүгірулерінің хикметі - Хажар атамыз бен Ұлы Исмайлдың басынан өткен осы бір ғибратты оқиғаны сезіну және жандандыру. Зәмзәм суы - мүбәрак және киелі су. Пайғамбарымыз (с.а.у.) зәмзәм суының қасиеттері жайында: «Зәмзәм суын қандай мақсатпен ішетін болса, сол мақсатқа пайдалы» - деген. Яғни, ауруыма шипа болсын деп ішсе ауруына шипа, азық болсын деп ішсе, азық болады. Хажар анамыз бен ұлы Исмайл ұзақ уақыт басқа азық жеместен зәмзәм суымен қоректенген.
Басқа ғибадаттар сияқты сағидің де сүннеттері бар. Бұл сүннеттерді орындау - үлкен сауатты іс. Бірақ істелмей қалған жағдайда күнә болмайды.
Шашты ұстарамен түгелдей алу немесе қайшымен қысқарту - қажылық және умра уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Одан кейін (шаштарыңды, тырнақтарыңды алып) кірлерінді кетіріндер...» (Хаж, 22/29),-дейді. Әнас (Аллаһ одан разы болсын) былай деп риуаят жасады: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) жәмраға келіп, шайтанға тас лақтырған соң, Минадағы орнына барып, құрбан талды. Одан кейін ұстарашыға «шашымды ал» - деп, алдымен оң жағына, сосын сол жағына ишарат етті. Сосын оны адамдарға бере бастады» (Муслим, Хаж, 323/1305). Шашты түгелдей ұстарамен алғызу - қайшымен қысқартудан абзал. Әйелдердің шаштарын тақырлан алғызулары мәкрүһ. Шаштарынын ұшынан кішкене қысқартса, жеткілікті. Имам Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша, қажылық және умра үшін шашты Харам аумағында алғызу немесе қысқарту - уәжіп. Харам аумағынан басқа жерде алғызып немесе қысқартқан жағдайда жаза ретінде құрбан шалынады. Шаштың төрттен бірін тақырлатып алғызып немесе төртте бірінің ұшынан қысқартқан жағдайда бұл міндет атқарылған болып, ихрамнан шығады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) соңғы қажылығында Құрбан айтының алғашқы күні Муздәлифәдан Минаға келіп, Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тас лақтырған соң, кұрбанын шаяды, сосын шашын алғызды және зиярат тауабын жасады. Міне, сондықтан Имам Әбу Ханифа бойынша тәматтуғ немесе қиран Қ-ғын ниет еткендердің айттың алғашқы күні Үлкен шайтанға тас лақтырған соң құрбан шалып, сосын шаш алғызып немесе қысқартулары уәжіп. Яғни тәматтуғ және қираң қажылығында Үлкен шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алдыру, яки қысқарту амалдарын рет-ретімен орындау - уәжіп. Ал, ифрад Қажылығында Үлкен шайтанға тас лақтырғаннан кейін шаштарын алғызулары немесе қысқартулары - уәжіп. Бұларды рет-ретімен орындамаса, жаза өтеледі. Зиярат таубын осы міндеттерді орындағаннан кейін істеу - сүннет. Шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алғызудан бұрын немесе бұлардың араларында зиярат тауабын істеу сүннетке сай орындалмағаны мәкрүһ, бірақ жаза өтеу керек емес. Имам Юсуп және Имам Мұхаммед бойынша, қажылықта шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алу міндеттерін рет-ретімен орындау уәжіп емес, сүннет. Рет-ретімен орындалмаса да, жаза өтелмейді. Шашты алғызу немесе қысқарту арқылы ихрамнан шығады. Ихрамды уақытта харам етілген әтірлену, шаш, сақал бояу сияқты барлық нәрселер қайтадан халал болады. Бірақ әйелімен жақындасу - шашты алғызып немесе қысқартыл, зиярат тауабын жасағаннан кейін ғана халал.
Қоштасу (уадағ) тауабы - қажылықтың соңғы амалы. Алыстан келген қажылардың отандарына қайтпас бұрын ихрамнан шыққан соң қоштасу тауабын жасаулары - уәжіп.
Зиярат тауабын орындамай тұрып жасалған қоштасу тауабы дұрыс емес. Бұл тауапты миқаттан шыққанға дейінгі кез келген уақытта істей алады. Меккеден шығар кезде қоштасу тауабын жасау - абзал. Бірақ бұл шартты одан да бұрын жасауға болады. Егер бұрын жасалынса, Меккеден шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын жасаған соң Қағбаға барып, намаз оқып, нәпіл тауап жасауға болады. Бұндайда ең соңғы жасаған нәпіл тауабы - қоштасу тауабы ретінде есептелінеді.
Қажылықтың парыздары, уәжіптері сияқты сүннеттері де бар. Сүннеттерді орындау - үлкен сауапты іс. Ал, себепсіз орындамау - мәкрүһ. Бірақ істелмеген жағдайда жаза талап етілмейді. Қажылық ғибадатының қалай атқарылатынын Пайғамбарымыз (с.а.у.) іс жүзінде көрсеткен және «Қажылық мәнасикіні (қажылықтың арнайы амалдары) менен үйреніңдер, менің істегенім сияқты істеңдер» (Муслим, 2/943), - деп бұйырған. Міне, сондықтан кәміл қажылық сүннеттердің де қалдырылмай толық орындалуы арқылы жүзеге аспақ. Қажылықтың сүннеттері «негізгі сүннеттер» және «тармақ сүннеттер» болып екіге бөлінеді. Тармақ сүннеттер қажылықтың парыздары мен уәжіптеріне байланысты болғандықтан, Қ-тың парыздары мен уәжіптерімен бірге қарастырылды.
Қадум (араб тілінде) - бару, жету сияқты мағыналарды білдіреді. Қадум тауабы - Меккеге келген уақытта Қағбаға сәлем ретінде жасалатын алғашқы тауап. Миқат шекараларының сыртынан келетін ифрад және қиран Қ-тарын орындайтын қажылар үшін қадум тауабы - сүннет. Умра немесе тамматуғ қажылығын орындайтындар, микат шекарасының ішінде тұратындар, ифрад қажылығын орындаушысы бола тұра Меккеге келместен Арафат тауына шыққандар, хайыз, нифас сияқты жағдайларға байланысты бұл тауапты жасай алмай Арафатқа шыққан әйелдер қадум тауабын кейін жасамайды. Қадум тауабы Меккеге келген уақыттан бастап, Арафатта уақфа жасағанға дейінгі уақыт аралығында жасалады. Қадум тауабы зиярат тауабы сияқты орындалады.
Қажылықта үш жерде хұтпа оқылу - сүннет. Біріншісі, Арафа күнінен бір күн бұрын Харам-Шәріфте (Масжидул - Харам) бесін намазынан кейін; екіншісі, Арафа күні түстен кейін Нәмира мешітінде намаздыгер уақытында қосылып, бірге оқылатын бесін және намаздыгер намаздарынан бұрын; үшіншісі, аштың екінші күні бесін намазынан бұрын Минала Масжидул-Хайфада оқылады.
Арафаға қараған түнді Минада өткізу - Қажылардың Зилхижжаның 8-ші күні, күн шыққаннан кейін Минаға қарай бет алып, сол күнгі бесін, намаздыгер, ақшам, құптан және Арафа күнінің таң намазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафатқа баруы - сүннет.
Құрбан айтқа қараған түнді Муздәлнфәда өткізу - Арафа күні күн батқаннан кейін қажылардың Арафаттан Муздәлифәға барып түнеп, таң намазынан кейін жарық түсе Минаға қарай жүрулері сүннет.
Айт күндерінде Минала қалу - Айт күндерге , яғни Зилхижжаның 10,11,12-ші күндері Минада калып түнеу - Ханафи мазһабында - сүннет, қалған мазһабтарда- уәжіп.
Қажылық ғибадатын адал еңбекпен тапқан қаржымен орындау. Харам ақшамен орындалған қажылықпен парыз мойнынан түссе де, бұндай қажылықтың сауабы болмайды.
1. Ихрам. Қажылық амалдары ихрамға кіру арқылы басталады. Ихрамға кірмес бұрын тырнақтарын және қолтықтың, ұятты жердің түктерін алып, мүмкіншілік болса, ғұсыл (денені толық жуу) кұйынып, болмаса дәрет алады. Денеге байланысты осы аталмыш дайындықтарды атқарғаннан кейін ер кісілер әдеттегі киімдерін шешіп, рида (белден жоғары қарай жабылатын сүлгі яки мата) және изар (белден төмен қарай жабылатын сүлгі яки мата) деп аталатын екі бөлік матамен оранады. Бастарына еш нәрсе жабуға болмайды. Аяқтарына тәпішке киеді. Ал әйелдер әдеттегі киімдерін ауыстырмайды. Оларға тігілген киім, жабық аяқ киім, шұлық киюлеріне болады. Тек қана беттерін жаппайды. Ер кісілер де, әйел кісілер де мәкрүһ уақыт болмаса, екі рәкат «ихрам намазын» оқиды. Бұл намаздың бірінші рәкатында «Кафирун» сүресін, екінші рәкатында «Ықлас» сүресін оқиды. Одан кейін ниет етіп, тәлбия айтып, ихрамға кіреді.
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қажылық ғибадатын орындауға ниет еттім, қажылықты маған жеңілдет және оны менен қабыл ал» - деп, тек қана Қажылыққа ниет етіп, артынан «Ләббайк Аллаһумма ләббайк, ләббайка лә шәрикә ләкә ләббайк, инналхамда уанни'мәтә ләкә уалмулка лә шәрика ләк», - деп тәлбия айтады.
Тәматтуғ қажылығын орындайтындар - «Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра жасауды ниет еттім. Умраны маған жеңілдет және менен оны қабыл ал» - деп тек қана умраға ниет етіп, артынан тәлбия айтады.
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра және қажылық ғибадатын орындауды ниет еттім. Қажылық пен умраны маған жеңілдет және оларды менен қабыл ал» - деп қажылық пен умраға бірге ниет етеді. Сосын тәлбия айтады. Ниет және тәлбия айту арқылы ихрамға кірелі. Ихрамға кіргеннен кейін ихрамда тыйылған барлық тыйымдар басталады. Қағбаға жеткенге дейін жол бойы тәлбия: «Ләббайк Аллаһумма ләббайк, ләббайка лә шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанниғмәтә ләкә уалмулка лә шәрика ләк» және тәкбір: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһә иллаллоһу уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уә лиллаһилхамд» және тәһлил: «Лә иләһә иллаллоһу уахдаһу лә шәрика ләк, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуа а'ла кулли шайин қадир» - дұғалары және Пайғамбарымызға салауат айтылады. Әсіресе, жоғары шыққан, төмен түскен уақытта, басқа қажылармен кездескен уақытта, намаздардың соңында жалпы әр мүмкіншілікті осындай қасиетті зікірлерді айтумен өткізу керек. Тәлбия қажылықта құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) тас лақтыруды бастаған уақытта, умрада Мәсжидул-Харамның есігіне жеткен уақытта тоқтатылады. Меккедегі тұратын үйіне немесе қонақ үйіне барғаннан кейін, мүмкіндік болса, ғұсыл болмаса дәрет алып, Мәсжидул-Харамға тәлбия айтып барады. Байтуллаһты (Қағбаны) көрісімен үш рет тәкбір және тәһлил айтып, дұға жасалады.
Мәсжидул-Харамда тауап жасау тахйиатул-мәсжид (мешітке сәлем беру) намазы ретінде жүргендіктен, егер парыз намазы окылып жатпаса, дереу тауапты бастайды. Ифрад Қажылығында алғашқы жасалатын тауап - «қадум тауабы», ал тәматтуғ және қираң қажылығында болса - «умра тауабы». Ифрад қажылығын орындау үшін ихрамға кіргендер: «Аллаһым, сенің ризалығың үшін қадум тауабын жасауды ниет еттім. Қадум тауабын маған жеңілдет және оны менен қабыл ал», - деп ниет етіп, тауапқа бастайды. Арафаттан қайтқаннан кейін зиярат тауабының артынан жасалатын қажылық сағиін қадум тауабынан кейін де жасауға болады. Қадум тауабынан кейін Қажылық сағиі жасалмайды болса, тауапта изтиба және рәмәл жасалмайды. Тауап жасаған соң намаз оқи алатындай орын тапса. Ибраһим мақамында, ал, егер қатты тығыз болып, орын болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат тауап намазы оқылып, артынан тауап дұғасы жасалып, зәмзәм суы ішіледі. Сосын қаласа тәматтуғ және қираң қажылығын орындаушылар умра сағиін, ифрад қыжылығын орындаушылар қажылық сағиін жасауларына болады. Ифрад қажылығын орындайтындар қажылық сағиін жасау арқылы ихрамнан шықпайды. Ихрамды күйде қажылықтың қалған амалдарының орындалатын күндерін күтеді.
Тәматтуғ қажылығын орындайтындар миқатта тек қана умра үшін ниет еткендіктері үшін: «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім, умра тауабын маған жеңілдет және менен қабыл ал», - деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, екі рәкат тауап намазын оқығаннан кейін зәм-зәм суын ішеді. Сосын умраның сағиін жасау үшін Сафа төбесіне барып, умра сағиін жасап, шашын алғызып, яки қысқартып ихрамнан шығады. Қ-қа ниет етіп, қайтадан ихрамға кіретін зилхижжаның сегізінші күніне дейін Меккеде ихрамсыз күйде бола- ды. Зилхижжаның сегізінші күнінде: «Аллаһым, сенің ризалығың үшін қажылық ғибадатын орындауға ниет еттім. Қажылықты маған жеңілдет және оны менен қабыл ал», - деп ниет етіп, тәлбия айтып, қайтадан ихрамға кірелі. Нәпіл тауап жасап, артынан зиярат тауабынан кейін жасалатынқажылық сағиін жасауға болады. Нәпіл тауаптан кейін қажылық сағиі жасалған жағдайда зиярат тауабынан кейін екінші рет жасалмайды. Қиран қажылығын орындайтындар миқатта ихрамға кірер кезде умрамен бірге қажылық ғибадатын да орындауды ниет еткендіктері үшін: «Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім. Умраны маған жеңіл жаса және оны менен қабыл ал», - деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, артынан тауап намазын оқиды. Сосын зәмзәм суын ішіп, Сафа және Мәруа төбелеріне барып, умраның сағиін жасайды. Умра сағиін жасаған соң шаштарын алғызуға, қысқартуға болмайды. Ихрамнан шықпайды. Біраз уақыт дем алғаннан кейін қадум тауабын жасап, тауап намазын оқыған соң, қаласа, Қажылық сағиін жасауларына болады. Тамматтуғ және қиран қажылықтарында умра тауаптарынан кейін умраның сағиі орындалатындықтан тауапта изтиба және алғашқы үш айналымында «рәмәл» жасалады.
Қажылықтың ифрад, тәматтуғ, қиран түрлерінің қайсысын орындаса да, барлық қажылар зилхижжаның сегізінші күні Меккеден шығып, Минаға барып түнеп, ертесі Арафатқа барады немесе сегізінші күні тікелей Арафатқа тартады. Бұдан кейін барлық қажылардың орындайтын амалдарында еш өзгеріс жоқ.[1]
Қазақ даласына сапар сегізінші ғасырдан бастау алады. Бұл Араб Халифатының қазақ даласына ықпал етуімен байланысты. Ислам дінінің қазақ жеріне енуіне 751 жылы Тараз қаласының маңында болған Атлах шайқасының мәні зор. Себебі бұл ұрыста араб әскері мен Қытайдың Тан династиясының қалың қолы кездесті. Қарлұқ пен Түркеш мемлекеттері араб әскерімен қосылып, қытай әскерін ойсырата жеңді. ХІХ - XX ғасырлардың бсында қажылық парыз өтеу қиындық соқтырды. Біріншіден, сапардың қымбатқа соғуы, екіншіден, ХІХ ғ. екінші жартысында патша әкімшілігінің ислам дініне деген саясатының өзгеруі және қазақ халқын орыстандыру, ассимиляциялау мақсатына қарай бет бұрғызды. Үшінші кедергі қажылыққа с апардың нақты ұйымдастырылмағандығы және алаяқтардың көбейіп кетуі. Бүгінде ХІХ ғасырда қажылыққа барғандардың санын нақты айту қиын.[2] Себебі мұрағатта мәліметтер жазылмаған, десекте те қажылыққа барғандардың саны жылдан-жылға өскендігі белгілі. Лыкошиннің "Меккедегі қажылық статистикасы" атты мақаласында: "Қажылыққа баратындардың саны тұрақсыз болып келеді, бірақ өткен жылы Шымкент уезі бойынша қажылыққа барған адамдардың саны күрт өзерді. 5-парызын өтеушілер саны көбейіп, бір уезден 188 адам қажылыққа аттанды."[3] ХІХ ғ. мен XX ғ. бірінші жартысында
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.