Сәлде (араб.: عمامة‎, парсы: دولبند, dulband‎) — әлемнің көп елдерінде таралған бас киім. Ұлтқа, ұстанған дінге, мәдениетке байланысты сәлденің де түр-түсі жерден жерге өзгере береді. Үлкен сәлде киюмен танымал сикхалардың сәлделерінің ұзындығы 5 метрден 7 метрге шейін жетеді. Сонымен қатар туарегтердің де сәлделері оларға тән айырмашылық ретінде танымал. Сол сияқты Ислам дінін ұстанатын адамдар да сәлдені бас киім ретінде қолданып, оның түр-түсі олардың мазһабтары мен көздеген мақсаттарына байланысты әртүрлі боп келеді.

Quick Facts
Close
Thumb
Сәлде киген туарег

Шииттерде сәлде екіге бөлінеді:

  1. жәй адамдар, дін қызметкерлері мен білім ізденушілер киетін ақ түсті сәлде.
  2. шыққан тегі Мұхаммед пайғамбардан ﷺ тарайтын сәийдтер (қожалар) киетін қара түсті сәлде.

Әл-Азһар университетінің ғалымдары сәлдені қызыл түсті фесканың үстінен орап қолданады. Таяу Шығыста сәлде Еуропа монархтарының тәждері сияқты әмірлер мен патшалардың мәртебесін көрсететін қызмет атқарған.

Тағы қараңыз

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.